Қ А У Л Ы
2025 жылғы 24 желтоқсан 6003-25-00-2к/3156 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Б.Бастаубаев, судьялар А.Б.Тоқсанбаев, А.А.Даненова,
талап қоюшы талап қоюшының өкілі Г.Е.Назаркулова, жауапкер З.Ш.Махмудова, жеке нотариус Б.К.Кудайбергеновтің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен ашық сот отырысында талап қоюшы Эльбрус Шамилович Махмудовтың жауапкерлер Зоя Шамиловна Махмудованың, Түркістан облысының нотариаттық округінің нотариусы Батырхан Кожахметович Кудайбергеновке, үшінші тұлға «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Созақ аудандық бөліміне заң бойынша мұраға құқық туралы берілген куәліктерді жарамсыз деп тану туралы электронды азаматтық ісі бойынша қабылдаған Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымын қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Э.Махмудов сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюымен жүгініп, оны нотариус басқа мұраны нақты іс жүзінде қабылдаған мұрагерлердi анықтамай, мұрагерлiкке басқа мұрагерлерді шақырмай жасамағанымен негіздеп, Түркістан облыстық нотариаттық округінің нотариусы Б.К.Кудайбергеновпен 2024 жылдың 1 қазанында тізілімдері: №№170, 171, 172, 173, 175, 181, 182 тіркелген мұрагер З.Ш.Махмудованың атына берілген заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктерді жарамсыз деп тануды сұраған.
Созақ аудандық сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, мұра қалдырушы Р.Тагиеваның 2019 жылдың 24 сәуірінде қайтыс болғаннан соң ашылған жылжымалы және жылжымайтын мұралық мүліктердің ½ үлесіне Түркістан облыстық нотариаттық округінің нотариусы Б.К.Кудайбергеновпен 2024 жылдың 1 қазанында тізілімдері: №№170, 171, 172, 173, 175, 181, 182 тіркелген мұрагер З.Ш.Махмудованың атына берілген заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктер жарамсыз деп танылған.
Осы соттың 2025 жылғы 16 мамырдағы ұйғарымымен талап қоюшы Э.Ш.Махмудовтың жауапкерлер З.Ш.Махмудоваға, Түркістан облысының нотариаттық округінің нотариусы Б.К.Кудайбергеновке берген талап қоюының мұра қалдырушыдан қалған мұралық мүліктердің құрамынан жылжитын және жылжымайтын мүліктерді шығарып тастау туралы бөлігі қараусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы қаулысымен Түркістан облысының Созақ аудандық
сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы шешімінің күші жойылған. Талап қоюшы Э.Ш.Махмудовтың жауапкерлер З.Ш.Махмудованың, Түркістан облысының нотариаттық округінің нотариусы Б.К.Кудайбергеновке, үшінші тұлға «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Созақ аудандық бөліміне, заң бойынша мұраға құқық туралы берілген куәліктерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сот актісімен келіспейтінін көрсетіп, сот актісінің күшін жойып, Түркістан облысы Созақ аудандық сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы шешімін қалпына келтіруді сұраған.
Кассациялық сот талап қоюшының өкілінің шағым уәждерін қолдаған, жауапкерлердің шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қарсылықтарын тыңдап, шағым уәждерін тексеріп, төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы қаулысы күшінде қалдыруға жатады деп санайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 449-бабының 1-бөлігіне сәйкес, істi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша кассациялық шағымның дәлелдерi шегiнде сот шығарған сот актiсiнiң заңдылығын тексередi.
Сондықтан кассациялық сот істі шағым дәлелдері шегінде қарайды.
АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық алқа тарапынан істі қарау барысында мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмегені анықталды.
Тараптардың анасы Р.Тагиева 2019 жылғы 24 сәуірінде, ал әкесі Ш. Тағиев 2023 жылғы 1 сәуірде қайтыс болғаннан кейін ерлі-зайыптылардың ортақ жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне мұра ашылған.
Мұра қалдырушылар Р.Тагиева мен Ш.Тағиевтің олардың балалары: 1) Рида Шамиловна Алиева; 2) Шапига Байболова; 3) Жұлдыз Хожабергенова; 4) Хуршуд Шамильқызы Мустафаева; 5) Малахат Шәмілқызы Тагиева; 6) Кадир Шамилович Тагиев; 7) Пари Шәмілқызы Тагиева; 8) Казбек Шамилович Махмудов; 9) Эльбрус Шамилович Махмудов; 10) Зоя Шамиловна Махмудова; 11) Урият Шамиловна Махмудова бірінші кезектегі мұрагерлері болып табылады.
Мұра қалдырушы Ш.Тағиевтің артынан ашылған мұралық мүліктерге мұралық іс ашылып, мұрагерлер Р.Ш.Алиева, Ш.Байболова, Ж.Хожабергенова, Х.Ш.Мустафаева, М.Ш.Тагиева, К.Ш.Тагиев, П.Ш.Тагиева, З.Ш.Махмудова, У.Ш.Махмудова әкесінен қалған мұралық үлестерінен мұрагер Э.Ш.Махмудовтың пайдасына бас тартқан.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 1072бабына сәйкес, мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.
Мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi.
Мұрагердi бiр мезгiлде бiрнеше негiздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негiздердiң бiрi бойынша, оның бiрнешеуi бойынша немесе барлық негiздер бойынша өзiне тиесiлi мұраны қабылдай алады.
Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берiлмейдi.
Мұраны бiр немесе бiрнеше мұрагердiң қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердiң қабылдағанын бiлдiрмейдi.
Қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады.
Мұра қалдырушы Р.Тагиевадан қалған мұралық мүлік бойынша туындаған дау мұрагерлер арасында сот тәртібінде шешілген.
Түркістан облысының Созақ аудандық сотының 2024 жылғы 30 шілдедегі заңды күшіне енген шешімімен мұра қалдырушылар ерлізайыптылар Р.Тагиева мен Ш.Тағиевтің ортақ жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріндегі әрқайсының үлестері қайтыс болу жағдайларына байланысты ½ бөліктен тұрады деп анықталған, ал З.Ш.Махмудова мұра қалдырушы Р.Тагиеваның артынан ашылған мұраны қабылдаған деп танылған.
АПК-нің 76-бабы 2-бөлігіне сай соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мәнжайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.
Жоғарыда аталған шешімнің негізінде нотариус Б.К.Кудайбергеновпен мұрагер З.Ш.Махмудоваға мұра қалдырушы Р.Тагиеваның артынан ашылған мұралық мүліктерге мұралық іс ашылып, тек 2024 жылғы 1 қазанда №№170173,175,181-182 мұраның ½ үлесіне заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктер берілген.
Атап айтқанда:
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы, Ж.Өткелбаев көшесі, №676 ғимарат пен жер теліміне (тізілім №1418);
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы, № 032 квартал, ,№297 жер теліміне, кадастрлік №19-297-032-297 (тізілім №1414);
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы, № 032 квартал, №231 жер теліміне, кадастрлік №19-297-032-231 (тізілім №1421);
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы, № 032 квартал, №485 жер теліміне, кадастрлік №19-297-032-485 (тізілім №1448);
LADA-21214 маркалы, 2018 жылы шыққан, мемлекеттік тіркеу белгісі 251 KRB 13, автокөлігіне (тізілім №1417);
ГАЗ 3302-2288 маркалы, 2012 жылы шыққан, мемлекеттік тіркеу белгісі 253 XFY 13, автокөлігіне (тізілім №1416);
7)«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамындағы KZ8560144730000015591, KZ1760144731000105101, Z366014473100105147, KZ026014473100102752, KZ176014473100106071 шоттарындағы ақша қаражаттарына (тізілім №1413).
«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында 2024 жылғы 16 қазанда жоғарыда аталған нотариустармен берілген куәліктер негізінде жылжымайтын мұралық мүліктердің мұра қалдырушы Ш.Тағиевтің ½ үлесінің 10/11 үлесіне Э.Ш.Махмудовтың, мұра қалдырушы Р.Тагиеваның ½ үлесіне З.Ш.Махмудованың меншік құқықтары тіркелген, яғни екі мұрагерге теңдей бөлінген.
Талап қоюшы Э.Ш.Махмудов аталған куәліктерді жарамсыз деп тануға жатады деп есептеп, сотқа жүгініп, заң бойынша мұраға құқық туралы 2024 жылғы 1 қазанда берілген №№170-173,175,181,182 куәліктерді жарамсыз деп тануды сұраған.
Созақ аудандық соты, нотариус Б.К.Кудайбергенов мұра қалдырушылар Р.Тагиева мен Ш.Тағиевтың ортақ мүлкінің құрамын айқындамай, қайтыс болған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестеріне меншік құқығы туралы куәлікті бермей, мұра қалдырушы Р.Тагиеваның басқа мұрагерлерімен мұрадағы үлестерінің қабылданғанын немесе қабылданбағанын тексермеген деген тұжырымға келіп, талап қоюшының талап қоюын ішінара қанағаттандырған.
Апелляциялық сот алқасы аудандық соттың бұл қорытындысы іс бойынша анықталған мән-жайларға қайшы және сот тараптар арасында туындаған дауға материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбаған деп тұжырымдай келе, шешімнің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған.
Созақ аудандық сотының 2024 жылғы 30 шілдедегі заңды күшіне енген шешімімен мұра қалдырушылар ерлі-зайыптылар Р.Тагиева мен Ш.Тағиевтің ортақ жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріндегі әрқайсының үлестері қайтыс болу жағдайларына байланысты ½ бөліктен тұрады деп анықталған, ал З.Ш.Махмудова мұра қалдырушы Р.Тагиевадан қалған мұраны қабылдаған деп танылған. Соңғы он жылдан аса жауапкер З.Ш.Махмудова атааналарымен бірге тұрған, бұл уәж талап қоюшы тарапынан теріске шығарылмаған.
Көрсетілген шешім негізінде нотариус Б.К.Кудайбергеновпен мұра қалдырушы Р.Тагиевадан қалған мұралық мүліктерге мұралық іс ашылып, 2024 жылғы 1 қазанда №№170-173,175,181,182 мұраның ½ үлесіне З.Ш.Махмудоваға заң бойынша мұраға құқық туралы жеті куәлік берілген.
АПК-тің 76-бабы 2-бөлігіне сай соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мәнжайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.
Талап қоюшының өзінің анасы Р.Тагиева қайтыс болған кезде оның атында ешқандай мүлік тіркелмегені, әкесі басқарған шаруа қожалығында
анасы мүше болмағаны, сондықтан шаруа қожалығындағы мүліктерге анасының қатысы жоқ деген уәждерін апелляциялық соттың негізсіз деп танығаны дұрыс.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 33-бабы 1,2,3 тармақтарына сай ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ кіріс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiк, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, жарғылық капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражатын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлiзайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде жинаған басқа да кез келген мүлiк, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері және (немесе) нысаналы жинақ төлемдері есебінен сатып алынған мүлік ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.
Осыған байланысты апелляциялық алқа соты даулы куәліктерді жарамсыз деп тануға негіз жоқ деген тұжырымы негізді және заңды, себебі Созақ аудандық сотының 2024 жылғы 30 шілдедегі заңды күшіне енген шешімімен З.Ш.Махмудова мұра қалдырушы Р.Тагиевадан қалған мұраны қабылдаған деп танылған. Заңды күшіне енген сот шешімімен іс бойынша даулы болып отырған мән-жайлар анықталып, дәлелденген.
Іс бойынша барлық мән-жайлар алқа тарапынан дұрыс анықталып, іс қаралу барысында ұсынылған дәлелдерге сәйкес келеді және оларға тиісті құқықтық баға берілген. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген заң талабына сәйкес апелляциялық алқа сотының қаулысы күшінде қалдырылуға, ал талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы қаулысы күшінде, талап қоюшы Э.Ш.Махмудовтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Ғ.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
А.Тоқсанбаев
Судьялар
А. Даненова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.