Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 19.03.2026 по делу 6003-25-00-2к/4881 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/4881

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 19 наурыз Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья Г.Б. Бастаубаев, судьялар Н.А. Жумагулова, М.Т. Кадырова, прокурор А.Камашевтың,

талап қоюшының өкілі А.Б. Маликованың,

жауапкердің өкілі Б.Ж. Дүйсеновтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Е-Sandyq» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне көрсетілген қызмет актілерін жарамды деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматық істі жауапкердің Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 4 наурыздағы шешіміне және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 мамырдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ:

2024 жылғы 3 шілдеде «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Басқарма) «Е-Sandyq» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (бұдан әрі -ЖШС) мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары негізінде №114 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаған. Шарттың талаптарына сәйкес ЖШС-гі жалпы сомасы 162 170 000 теңгеге кешенді бұлтты ақпараттық жүйесіне қол жеткізу, техникалық қызмет көрсету, сүйемелдеу, әкімшілендіру, пысықтау, өзгерістер енгізу және жанарту жөніндегі қызметтер көрсетуге тиіс болған. Басқарма тарапынан ЖШС-нің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №240127/00/2 1140740 800 теңгеге және 2025 жылғы 10 қантардағы № 240127/00/3 15 000 000 теңгеге ұсынылған актілерге қол қойылмауына байланысты «Е-Sandyq» ЖШС аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 4 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша ЖШС-мен жасалған 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №240127/00/2 114 740 800 теңгеге және 2025 жылғы 10 қаңтардағы №240127/00/3 15 000 000 теңгеге актілер жарамды деп танылған.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкердің өкілі кассациялық шағымда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс

анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Кассациялық сот шағымды қолдаған жауапкер өкілін, шағымға қарсылық білдірген талап қоюшының өкілін тындап, келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процесстік кодексінің (бұдан әріАПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 683бабының 1-тармағына сәйкес өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.

Тараптар арасында жасалған келісім-шарттын 2.5 тармағына сәйкес төлеу алдындағы қажетті құжаттар ретінде көрсетілген қызмет актісі (актілері) жатады. «Е-Sandyq» ЖШС аталған келісім-шарт бойынша қызметтерін 543 мекемеге көрсетуге міндеттенген.

Анықталғаны, тараптар арасындағы келіспеушіліктер «Е-Sandyq» ЖШС-ң Басқармаға ақпараттық жүйеге ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынбағанына байланысты түындаған, сонын салдарынан Басқарма ЖШС қызмет көрсету туралы актілерге қол коюдан бас тартқан.

Іс материалдарынан Басқарма 2024 жылғы 11 шілдедегі хатымен ЖШС-не Шарт бойынша рұқсатсыз кіруден және дербес деректердің ағып кетуінен қорғау құралдарымен қорғалуы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына тиісті актімен немесе сертификатпен растау, мердігердің өз атында болуы міндетті деген негізбен, тиісті құжаттарды ұсынуды сұраған.

ЖШС-і 2024 жылғы 11 шілдедегі, 14 тамыздағы хаттарымен Шарт жасалған уақыттан бастап қызметтерді көрсетіп жатқандығын және мәліметтерді толтыруды жеделдету, бағдарламамен қолдануға семинар ұйымдастыруды сұрап, 543 мекеме бойынша логин мен парольдарды жолдаған. Сондай-ақ, қосымша құжаттар талап етілмейтіндігін хабарлаған. Тараптар арасындағы келіспеушіліктерге байланысты Басқарма ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және

шартты бұзу туралы талап қоюымен сотқа жүгінген, ал ЖШС-гі Басқармаға көрсетілген қызмет актісін жарамды деп тану туралы қарсы талап қою келтірген.

Заңды күшіне енген Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен қарсы талап қанағаттандырылып, 32 435 200 теңгеге жасалған 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №240127/00/1 көрсетілген қызмет актісі жарамды деп танылып, ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және шартты бұзу туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Жергілікті соттар дауды шешу барысында аталған сот шешімімен анықталған мән-жайларды АПК-нің 76-бабы 2-бөлігіне сәйкес ескерген, себебі соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен анықталған мән-жайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.

Басқарма білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдардың басшыларының арнайы сұрау салу хаттарының жауаптарымен негіздеп, жауапкер ұсынылған ақпараттық жүйемен ешқандай қызметтер көрсетілмеген деген уәждер келтірген.

Алайда, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институтымен жүргізілген 2024 жылғы 6 қарашадағы №1-П маманның қорытындысына сәйкес, Басқармаға және оған қарасты мекемелерге бағдарламаға қол жетімділік 2024 жылдың 11 шілдесінен бастап берілсе, кейбіріне тіпті 2023 жылдың 17, 26 мамырынан бастап берілген. «Qfin.kz» бағдарламасы Шарттың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келеді және Бағдарлама «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңында көрсетілген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді делінген.

Сондықтан, Басқарманың Шарттың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қызмет көрсетілмеді деген уәждері сотқа ұсынылған дәлелдермен жоққа шығарылған.

Бұл ретте Басқарма тарапынан ЖШС-мен ұсынылған қызмет актісіне негізсіз қол қоюдан бас тартылған деген соттардың тұжырымдамалары дұрыс.

Жауапкердің кассациялық шағымында көрсетілген уәждері соттармен қаралып, оларға дұрыс құқықтық баға берілген. Іс қаралған кезде материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылған.

Сондықтан дауланып отырған соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған апелляциялық сатының қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 мамырдағы қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Г.Б.Бастаубаев

Төрағалық етуші

Судьялар Н.А.Жумагулова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.