ҚАУЛЫ
2026 жылғы 12 наурыз 6003-25-00-2ки/31(2) Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші судья - М.А. Манабаева,
судьялар - Н.Е. Нуралыева, Е.Б. Тулеев,
прокурор Л. Жоламанова, аудармашы Е.А. Төкеш, талап қоюшының өкілдері С.А.Бәкір, Д.М. Сейфулин, жауапкердің өкілі Е.Д. Сатаевтың қатысуымен,
ашық сот отырысында 2025 жылғы 23 маусымдағы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне және 2025 жылғы 20 тамыздағы Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысына талап қоюшыдан және жауапкерден түскен кассациялық шағымдарымен талап қоюшы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жауапкер «OIL RELOADING CORP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Cеріктестік) айыппұл өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық (электрондық) істі қарап
АНЫҚТАДЫ:
Министрлік 2002 жылғы 4 қарашадағы №1027 келісімшарт және 2021 жылға арналған жобалық құжаттамада көзделген 2020 жылғы 3 шілдедегі №4830-УВС келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін Cеріктестіктен 2021 жылға 116 680 000 теңге (40 000 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі ‑ АЕК), 2022 жылға 122 520 000 теңге (40 000 АЕК) және 2023 жылға 138 000 000 теңге (40000 АЕК) сомасына тұрақсыздық айыбын өндіру талабымен сотқа жүгінді.
2025 жылғы 23 маусымдағы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қоюшының талаптары ішінара қанағаттандырылды. Соттың шешімімен жауапкерден мемлекет кірісіне 2022 жылғы көрсеткіштерді орындамағаны үшін 122 520 000 теңге, 2023 жылғы көрсеткіштерді орындамағаны үшін 138 000 теңге айыппұл сомасы және 7 815 600 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді. Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылды.
2025 жылғы 20 тамыздағы Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде қалдырылған.
Кассациялық шағымдарда талап қоюшы төменгі саты соттарының сот актілерін өзгертуді және талап қоюды толық қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Кассациялық шағымдарда жауапкер төменгі саты соттарының сот актілерін өзгертуді, талап қоюшының 2022 жыл 122 520 000 теңге, 2023 жылғы 138 000 000 теңге мөлшеріндегі айыппұлдарды және 7 815 600 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж өндіру туралы талаптарының қанағаттандыру бөлігінде күшін жойып, осы бөлігінде талап қоюшының талаптарын толық көлемде қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауын сұраған.
Шағым уәждерін толық қолдаған тараптардың түсінігін, прокурордың қортындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.
2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Іс материалдарынан тараптар арасында Ақтөбе облысындағы Қопа кен орнында көмірсутектерді өндіруге арналған 2020 жылғы 3 шілдедегі №4830УВС келісімшартының (бұдан әрі ‑ Келісімшарт) негізінде туындаған шарттық қатынастар бар екендігі шығады. Бұрын көрсетілген құқықтық қатынастар 2002 жылғы 4 қарашадағы №1027 келісімшартпен реттелген, оның қолданыс мерзімі 2021 жылғы 20 қаңтарда аяқталды.
Келісімшарттың 37-тармағына сәйкес Серіктестік көмірсутектерді өндіру көлемінің көрсеткіштерін (37-тармақтың 7) тармақшасы) және пайдалану ұңғымаларын іске қосу көрсеткіштерін (37-тармақтың 9) тармақшасы) сақтауға міндетті. Бұл ретте көрсетілген көрсеткіштердің мәндері Келісімшартқа енгізілмейді және жобалық құжаттарға сүйене отырып айқындалады.
Келісімшарттың 37-тармағының 7) және 9) тармақшаларына сәйкес Келісімшарт бойынша жер койнауын пайдаланушының міндеттемелері ретінде ол бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының баска заңдарында көзделген сараптамалардың оң корытындысын алған жобалау кұжаттардың мынадай көрсеткіштерін, атап айтқанда көмірсутектерді өндіру көлемдері, пайдалану ұңғымаларын іске қосу көрсеткіштерін сақтау белгіленеді деп қарастырылған.
Осылайша, жобалық құжатта көзделген ұңғымаларды іске қосу және өндіру көлемінің көрсеткіштері ұсыным болып табылатындығы туралы апелляциялық шағымның уәждері заңды түрде міндетті болып табылмайды және Келісімшартпен оларды орындамағаны үшін жауапкершілік тікелей көзделгендіктен санкциялар үшін негіз бола алмайды.
2019 жылы бекітілген игеру жобасына сәйкес «Қопа кен орны бойынша игерудің негізгі технологиялық көрсеткіштерінің сипаттамасы. Игеру нұсқасы 2 (ұсынылатын) 4.1.1-кесте бекітілген:
- «бұрғылаудан өндіруші ұңғымаларды іске қосу» бағанында 2021 жылы ‑ 1 ұңғыма, 2022 жылға ‑ 2 ұңғыма, 2023 жылға ‑ 3 ұңғыма;
-«мұнай өндірудің жоспарлы көлемі» бағанында 2021 жылға ‑ 24,4 мың тонна, 2022 жылға ‑ 30,9 мың тонна, 2023 жылға ‑ 35,0 мың тонна белгіленген.
Лицензиялық - келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есепке сәйкес:
2021 жыл ‑ 0 ұңғыма, 2022 жылғы ‑ 0 ұңғыма, 2023 жылға ‑ 0 ұңғыма (факт 1);
мұнай өндіру 2021 жылы ‑ 24,4 мың тонна, 2022 жылы ‑ 13,616 мың тонна, 2023 жылы ‑ 11,5 мың тонна.».
Жоғарыда баяндалғаннан Серіктестік 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде ұңғымаларды іске қосуды орындамағаны және көмірсутектерді өндіру көлемі бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындамағаны анықталды.
2024 жылғы 15 шілдеде №06-12/4723-И және 2024 жылғы 30 қазанда №06-12/7667-И берешек сомаларын төлеу және келісімшарт бойынша міндеттемелердің бұзушылықтары туралы хабарламалар жіберілді. 2024 жылғы 12 желтоқсанда жер қойнауын пайдаланушы хабарламалармен келіспейтіндігі жөнінде хат жіберді.
2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі ‑ Кодекс) 133-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген міндеттемелерін бұзғаны үшін келісімшартта белгіленген жағдайларда, тәртіппен және мөлшерде жер қойнауын пайдаланушы төлейтін тұрақсыздық айыбы түріндегі жауаптылық көзделеді.
Келісімшарттың 89-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың 37-тармағында көрсетілген жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бірін орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін 20 000 АЕК мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде жауапты болады.
Мұндай мән - жәйларда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың тұрақсыздық айыбын өндіру үшін негіздің болуы туралы қорытындысын кассациялық сот дұрыс деп таниды. Кодекстің 80-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта немесе лицензияда көзделген міндеттемелерді бұзу осы Кодекстің Ерекше бөлігінің ережелеріне сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығына алып келеді. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт және лицензия шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы шарттардың бұзылғандығын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе лицензиялар бойынша міндеттемелерін бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы мерзімнің және оны есептеу тәртібінің өзгеруіне алып келмейді.
Жауапкер бірінші сатыдағы сотта талап қоюшының 2021 жылғы екі жоспарлы көрсеткішті бұзғаны үшін 40 000 АЕК мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талабына талап қою мерзімінің қолданылғаны туралы мәлімдеді.
Кодекстің 66-бабының 2-тармағы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару арқылы жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік орган) осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған есептерді, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторингтеу деректерін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін құзыретті орган айқындайды деп көрсетілген.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелікөнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларына сәйкес, лицензиялықкелісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есеп көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен (https://egsu.energo.gov.kz интернетресурсы арқылы) тоқсан сайын, тиісті нысандар бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей ұсынылады.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларының» (бұдан әрі ‑ Қағида) 2-тармағында жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердi орындауының мониторингiн (бұдан әрi ‑ мониторинг) жер қойнауын пайдаланушылар Кодекстің 132-бабының 2) ‑ 7) тармақшаларына, 180-бабының 3) ‑ 11) тармақшаларына, Қазақстан
Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторинг деректеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерге сәйкес ұсынатын есептерге талдау жасау арқылы құзыреттi орган жүзеге асырады деп көзделген.
Қағидалардың 7-тармағында жұмыстардың физикалық көлемін орындау жөніндегі міндеттемелер бойынша орындалған жұмыстардың актілерімен, шот-фактуралармен және төлем тапсырмаларымен расталған нақты орындалған (аяқталған) жұмыстар ғана орындалды деп танылады. Мониторинг жүргізу мақсатыменен жұмыстардың физикалық көлемі деп геофизикалық жұмыстар, бұрғылау жөніндегі жұмыстар, көмірсутектерді немесе уранды өндіру көлемі түсініледі.
Жер қойнауын пайдаланушы 2021 жылға міндеттемелерді орындау бойынша есептілікті 2022 жылдың 25 қаңтарда тапсырды.
Алайда, талап қоюшы заңда белгіленген мерзімде сотқа талап қоюмен жүгінбеген, бұл оның іс жүргізудегі кемшілігі.
Мұндай мән-жәйларда бірінші сатыдағы сот Министрліктің 2021 жылғы тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап қоюға талап қою мерзімінің өтуін негізді түрде дұрыс қолданды.
Министрліктің кассациялық шағымындағы талап қою мерзімінің өтуі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 180-бабы 3-тармағының ережелері бойынша есептелуге жататыны туралы уәждері заңды қате түсіндіруге негізделген.
Азаматтық заңнаманың ережелеріне сәйкес, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу құқығы оны қолдану үшін негіз болып табылатын оқиға орын алған сәттен бастап, яғни борышкер міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған сәттен бастап туындайды. Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу Министрліктің айрықша құқығы болып табылатындығына байланысты талап қоюдың өткізу мерзімі тұрақсыздық айыбын төлеу туралы талап жіберілген сәттен және көрсетілген талап орындалмаған сәттен бастап есептелуге тиіс деген талап қоюшының уәждері негізсіз болып табылады.
Мұндай түсіндіру заңға қайшы келеді, өйткені талап қою мерзімі өтуінің басталуы талап қою фактісімен емес, міндеттемені бұзу фактісімен байланысты. Уәкілетті органның тұрақсыздық айыбын төлеу туралы талапты жолдауы тек хабарлама сипатында болады және оны өндіріп алу құқығы туындаған сәтке әсер етпейді.
Мұндай мән-жәйларда бірінші сатыдағы сот Келісімшарттың 37тармағының 7) және 9) тармақшаларына сәйкес жобалау құжатында көзделген міндеттемелерді орындамағаны (тиісінше орындамағаны) үшін тұрақсыздық айыбын өндіру үшін негіздердің бар екендігі туралы негізді қорытындыға келді.
Кассациялық сот Серіктестіктің өзара байланысты екі бұзушылық ‑ ұңғымаларды пайдалануға іске қоспау және өндіру көлемін орындамағаны
үшін тұрақсыздық айыбын өндіру туралы шағымының уәждерін келесі негіздер бойынша дәрменсіз деп таниды.
Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №160 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес жұмыстардың физикалық көлемі бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде жобалық көрсеткіштерді сақтамағаны үшін (пайдалану ұңғымаларын енгізу, көмірсутектерді өндіру көлемі) әрбір орындалмаған көрсеткіш бойынша бөлек тұрақсыздық айыбы салынады.
Осылайша, Келісімшарттың 37-тармағында көрсетілген әрбір міндеттемені орындамағаны үшін Келісімшартпенен, заңнамамен де 20 000 АЕК мөлшерінде тұрақсыздық айыбы көзделген.
Сарапшы Х.Б. Абилхасимовтың қорытындысына сілтеме жасай отырып, міндеттемені орындаудың мүмкін еместігіне әкеп соққан объективті себептердің болуы туралы Серіктестіктің шағымының уәждері дәрменсіз.
Қаралып отырған жағдайда Серіктестік міндеттемелерін 2019 жылдан бастап орындамайды. Бұл ретте жауапкер сарапшы Х.Б. Абилхасимовтың қорытындысына сүйене отырып, Келісімшарттардың барлық қолданылу кезеңінде болған мән-жайларға сілтеме жасайды. Алайда, Серіктестік бұл мәселені реттеу бойынша, оның ішінде Келісімшарт талаптарын өзгерту бойынша қандай да бір іс-қимыл жасамаған.
Қаралып отырған даудың мәні мен негізіне сүйене отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар сарапшы Х.Б. Абилхасимовтың қорытындысын және оған негізделген Серіктестіктің уәждерін негізді түрде назарға алмады.
Серіктестік COVID-19 пандемиясынан туындаған форс-мажорлық мәнжәйларға байланысты жобалық міндеттемелердің орындалмағаны туралы жеткілікті және сенімді дәлелдер ұсынбаған.
Сонымен қатар, Серіктестік сарапшы Х.Б. Абилхасимовтың қорытындысында баяндалған басқа да мән-жайларға міндеттемелерді орындамау себебі ретінде сілтеме жасайды. Бұл ретте алқа COVID-19 пандемиясына байланысты шектеулер аяқталғаннан кейін де Серіктестік міндеттемелерді орындамауды жалғастырған мән-жәйды да назарға алады. Министрліктің Келісімшарттың 104-тармағында көзделген келіссөздердің алты айлық мерзімін сақтамағаны туралы шағымның уәждерін алқа келесі негіздер бойынша дәрменсіз деп таниды. Азаматтық заңнама нормаларына және Келісімшарт талаптарына сәйкес міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу міндеттеменің кейіннен нақты орындалуына немесе орындалмауына байланысты қойылмайды. Тұрақсыздық айыбы міндеттемені бұзу фактісі үшін жауапкершілік шарасы болып табылады және ол жіберілген сәттен бастап өндіріп алуға жатады.
Осылайша, жол берілген бұзушылықты жою үшін қосымша мерзім беру тұрақсыздық айыбына санкция қолдану үшін қажетті шарт болып
табылмайды. Министрліктің тұрақсыздық айыбын төлеу туралы хабарлама жіберуі хабарлама сипатында болды және оны өндіріп алу құқығы туындаған сәтке әсер етпейді, өйткені Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамау фактісінің өзі жауапқа тартуға негіз болып табылады.
Осылайша, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың істің мәнжайын толық анықтап, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданумен, талап қою арызын ішінара қанағаттандыру туралы негізделген шешім дұрыс шығарды.
Жоғарыда көрсетілген мән-жәйларда шағым келтіріліп отырған бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілері заңды болып табылады, оның күшін жою не өзгерту үшін негіздер жоқ.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағымдардың иесілерің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымдарда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптардың соттардың тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
Баяндалғанның негізінде және ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 23 маусымдағы шешімі және Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 тамыздағы қаулысыөзгеріссіз талап қоюшының және жауапкердің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
М.Манабаева Н.Нуралыева Е.Тулеев
Төрағалық етуші Судьялар
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.