6001-21-00-3пп/126
ҚАУЛЫ
2022 жылғы 18 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Ғ.Ж.Мырзаке судьялар Ш.Т.Даниярова, Б.Р.Ералиева, А.Қ.Ескендіров, Т.Ә.Ибрашев, Т.А.Молдахметова, Н.О.Сисенова,
талап қоюшы Е[...], қарсы талап бойынша жауапкер Е[...], олардың өкілі С[...], жауапкерлер А[...], Б[...], олардың өкілі Б[...], үшінші тұлға «ВТБ» акционерлік қоғамының (бұдан əрі - АҚ) өкілі Т[...] қатысуымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында бейнеконференцбайланысы арқылы талап қоюшы Е[...] жауапкерлер Б[...], А[...], М[...], Қ[...], Ж[...], Ә[...] тұрғын үйден мəжбүрлеп шығару туралы талап қою арызымен,
талап қоюшылар Б[...], А[...] жауапкерлер Е[...], Е[...] сатып алу-сату жəне сыйға тарту шарттарын жарамсыз, жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасқан деп тану туралы қарсы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Атырау қалалық сотының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешімін, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 12 наурыздағы қаулысын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы қаулысын қайта қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы бойынша азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы Е[...] сотқа жауапкерлер А[...], Б[...] жəне оның отбасы мүшелерін Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, «Жұлдыз» шағын ауданы, № 14 көше, № [...] учаскесінде орналасқан тұрғын үйден (бұдан əрі – жер учаскесі, даулы мүлік) шығару туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Б[...], А[...] аталған талаппен келіспей, сотқа Д[...] пен А[...] арасында 2008 жылғы 18 қарашада жер учаскесін сатып алу-сату шарты жасалған деп тану, Д[...] пен Е[...] (Е[...]) арасындағы 2009 жылы 27 қазандағы жер учаскесін сатып алу-сату жəне 2013 жылғы 20 тамыздағы сыйға тарту шарттарын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қою арызын берген.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 12 наурыздағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Атырау қалалық сотының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен А[...] мен Б[...] қарсы талап қою арызы қанағаттандырылып, Е[...] талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы қаулысымен осы іс бойынша жергілікті соттардың сот актілері күшінде, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымында кассациялық сотпен құқық нормаларын түсіндіруіндегі жəне қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайлар орын алғандықтан, бірінші, апелляциялық жəне кассациялық сатылардағы соттардың сот актілерін қайта қарауға назар аударылған.
Ұсынымның дəлелдерін, жауапкерлердің қарсылықтарын, талап қоюшылардың, үшінші тұлғаның түсіндірмелерін тыңдап, азаматтық іс материалдарын зерттей отырып, сот алқасы мынадай қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі – АПК) 438-бабының 6-бөлігіне сəйкес қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі жəне қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайлар заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен жəне кассациялық сатыдағы сотпен осы іс бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген.
Іс бойынша анықталғандай, Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі əкімінің 2007 жылғы 13 маусымдағы шешімімен Д[...] даулы жер учаскесіне тұрғын үй құрылысын салу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы 2 жыл мерзімге берілген.
2007 жылғы 12 желтоқсанда Д[...] уақытша жерді пайдалану құқығын беретін актісі, ал 2008 жылғы 25 шілдедегі əкімнің шешімімен оған аталған жер учаскесі жеке меншік құқығымен табысталып, 2009 жылғы 25 маусымда Д[...] жер учаскесіне жеке меншік құқығын белгілейтін мемлекеттік актісі берілген.
2008 жылғы 25 шілдедегі Қайыршақты ауылдық округі əкімінің жерді жеке меншікке беру туралы шешімі мемлекеттік тіркеуші органда 2009 жылғы 26 маусымда тіркелген.
2009 жылғы 27 қазанда Д[...] жұбайы Б[...] жазбаша келісімімен даулы жер учаскесін сатып алу-сату шарты негізінде Е[...] (Е[...]) сатқан.
2013 жылғы 20 тамызда Е[...] аталған жер учаскесін сыйға тарту шарты негізінде өзінің қызы Е[...] табыс еткен.
2013 жылғы 7 қазанда Е[...] «Атырау қаласының сəулет жəне қала құрылысы бөлімі» ММ-нен жоғарыда аталған даулы жер учаскесінде тұрғын үй салуға рұқсат алған.
2013 жылғы 9 қазанда салынған үйді өз бетімен қабылдау туралы актіге сəйкес тұрғын үй пайдалануға беріліп, сол күні үйге Е[...] атына меншік құқығы тіркелген.
Бірінші сатыдағы сот, Е[...] талаптарын қанағаттандырудан бас тарту жəне Б[...] пен А[...] қарсы талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдағанда, қарсы талап қоюшылар даулы жерге 2009 жылдан бері үй құрылыстарын жүргізіп, балалары мен немерелері тұрып жатқаны, ал талап қоюшы Е[...] жауапкерлер Б[...] пен А[...] жеті жыл бойы ешқандай дау айтпағанымен негіздеген.
Соттың бұл тұжырымымен апелляциялық жəне кассациялық сатыдағы соттар келіскен.
Алайда, бұл тұжырым уақытынан бұрын жасалынған, өйткені соттар іс үшін маңызы бар бірқатар мəн-жайларды анықтамаған.
«Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 5-тармағында түсіндірілгендей АПК-нің 224-бабына сəйкес сот шешiмi заңды жəне негiздi болуға тиiс.
Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып жəне осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сəйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан жəне мəнiнен, адалдық, парасаттылық пен əдiлдiк (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң (бұдан əрі-Азаматтық кодекс) 5-бабы жəне АПК-нің 6-бабы) талаптарынан туындағанда, заңды болып табылады.
Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында өндiрiлген осы фактiге қатысты жол берiлген жəне шынайы дұрыс дəлелдермен құпталса немесе дəлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мəлiм мəн-жайларға сəйкес келсе немесе iс бойынша жинақталған дəлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi болса, ондай шешiм негiздi болып саналады.
АПК-нің 412-бабына сəйкес апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар жəне осы Кодекстің 413-бабы 2-бөлігінің талаптарына сəйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мəн-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.
АПК-нің 413-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделгендей сот істi апелляциялық тəртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.
Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ осы Кодекстің 404-бабының 2-бөлігіне сəйкес ұсынылған дəлелдемелерге мəлімделген талап қою шегінде баға береді.
Соттармен жоғарыда көрсетілген азаматтық процестің құқық
нормалары сақталмаған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан əрі – АК) 147-бабына жəне осы Кодекстің 148-бабының 3-тармағына сəйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекеттерi мəмiлелер деп танылады.
Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мəмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мəмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
АК-нің 406-бабының 1-тармағына сай сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға жəне ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
«Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 3- тармағына сəйкес мəміленің нысаны сақталмай, іс жүзінде жасалған мəміле куəлардың жауаптарынан басқа өзге де дəлелдермен (мысалы, тұрғын үйді сатып ақша алғаны туралы қолхатпен не иеліктен шығару құқығына берілген сенімхатпен) расталып, сатушының қайда екені белгісіз болған жағдайда, мүдделі тарап сатушыны жауапкер ретінде көрсетіп, мəмілені жарамды деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, сот сатушының белгілі болған соңғы тұрған жері бойынша оған хабарлайды. Сот мəмілені жарамды деп танудан бас тартқан жағдайда, егер меншік иесі үшінші тұлғаға белгіленген нысанда тұрғын үйді иеліктен шығарса, онда талапкер жұмсалған шығындарын өтетуге құқылы.
А[...] даулы жер учаскесін Д[...] сатып алғаны туралы уəждеріне негіздеме ретінде 2008 жылғы 18 қарашадағы нотариус Қ[...] куəландырған қолхатты сотқа ұсынған.
Қ[...] А[...] даулы жер учаскесін Д[...] 7 000 долларға сатып алғанын, 3 000 долларын 2008 жылы 18 қарашада бергенін, қалған 4 000 долларды екіге бөліп, бірінші бөлігін 2008 жылы 30 қарашада, ал екінші бөлігін 2008 жылы 10 желтоқсанда беретінін көрсеткен, алайда, аталған қолхатты жер учаскесінің иесі Д[...] емес, А[...] өзі біржақты жазған, қолхатқа Д[...] қолын қоймаған.
Яғни, Д[...] даулы жер учаскесін А[...] сататын ниетін еркін білдірмеген.
Іс материалдарына нотариус Қ[...] тізілімінен үзіндінің көшірмесі қоса тіркелген, оған сəйкес жоғарыда көрсетілген А[...] міндеттемесіндегі қолының түпнұсқалығын куəландырғанға дейін нотариус Д[...] қол қойған құжатты куəландырған (1 том, 163 іс беті). Соттармен Д[...] қандай құжатқа қол қойғаны анықталмаған. Сонымен қатар, нотариус Қ[...] іске куə ретінде тартылмаған, одан іс бойынша мəн-жайлар, атап айтқанда, қандай себептермен қолхатты Д[...] өзі жазбағаны, не қолхатқа қол қоймағаны анықталмаған.
АК-нің 152-бабының императивті талаптарына сəйкес жер учаскесін сатып алу-сату шарты тек жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша мəміле жасауға, субъектілерді жəне олардың ниет білдіргенін айқындайтын құжаттармен алмасу теңестіріледі.
АК-нің 153-бабының 1-тармағына сай мəміленің жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мəміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куəгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады.
АК-нің 272, 277, 385, 438-баптарының талаптары бойынша А[...] жердің құнын төлеу міндетін орындағаны тексерілмеген. А[...] қолхатта көрсетілген міндеттемелерді, яғни Д[...] жердің құны 7 000 долларды төлегені туралы дəлелдемелер сотқа ұсынылмаған.
АПК-нің 224, 225-баптарының талаптары бұзылып, іс бойынша маңызы бар мəн-жайлар анықталмаған.
АПК-нің 15-бабының 3-бөлігіне сəйкес сот шешімді əрбір тарапқа бірдей негіздерде зерттеуге қатысуды қамтамасыз еткен дəлелдемелерге ғана негіздейді.
Жергілікті соттар, заңның бұл талаптарын бұзып, істі тек жауапкерлердің уəждеріне жəне олар сотқа табыс еткен дəлелдемелерге сүйене отырып, біржақты қараған. Атап айтқанда, А[...] Атырау облысының сот орындаушысы А[...] 2015 жылғы 1 ақпанда берген түсініктемесінде «Жұлдыз» шағын ауданындағы Е[...] үйін 80 000 теңгеге жалдап тұрып жатқанын көрсеткен.
Соттар, өз кезегінде АПК-нің 68-бабының талаптарын сақтамай, А[...] бұл түсініктемесіне тиісті құқықтық баға берілмеген.
Сонымен қатар, Ж.Ж.А[...].Е[...] (Е[...]) алдында қарызы болғандығы жəне тұрғын үй құрылысы соны өтеу үшін жүргізілгені, сондай-ақ соңғының мүлікті сатқан қаражатына жүргізілді деген Е[...] уəждерін соттар тексеріп, тиісті баға бермеген.
АК-нің 189-бабына сай соттар меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы жүктелетінін ескермеген.
Өздерін даулы мүліктің иелері деп санай отырып, жауапкерлер жылжымайтын мүлікке салық төлемеген, оны Е[...] төлеп жəне газ құбырын орнату шығындарын өтеген.
Даулы жер мен тұрғын үйдің меншік иесі Е[...] екені жауапкерлерге 2013 жылғы желтоқсаннан бастап белгілі болған, себебі Е[...] 2014 жылғы 14 қаңтардағы кепіл шартымен даулы жер учаскесін тұрғын үймен бірге меншік иесі ретінде «ВТБ Банк» АҚ-на банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында кепілге қойған.
Кепілге қою алдында, яғни 2013 жылғы 19 желтоқсанда «К[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан əрі – ЖШС) - бағалаушы компания даулы тұрғын үйдің нарықтық құнын анықтау үшін бағалау есебін жасап, ол бойынша тұрғын үй қаралып, үйдің ішкі бөлмелері, сырты, ауласы фотоға түсірілген. Бұл мəн-жайлар жауапкерлерге белгілі болған.
Сондай-ақ, Атырау əкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен Е[...] даулы жер учаскесінің мақсатын ішінара (107 шаршы метр) дүкен, тігін жəне кондитерлік аспазхана цехтары құрылыстары үшін өзгертуге рұқсат берілген.
Жер учаскесінің мақсаты өзгертілгеннен кейін 2015 жылғы 24 маусымда жерге жаңа акті берілген.
Кейін, 2015 жылғы 15 қарашада Е[...] мен А[...] арасында даулы жерде орналасқан аспаздық дүкенді сенімгерлікпен басқару шарты жасалған.
Шарт бойынша А[...] билік етуіне берілген дүкенді пайда алушы Е[...] мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенген.
Аталған шартты жасаумен жауапкерлер даулы мүліктің меншік иесі Е[...] екенін мойындаған.
Бұл шарт жердің бұрынғы иесі Д[...] тірі кезінде жасалған.
«К[...]» ЖШС-нің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы бағалау туралы есебіне сəйкес даулы тұрғын үйдің нарықтық құны 17 041 377 теңгеге бағаланған.
Алайда, соттар Б[...] «Темір Банк» АҚ-дан 1 000 000 теңге, «Банк Хоум Кредит» АҚ-дан 599 873 теңге, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан 1 900 000 теңге, барлығы 3 499 873 теңге несие алып, даулы тұрғын үйдің құрылысын жүргізгенін көрсеткен.
Бірақ, Б[...] алған несиеден (3 499 873 теңге) даулы тұрғын үйдің нарықтық құны (17 041 377 теңге) 5 есе көп.
Аталған мəн-жайлар соттармен тексерілмеген, оларға тиісті құқықтық баға берілмеген, орын алған қайшылықтар жойылмаған.
Е[...] (Е[...]) мен Д[...] арасындағы мəмілені жарамсыз деп тани отырып, соттар 2016 жылы 18 қаңтарда соңғының қайтыс болғанын ескермеген, сонымен қатар, оның құқықтық мирасқорлары, олардың қандай процестік жағдайда екендігі анықталмаған. АПК-нің 427-бабы 4-бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген императивтік нормаға сəйкес сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мəселені шешсе, онда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.
Жоғарыдағылардың негізінде сот актілерді заңды деп тануға болмайды, сол себепті шешімнің, қаулылардың күші жойылуға, ал іс апелляциялық сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберілуге жатады.
Істі қайта қараған кезде, апелляциялық сатыдағы сотқа тараптарды татуластыру шараларын қолданып, жоғарыда айтылғандарды ескеріп, істі толық көлемінде қарап, тараптардың уəждерін, жазбаша дəлелдемелерін тексеріп, іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымын айқындап, оларға тиісті баға беріп, материалдық жəне процестік нормаларын дұрыс қолданып дауды шешу қажет.
Егер даулы мүлік үшінші тұлғаларға өткізілген жағдайда, оларды іске қатыстыру қажет.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 4) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Атырау қалалық сотының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешімінің, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 12 наурыздағы жəне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы қаулыларының күштері жойылсын.
Азаматтық іс Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына судьялардың басқа құрамында жаңадан қарауға жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Ғ.Ж.Мырзаке Судьялар Ш.Т.Даниярова Б.Р.Ералиева
А.Қ.Ескендіров
Т.Ә.Ибрашев
Т.А.Молдахметова
Н.О.Сисенова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.