КСАД РК - Определение от 07.07.2026 по делу 6003-26-00-4/27 (Административное)

ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 07 шілде № 6003-26-00-4/27 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы М.А. Қасымов

Астана қалалық соты төрағасының талап қоюшы К[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы» мемлекеттік мекемесінің жауаптарын заңсыз деп тану, қызмет өтілін және жеңілдікті ескере отырып зейнетақымен қамсыздандыру құқығын беретін қызмет өтілін қайта есептеуге міндеттеу туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істің соттылығын айқындау туралы ұсынысын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы К[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы» ММ-нің жауаптарын заңсыз деп тану, қызмет өтілін және жеңілдікті ескере отырып зейнетақымен қамсыздандыру құқығын беретін қызмет өтілін қайта есептеуге міндеттеуді сұраған.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 5 мамырдағы ұйғарымымен әкімшілік іс соттылығы бойынша қарау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.

Сот істі соттылығы бойынша жіберген кезде талап қоюшының инвестор екендігімен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 102бабының үшінші бөлігі негізінде, Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының соттылығына жататынын атап көрсеткен.

Өз ұсынысында Астана қалалық сотының төрағасы осы әкімшілік істің соттылығын айқындауды сұрайды.

Ұсынысты қарап, іс құжаттарды зерттеп, судья төмендегідей тұжырымға келді.

ӘРПК-нің 109-бабының бірінші бөлігіне сәйкес соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. ӘРПК-нің 106-бабының үшінші бөлігінде электрондық құжат нысанында шығарылған әкімшілік акт талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша қаралатыны көзделген. ӘРПК-нің 108-бабы екінші бөлігінің 1) тармағының талаптарына сай, егер әкімшілік істі осы сотта қарау кезінде оның іс жүргізуге соттылық қағидалары бұзыла отырып қабылданғаны анықталса, сот әкімшілік істі басқа соттың қарауына беруі тиіс.

Іс материалдарында анықталғандай, талап қоюдың тақырыбы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға дау айту.

Дауланып отырған құжат мемлекеттік органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде қабылданған әкімшілік актісі болып табылады.

ӘРПК-нің 106-бабының талаптарына сай, әкімшілік істер әкімшілік актінің шығарылған орны бойынша немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады.

ӘРПК-нің 78-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әкімшілік акт жазбаша нысанда (қағаз және (немесе) электрондық құжат нысанында) қабылданады. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 12), 13) және 16) тармақшаларына сәйкес электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу; электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

Осылайша, электрондық құжат нысанында қабылданып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған әкімшілік акт әкімшілік актінің жазбаша нысанының дербес түрі болып табылады. Оның қабылдануы мен рәсімделуінің ерекшеліктері ескеріле отырып, мұндай әкімшілік актілерге байланысты даулар айрықша соттылық қағидалары сақтала отырып қаралуға тиіс. Бұл қағидалар аумақтан тыс соттылық қағидаларынан басымдыққа ие болады және ӘРПК-нің 107-бабының бірінші бөлігін қолдануды жоққа шығарады.

2025 жылғы 16 желтоқсанда талап қоюшы «E-Өtinish» ақпараттық жүйесі арқылы Зейнетақымен қамсыздандыру орталығына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген. 2026 жылғы 20 қаңтарда Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы жазбаша жауап берген.

2026 жылғы 2 ақпанда талап қоюшы «E-Өtinish» ақпараттық жүйесі арқылы Зейнетақымен қамсыздандыру орталығына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қайтадан өтініш жолдаған.

2026 жылғы 1 сәуірде жауапкер әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты сол нысана мен сол негіздер бойынша әкімшілік органның шешімі болуына байланысты әкімшілік рәсімнің тоқтатылғаны туралы жазбаша жауап берген.

Жауапкердің дәлелді бас тартуы мен жауабы электрондық түрде қалыптастырылып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған және электрондық байланыс арқылы талап қоюшының назарына жеткізілген.

Сондай-ақ, талап қоюшының тұрғылықты мекенжайы Атырау қаласында орналасқандықтан, әкімшілік іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының құзыретіне жатады.

Соттар арасында туындаған істің соттылығы туралы дауды қараған кезде жоғары тұрған сот осы істің соттылығы мәселесіне қатысты шығарылған сот актілерінің күшін жоймайды, тек істің нақты бір соттың соттылығына жататынын айқындайды.

ӘРПК-нің 109-бабының бірінші бөлігін басшылыққа алып, судья

ҰЙҒАРДЫ:

Талап қоюшы К[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы» мемлекеттік мекемесінің жауаптарын заңсыз деп тану, қызмет өтілін және жеңілдікті ескере отырып зейнетақымен қамсыздандыру құқығын беретін қызмет өтілін қайта есептеуге міндеттеу туралы талап қоюы бойынша әкімшілік іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілсін.

Астана қалалық сотының төрағасының ұсынысы қанағаттандырылсын. Ұйғарым түпкілікті, шағым берілуге және наразылық келтіруге жатпайды.

Судья

М. Қасымов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.