Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 06.11.2025 по делу 6003-25-00-2к/1660 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 6 қараша №6003-25-00-2к/1660 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында

төрағалық етуші судья К.Р.Айтжанов, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,

талап қоюшы өкілдері К.Т.Байгонусованың және Ж.М.Шарипованың, жауапкер өкілі М.А.Бейсенбаевтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) (бұдан әрі - Кәсіпорын) жауапкер Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) сараптама жүргізу қорытындылары бойынша анықтаманегіздемеде (бұдан әрі - Даулы анықтама) баға құнының есебіне нақты көрсеткіштер мен шығындарды қосу жөнінде іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлеу туралы электрондық форматтағы талап қою бойынша жинақталған құжаттарды талап қоюшының Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 наурыздағы ұйғарымы (бұдан әрі - сот ұйғарымы) мен Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 сәуірдегі ұйғарымына (бұдан әрі - алқа ұйғарымы) берген кассациялық шағымымен қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Кәсіпорын аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, оны Даулы анықтамамен келіспейтінімен негіздеген.

Алқа ұйғарымымен өзгеріссіз қалдырылған сот ұйғарымымен талап қоюды Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 151-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес қабылдаудан бас тартылған.

Кәсіпорын кассациялық шағымында соттармен процестік құқық нормалары бұзылғанын көрсетіп, аталған сот актілерінің күшін жоюды, талапты негізінен қарау үшін соттың іс жүргізуіне қабылдауды сұраған.

Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардың жауаптарын тыңдап, кассациялық шағым уәждерін талқылап, төмендегі тұжырымға келді.

АПК-тің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттармен іс бойынша мұндай бұзушылықтарға жол берілген.

Анықталғаны, Агенттік тарапынан Кәсіпорын өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларға сараптама жүргізу қорытындысы бойынша Даулы анықтама жасалған.

Кәсіпорын Даулы анықтамамен келіспей, сотқа берген талабында баға құнының есебіне нақты көрсеткіштер мен шығындарды қосу жөнінде ісәрекеттер жасауға мәжбүрлеуді сұраған.

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 ақпандағы ұйғарымымен өзгеріссіз қалдырылған Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 22 қаңтарда ұйғарымымен Кәсіпорынның аталған талап қоюы Агенттік тарапынан ауыртпалық түсіретін әкімшілік әрекеттер жасалмаған, әкімшілік актілер қабылданбаған деген негізбен қайтарылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы №134 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларында» тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттейтін мемлекеттік орган мен оларды сататын субъектілер арасында туындайтын дауларды қарау тәртібі көзделмеген.

Алайда, соттармен бұл дау азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды деген асығыс тұжырым жасалған.

Себебі, АПК-тің 8-бабының 1-бөлігінде әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы екені бекітілген.

Бұл ретте АПК-тің 23-бабының 1-бөлігіне сәйкес Кәсіпорынның бұзылған деп санайтын құқықтарын қорғау осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше тәртіппен жүзеге асыру көзделмегенін ескере отырып, бұл дау азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуы және шешілуі тиіс. Сол себепті, сот және алқа ұйғарымдарының күштері жойылып, талап қою бірінші саты сотына соттың іс жүргізуіне қабылдау сатысынан бастап қарау үшін жіберілуге, кассациялық шағым қанағаттандырылуға жатады. АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 5) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 наурыздағы ұйғарымы мен Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 сәуірдегі ұйғарымының күштері жойылып, талап қою бірінші саты сотына соттың іс жүргізуіне қабылдау сатысынан бастап қарау үшін жіберілсін.

Талап қоюшы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау»

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші К.Айтжанов

Судьялар Н.Жумагулова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.