КСАД РК - Постановление от 08.10.2025 по делу 6003-25-00-4к/371 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 8 қазан 6003-25-00-4к/371 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші-судья Д. А. Әбдіғалиев,

судьялар - М.А.Қасымов, Г. М.Ыдырысова,

мүдделі тұлғалар Ә.Н. Алдабергеновтің және А.В.Лидің өкілі Д.Н.Ерғалиевтің, А.А.Вагаповтың өкілдері Р.Б.Наурызбаевтың және А.Б.Маликованың, талап қоюшы Г.Ш.Асқарованың өкілі Б.С.Омаровтың қатысуымен,

мүдделі тұлғалар Арби Адамович Вагаповтың, Антон Валерьевич Лидің, Әділбек Нұрлыбекұлы Алдабергеновтің Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 08 желтоқсандағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуірдегі қаулысына кассациялық шағымдары бойынша келіп түскен,

Гүлия Шәкірбекқызы Асқарованың Қызылорда қаласы әкіміне, «Қызылорда қаласының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, Қызылорда қаласы 2021 жылғы 06 қыркүйектегі № 973 және 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 991 қаулыларын жарамсыз деп тану және олардың күшін жою туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істі ашық сот отырысында қарап,

АНЫҚТАДЫ:

2022 жылғы 18 қазанда Г.Ш. Асқарова жауапкерлерге Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 973 және 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 991 қаулыларын заңсыз деп тану және олардың күшін жою, сондай-ақ А.Лимен және Ә.Алдабергеновпен жасалған жер учаскелерін жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Талап қоюдың негіздемесінде ол 2021 жылғы 8 мамырда Р.Холматовадан сатып алу-сату шарты бойынша «Мелиоратор» бау-бақша серіктестігінен жер учаскесін 2 500 000 теңгеге сатып алғанын көрсеткен. Жеке меншік құқығы оған 2021 жылғы 18 мамырда тіркелген. Сатып алу кезінде учаске бос болған, онда құрылыстар болмады.

Осыған қарамастан, әкімнің қаулыларымен оның учаскесі басқа тұлғаларға – А.Лиге және Ә.Алдабергеновке үш жыл мерзімге жалға берілген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 08 желтоқсандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылды. Әкімнің 2021 жылғы 6 және 10 қыркүйектегі дау айтылған қаулылары заңсыз деп танылды және олардың күші жойылды; жер учаскелерін жалға алу шарттары жарамсыз деп танылды.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің

күші жойылып, Г.Ш. Асқарованың талап қоюы оны беру үшін түпкілікті мерзімді өткізіп алуына байланысты қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен апелляциялық сатының шешімінің күші жойылып, іс апелляциялық тәртіппен жаңадан қарауға жіберілді.

Істі жаңадан қарау кезінде Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың 2022 жылғы 8 желтоқсандағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Мүдделі тұлғалар кассациялық шағымдарында сот қортындыларының істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсете отырып, өткен сот актілерінің күшін жоюды және талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Жауапкерлер мен мүдделі тұлғалардан Астана қаласына келуге мүмкіндіктің жоқтығына уәж келтіріп, бейнеконференцбайланыс режимінде оларды сот отырысына қосу туралы өтінішхаттар келіп түсті. Алайда бұл өтінішхат қанағаттандырылуға жатпайды, өйткені сот отырысы Қазақстан Республикасының әкімшілік істері жөніндегі кассациялық сот ғимаратында жеке өздерінің міндетті түрде қатысуымен қарауға тағайындалған, бұл туралы процеске барлық қатысушыларға алдын ала хабарланған. Өтінішхаттағы уәж кассациялық сатыдағы сотта сот отырысын өткізу форматын өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне байланысты әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Талап қоюшы мен мүдделі тұлғалардың өкілдерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, кассациялық шағымдардың дәлелдерін талқылағаннан кейін кассациялық сот мынадай қорытындыға келеді.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы баптаөзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттар мұндай бұзушылықтарға жол бермеді.

Электрондық іс материалдары бойынша талап қоюшы Г.Ш. Асқарова 2021 жылғы 8 мамырда сатып алу-сату шарты негізінде ауданы 1102 ш.м. жер учаскесін Р. Холматовадан сатып алған. Г.Ш. Асқарова осы учаскеге меншік құқығын тіркегеніне қарамастан, Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі №973 қаулысымен Антон Лиге Қызылорда қаласы, ПМК-29, «Мелиоратор» бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан ауданы 771.0 шаршы метр жер учаскесі 3 жылға уақытша өтеулі жер пайдалануға берілген. Жер учаскесі үйлестірілген, МЖК ААЖ -ға енгізілді.

«Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» КММ (бұдан әрі – КММ) мен А.Лидің арасында 2021 жылғы 9 қыркүйектегі №1311 жер учаскесін жалға алу шарты жасалған.

Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №991 қаулысымен Әділбек Алдабергеновке Қызылорда қаласы, ПМК-29, «Мелиоратор» бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан ауданы 771.0 шаршы метр жер учаскесі 3 жылға уақытша өтеулі жер пайдалануға берілді. Жер учаскесі үйлестірілген, МЖК ААЖ -ға енгізілді.

КММ мен Ә. Алдабергеновтің арасында 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №1351 жер учаскесін жалға алу шарты жасалды.

Сот талқылауы барысында сот тапсырмасының негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мамандарының қорытындысымен жоғарыда аталған жер учаскелерінің бір біріне қабаттасып орналасқаны анықталды. Г.Ш. Асқароваға тиесілі жер учаскесі А.Ли учаскесін 387 ш.м. және Ә. Алдабергеновтің учаскесін 713 ш.м. қабаттасқан.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдай отырып, мына мән-жайларды негізге алған.

Талап қоюшы Г.Ш. Асқарованың жер учаскесіне меншік құқығы мүдделі тұлғалар А.Ли мен Ә.Алдабергеновке қарағанда ерте тіркелген. Бұл құқық бірқатар мәмілелер негізінде ресімделген, оның ішінде бастапқы меншік иесі Н. Спасовтың құқығы да ресми түрде заңдастырылып, 2007 жылы тіркелген.

Соттар жауапкердің сотқа учаскенің бос болғанын және Г.Ш. Асқарованың даулы жер учаскесіне құқығы жоқ екенін дәлелдемегенін көрсетті.

А.Лидің, Ә.Алдабергеновтің және А.Вагаповтың кассациялық шағымында негізінен апелляциялық сатыдағы сот зерттеп, тексерген, оларға тиісті құқықтық баға берген дәлелдерді келтірілген.

Атап айтқанда Г.Ш. Асқарованың жер учаскесінің үйлестірілмегені; Н. Спасовтың жер учаскесін заңдастыруы заңсыз екендігі, Н.Спасов пен А. Уразовтың учаскелерінің көршілестігі дәлелденбегені, кадастрлық құжаттарда Н. Спасовтың учаскесі А. Уразовтың учаскесінің жанында орналасқандығы көрсетілмегені және мұны апелляциялық сатыдағы соттың елемегені көрсетілген. Шағымда құжаттардың бірінде С.Килибаеваның учаскесі А. Уразовтың учаскесінің сол жағында, ал басқа құжаттарда - оң жағында орналасқандығы, бұл белгісіздік тудыратыны көрсетілеген. Алайда бірінші сатыдағы сот бұлтартпайтын дәлелдемелердің негізінде талап қоюшының жер учаскесінің нақты орналасқан жерін мыналарға сүйене отырып анықтады.

Соттың сұрау салуы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Н.Спасовтың учаскесіне құжаттарды, оның ішінде көршісі А. Уразов деп көрсетілген схеманы ұсынды.

Қызылорда қаласының жылжымайтын мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссиясының 2007 жылғы 18 қаңтардағы №1526 шешімінің негізінде Николай Владимирович Спасовтың Қызылорда қаласы, «Мелиоратор» бау-бақша қоғамы мекенжайы бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығы заңдастырылғаны анықталды. Аталған жер учаскесіне 2007 жылғы 26 ақпанда № 10-156-076-6817 кадастрлық актісі берілген. Н.Спасовтың жеке меншік құқығы 2007 жылғы 17 тамызда тіркелген.

2011 жылғы 31 наурызда Н. Спасов жер учаскесін Р. Холматоваға сатқан, 2021 жылғы 8 мамырда бұл жер учаскесін Г.Ш. Асқарова сатып алған. Жер учаскесі үйлестірілмеген, жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ЖК ААЖ) базасына енгізілмеген.

Н.Спасовтың учаскесі (қазіргі Г.Ш.Асқарова) бір уақытта заңдастырылғанын, бір қатарда алдымен Н. Спасовтың, содан кейін А. Уразовтың, содан кейін С. Килибаеваның учаскесі бірінен соң бірі орналасқанын бірауыздан және егжейтегжейлі растады. Кадастрлық мәліметтерге сәйкес А.Уразовтың учаскесі С.Килибаева мен Н. Спасовтың учаскесінің арасында орналасқан.

Шағымның талап қоюшының учаскесі үйлестірілмегені және базаға енгізілмегені туралы дәлелі қисынды емес, өйткені ол меншік иесін учаскеге құқығынан айырмайды.

Жер учаскесіне меншік құқығы құқық белгілейтін құжаттар мен мемлекеттік тіркеу негізінде туындайды.

Егер меншік иесінің жер учаскесіне актісі және оның меншік құқығы тіркелген болса, бұл учаскеге құқық белгіленгенін білдіреді. Координаттар бұл заңдық негіз емес, техникалық элемент. Учаскенің орналасқан жері нақты пайдалануы бойынша, іргелес учаскелер арқылы, меншік иесінің көрсетуі бойынша, мамандардың схемалары мен қорытындылары бойынша анықталуы мүмкін, сот осыны іске асырды.

Құқық белгілейтін құжаттарды, бірінші меншік иесі Н. Спасовтың құжаттарына дейін, заңдастыру туралы материалдарды, схемаларды, ескі сызбаларды, сондай-ақ көршілес учаскелер туралы куәлардың айғақтарын зерделеу арқылы және жер учаскелерінің бір біріне қабаттасқаны туралы маманның қорытындысы негізінде, аталған дәлелдемелер жиынтығында бірінші сатыдағы сот талап қоюшының учаскесінің нақты орналасқан жерін анықтады. Н.Спасовқа жер учаскесін заңдастыру заң негізінде жүргізілді, комиссияның бұл шешіміне дау айтылмады және оның заңды күші бар. Сондықтан шағымның осы бөлігіндегі дәлелдерін қабылдау мүмкін емес. Кадастрлық жүйеде учаскенің болмауы тіркелген заттық құқықтың болуын жоймайды.

Әкімдік жер учаскесін берер алдында көрсетілген жер учаскесіне құқықтардың тіркелген-тіркелмегенін, бір біріне қабаттасудың бар-жоғын, ол МЖК бойынша ғана емес, сонымен қатар меншік құқығының тіркелгенін де тексеруге міндетті болатын. Н.Спасовтың учаскесі басқа заңдастырылған жерлермен шектесіп, схемалар мен сызбалар болған.

Анықталған жер учаскелерінің бір біріне қабаттасуы жобаларды жасау және координаттарды мүдделі тұлғаларға беру кезінде жерге орналастыру дұрыс жүргізілмегенін, учаскелердің қолданыстағы шекаралары ескерілмегенін, аралас пайдаланушылар айқындалмағанын білдіреді. Әкімдік ЖК-нің 43-бабында белгіленген материалдық және рәсімдік нормаларды бұзды, жер учаскелерінің қабаттасуын тексеруді қамтамасыз етпеді. Учаскенің жер кадастрының автоматтандырылған базасына енгізілмегендігі оның бос екенін білдірмейді. Егер учаске үйлестірілмеген болса да, оған меншік құқығы бұрын тіркелген, сондықтан осы құқық, тіпті уақытша жалдау құқығына қарамастан басым болады. Координаттар болмағанымен, бұрын туындаған меншік құқығы артықшылыққа ие.

Осылайша, кассациялық шағымның барлық дәлелдері соттар анықтаған фактілер мен дәлелдемелерді қайта бағалауға бағытталған, бұған кассациялық сатыда жол берілмейді.

АПК-нің 449-бабына сәйкес, егер төмен тұрған соттардың процестік немесе материалдық құқық нормаларын бұзғаны, дәлелдемелерді зерттемегені, жарыспалылық қағидаттарын бұзғаны дәлелденбесе, кассациялық саты дәлелдемелер мен фактілерді қайта бағаламайды. Осы жағдайда барлық дәлелдемелер зерттелген, оларға баға берілген және сот актісінде көрсетілген, материалдық және процестік құқық нормаларын бұзу анықталмаған.

Шағымның А.Вагаповтың адал иесі екендігі, абаттандыруға қаражат салғаны және оған 2023 жылға дейін ешкім талап қоймағаны туралы дәлелі де негізсіз болып табылады.

Кассациялық шағым бойынша сот талқылауы кезінде әкімдіктің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі даулы жер учаскесін А.Ли мен Ә.Алдабергеновтің жеке меншігіне беру туралы қаулысы шығарылды.

Одан кейін 2023 жылғы 23 желтоқсанда А.Ли мен А.Вагаповтың арасында сатып алу-сату шарты жасалды. Осындай жер учаскесін сатып алусату шарты Ә.Алдабергенов пен А.Вагаповтың арасында 2023 жылғы 26 желтоқсанда жасалған. Қазіргі уақытта А. Вагапов осы жер учаскесінде құрылыстар салған. А.Вагапов жер учаскесін 2023 жылдың желтоқсанында сот дауы басталғаннан мен 2022 жылғы сот шешімінен кейін, яғни сот талқылауы кезеңінде сатып алған. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде учаскеге құқық әлі де дау тақырыбы болған, құрылыс сот талқылауы кезінде жүргізілген. « Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысының 8-тармағына сәйкес, сол бір жер учаскесіне немесе учаскенің бір бөлігіне мәні тең құқықтар болған жағдайда соттар азаматтық заңнамаға сәйкес құқықтың туындау күні бойынша белгіленетін жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтардың басымдығын негізге алуға тиіс.

Г.Ш.Асқарованың құқығы (Н. Спасовтан кейін мұрагерлер тізбегі бойынша) 2007 жылы туындап, тіркелді. Әкімдіктің осы учаскені 2021 жылы А.Ли мен Ә.Алдабергеновке (және одан кейін А. Вагаповқа) беру жөніндегі әрекеттері заңсыз болып табылады, өйткені учаске сол кезде бос болған жоқ.

А.Вагаповтың шығындары кінәлі адамдардан жеке талап қою тәртібімен өндірілуі мүмкін, бірақ ол заңсыз шешімдердің күшінде қалуына негіз болып табылмайды.

Осылайша, А. Вагаповтың учаскені сатып алуы және оның шығындары бұрын туындаған және тіркелген меншік құқығын жоя алмайды.

Баяндалғанды ескере отырып, кассациялық сот мүдделі тұлғалардың шағымдарын қанағаттандыру үшін негіз анықтамады.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

осы іс бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 08 желтоқсандағы шешімі, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуірдегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Мүдделі тұлғалар Арби Адамович Вагаповтың, Әділбек Нұрлыбекұлы Алдабергеновтің, Антон Валерьевич Лидің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Д. Әбдіғалиев

Судьялар М. Қасымов

Г. Ыдырысова 7

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.