6001-23-00-3г/5404
ҰЙҒАРЫМ
2023 жылғы 30 қазан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің (әрі қарай -Департамент) жауапкерлер А[...], Е[...] ауылдық округі әкімдігіне, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ-не, «Сауран ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не Е[...] ауылдық әкімінің шешімін, жер учаскесін жалға беру туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Түркістан калалық сотының 2023 жылғы 12 шілдедегі шешімін және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы А[...] өкілі С[...] өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Департамент сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген. Түркістан калалық сотының 2023 жылғы 12 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Арызданушы сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Түркістан калалық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын. Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.