№6003-26-00-2к/12 (2)
ҚАУЛЫ
2026 жылғы 21 сәуір Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Ж.К.Рустембеков, судьялар Л.Б.Мамырбаева, А.О.Тогумбетова, прокурор К[...],
талап қоюшының өкілі М[...], жауапкер Абай облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімінің өкілі Е[...], жауапкер А[...], оның өкілі Д[...] қатысуларымен, бейнеконференциялық байланыс арқылы, ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі -Департамент) жауапкерлер «Абай облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі -Жер қатынастар бөлімі), А[...] мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкер А[...] Абай облысы Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешіміне және Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Департамент жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жү ауданаралық сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Жер қатынастар бөлімі мен А[...] арасында жасалған 2021 жылғы 30 қарашадағы №892 жер учаскесін жалға алу шарты, 2022 жылғы 1 шілдедегі №534 жалға алу шартына қосымша келісімі, 2021 жылғы 30 қарашадағы №202 жалдау құқығын сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Жауапкер А[...] кассациялық шағымында төменгі сатыдағы соттар істің мән-жайын дұрыс айқындамағанын, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанын, оған жер учаскесі заң талаптарына сай берілгенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Кассациялық сот іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін, прокурордың сот актілері заңды деген қорытындысын тыңдап, іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді зерделеп, кассациялық шағымның уәждерін талқылап, келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Төменгі сатыдағы соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі - Жер кодексі) 44-бабының 1-тармағының 4-бөлігіне сәйкес (жауапкерге жер берілген кезде қолданыста болған) , облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының не орналасу схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Жер кодексінің 109-бабының 1-тармағына сәйкес, қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.
Іс материалдарына қарағанда, 2021 жылдың 11 қарашадағы №54-P аукцион хаттамасы негізінде Семей қаласы, Юность шағын ауданында орналасқан, көлемі 0,0848 гектар, нысаналы мақсаты: қоғамдық монша кешенін салу және қызмет көрсету үшін Семей қаласы, [...] жер учаскесі бойынша аукцион жеңімпазы А[...] болып танылған.
Аукцион қорытындысы негізінде жауапкерлердің арасында 2021 жылғы 30 қарашадағы №892 жер учаскесін жалдау шарты, 2022 жылғы 1 шілдедегі №534 жалдау шартына қосымша келісім, 2021 жылғы 30 қарашадағы №202 жалдау құқығын сатып алу-сату шарты жасалған.
Департаментпен 2024 жылғы 13 мамырдағы №69 тексеруді тағайындау актісі негізінде Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппаратына қатысты жер учаскесін беру кезіндегі тыс тексеру жүргізілген.
2024 жылғы 21 мамырдағы №68/33 заң бұзушылықты жою туралы нұсқамасында көрсетілгендей, 2024 жылдың 17 мамырдағы №425/531 сәулет және құрылыс бөлімінің мәлемдемесіне сәйкес Семей қаласы, [...] жер учаскесі жоспарлау жобасы бойынша қалыптасқан орта қабатты тұрғын үй құрылысы, ортақ пайдаланатын жерлер аумағына жататындығы баяндалған.
Жоғарыда көрсетілген жер учаскесінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмейтініне қарамастан, оның жауапкер А[...] 5 жыл мерзімге уақытша ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілуі Жер кодексінің 109-бабы 1-тармағының нормаларының бұзылғанын растайды.
Департаменттің 2024 жылғы 21 мамырдағы №68/33 заң бұзушылықты жою туралы нұсқамасына белгіленген тәртіппен шағым беріліп, дауланбаған.
Сотта істі қарау барысында 2014 жылғы 6 маусымда Семей қаласы әкімінің қаулысы негізінде қаланың сол жағалаулық жоспарламалық аймағының нақты жайғастыру жобасы бекітілгені, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында автокешенді (ашық және жабық үлгідегі өзін-өзі жуу орнын, дөңгелек жөндеу, техникалық қызмет көрсету станциясын және автобөлшектер дүкенін) салу және қызмет көрсету үшін қарастырылмағаны анықталған.
Сондықтан, бірінші сатыдағы сот даулы жер учаскесі жер заңнамасы нормаларына қайшы берілген деген негізді тұжырым жасаған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 158бабының 1-тармағына сәйкес, мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер АК-те және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
Ж[...] арасындағы мәмілелердің мазмұны жер заңнамасы талаптарына сәйкес келмегендіктен сот оларды дұрыс жарамсыз деп тапқан.
Апелляциялық сот істің мән-жайын тексеріп, бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымдарымен толықтай келіскен.
Жауапкер өкілінің кассациялық шағымында келтірген уәждері негізсіз, олар соттардың қарау нысаны болған және дауланған сот актілерінде оларға тиісті құқықтық баға берілген. Кассациялық шағымда жаңа фактілер мен негіздемелер келтірілмеген. Істі қарау барысында жергілікті соттар тарапынан материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол берілмеген.
Жауапкер өкілінің іс бойынша анықталған мән-жайлармен келіспеуі дауланып отырған сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз бола алмайды.
Істің мұндай тұрғысында, кассациялық сот дауланып отырған сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Абай облысы Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешімі және Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкер өкілі Д[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші, судья: Ж.Рустембеков
Судьялар: Л.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.