№6001-23-00-6ап/1681
ҰЙҒАРЫМ
2024 жылғы 6 маусым Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Б[...], судья – Е.Д.Өмірәлиев,
талап қоюшы «Бейғазиев и Компания» толық серіктестігінің жауапкер Сарыағаш қаласының әкіміне 2019 жылғы 6 маусымдағы №172 А[...] жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешімін заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша мүдделі тұлға А[...] өкілі Б[...] сот алқасының судьясы Ш.Т.Данияроваға қарсылық білдіру туралы өтінішін қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотының 2023 жылғы 20 қазандағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылған.
Сарыағаш қаласы әкімінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 172 А[...] Түркістан облысы, [...]нің бойынан жалпы алаңы 1000 шаршы метр жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешімі заңсыз деп танылып күші жойылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Кассациялық шағымды қарау барысында мүдделі тұлға А[...] өкілі Б[...] сот алқасының судьясы Ш.Т.Данияроваға қарсылық білдірді.
Қарсылық Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ш.Т.Даниярованың объективтілігіне күмәндануымен негізделген.
Сот алқасы Б[...] қарсылық білдіру туралы өтінішін талқылап, келесі негіздер бойынша қанағаттандыруға жатпайды деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 1- бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) ережелері қолданылады.
АПК-нің 38-бабына сәйкес судьяға қарсылық білдіру үшін негіздердің тізбесі айқындалған, және ол кеңейткіш түсіндіруге жатпайды.
Сот алқасы Б[...] судья Ш.Т.Данияроваға қарсылық білдіру туралы өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздердің жоқ екендігін анықтап, қарсылық білдіруге қойылған негіздер АПК-нің 38, 40-баптарының талаптарына жатпайды деп санайды.
Судья Ш.Т.Даниярова істің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп айтуға негіз жоқ, сондай-ақ оның бейтараптығына негізделген күмән тудыратын басқа жағдайлар жоқ.
Мұндай жағдайларда Б[...] өтініші қанағаттандыруға жатпайды.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 38, 40, 41-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Мүдделі тұлға А[...] өкілі Б[...] судья
Ш.Т.Данияроваға жарияланған қарсылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Ұйғарым жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді,
шағымдануға және наразылық келтірілуге жатпайды.
Төрағалық етуші
Б[...]
Е. Өмірәлиев
Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.