6001-19-00-3г/8686
ҰЙҒАРЫМ
2020 жылғы 20 қаңтар Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова арыз беруші С[...] «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің есептен шығару туралы бұйрығын және тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану, тұрғын үйге мұқтаж жандар есебіне кезегін қалпына келтіруге міндеттеу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының 2019 жылғы 8 тамыздағы шешіміне және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 12 қарашадағы қаулысына «НұрСұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ :
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының 2019 жылғы 8 тамыздағы шешімімен арыз қанағаттандырылған.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта арыз беруші істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылуына байланысты азаматтық іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438 - бабын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.