Кассационный суд Республики Казахстан по уголовным делам - Постановление от 18.09.2025 по делу 6003-25-00-3к/155 (Об административном правонарушении)

6003-25-00-3к/155

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 18 қыркүйек Астана қаласы

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші- судья Қ.А .Мусетов, судьялар М.К.Сатыбалдин, Г.Б.Даулетова, Қазақстан Республикасының Бас прокур орының аға көмекшісі А.Төремұратұлының,

өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргіз іліп жатқан тұлға М.Қ.Досанов ты ң , оның қорғаушысы- адвокат А.А.Исмаиловтың қатысуларымен, кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2024 жылғы 26 қарашадағы және Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы қаулыларына Қылмыстық істер жөніндегі к ассациялық сот төрағасының ұсынуы мен келіп түскен

Мерейжан Қуанбекұлы Досановқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2024 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен Мерейжан Қуанбекұлы Досанов ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Маңғыстау облыстық сотының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Қылмыстық істер жөніндегі к ассациялық сот төрағасының ұсынуында құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот қаулыларын қайта қарауды сұраған.

Сот актілерінің күшін жоюды сұраған М.Қ.Досанов ты ң, оның қорғаушысыадвокат А.А.Исмаиловтың пікірлерін, ұсынуды қолдаған прокурор А. Төремұратұлының пікірін тыңдап, іс

материалдарын зерделеп, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 822-бабының 2-бөлігі бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс. ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.

Сот қаулыларына сай, М.Қ.Досанов 2024 жылғы 20 сәуір күні сағат 02:59 шамасында Бейнеу селосы Д.Тәжиев көшесі тас жолында «Toyota Hilux» маркалы, мемлекеттік тіркеу белгісі 499AEJ12 санды көлік құралын алкогольді масаю күйінде басқарған. ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

ӘҚБтК-тің 744-бабы 3-бөлігіне сәйкес он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ шетелдiкті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жiберу немесе адамға берiлген арнайы құқықтан (көлiк құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы мiндеттi.

Алайда, іс материалдарындағы аудио,- бейнежазбадан бірінші және апелляциялық сатыдағы сот отырысына құқық бұзушы М.Қ.Досанов қатыспағаны көрінеді. ӘҚБтК-нің 843-бабының 1- бөлігіне сәйкес осы Кодекстiң процестік нормаларын елеулі түрде бұзу деп іс бойынша іс жүргiзу және оны қарау кезiнде осы Кодекстің қағидаттарының және iске қатысатын тұлғалардың заңмен кепiлдiк берiлген

құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу рәсiмдерiн сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзге жолмен кедергi келтiру арқылы заңды және негiзделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн өзге де жалпы ережелерiнiң бұзылуы танылады.

Бірінші сатыдағы сот өз қаулысында істі әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамсыз қарауды шешкен, алайда бұл сот тұжырымы ӘҚБтК-тің 744- бабының 3-бөлігінде көрсетілген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезінде әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адамның қатысуы міндетті деген заң талаптарын, яғни құқық бұзушының өзін өзі қорғау конституциялық құқығын бұзған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 840- бабына сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер болып табылады. Осы істі қарау барысында бірінші сатыдағы сотпен қабылданған сот қаулысының күшін жоюға әкелетін заң бұзушылықтар орын алған.

Соған қарамастан апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіскен. ӘҚБТК-нің 843- бабының 5- бөлігіне сәйкес, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде процестік нормалардың қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берiлсе, судья iсті қарауды жүргiзеді, бұл ретте жол берiлген бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, тиiсінше сот, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) қаулысының күшiн жояды және iсті қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.

К ассациялық сатыдағы сотпен істі қарау барысында ӘҚБтКнің 744- баптың талаптарын түсіндіру арқылы, сондай- ақ іс жүргізу тілін, қорғауды қамтамасыз ету жолымен процессуалдық бұзушылықтар жойылды, М.Қ.Досанов сотта тыңдалды.

Сондықтан кассациялық сот жергілікті соттармен жіберілген елеулі заң бұзушылықты жойып, жаңа қаулы қабылдап, құқық бузушыны ӘҚБтК-нің 608- бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танып, оған аталған бап бойынша әкімшілік жаза тағайындағанды дұрыс деп табады, өйткені М.Қ.Досановтың кінәсі істегі жиналған дәлелдемелермен және істі қарау барысында толықтай дәлелденген.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды назарға ала отырып, соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында біркелкіліктің бұзылуына байланысты ӘҚБтК-нің 851-бабының тәртібімен іс бойынша шығарылған сот қаулыларының күші жойылуға, іс бойынша жаңа қаулы қабылдануға жатады. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандыруға жатады. ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот, ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша Мерейжан Қуанбекұлы Досановқа қатысты Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2024 жылғы 26 қарашадағы және Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы қаулыларының күші жойылсын, іс бойынша жаңа қаулы қабылдансын.

Мерейжан Қуанбекұлы Досанов Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалсын.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

Қ.А.Мусетов

М.К.Сатыбалдин

Судьялар

Г.Б.Даулетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.