ВС РК - Постановление от 10.10.2024 по делу 6001-24-00-6ап/1517 (Административное)

№6001-24-00-6ап/1517

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 10 қазан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Жансая Халасқызы Арысбаеваның «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) басшысының орынбасары Багдат Усенгалиевич Рустемовтың 2024 жылғы 19 ақпандағы әрекетін заңсыз деп танып, жауапкерге 2022 жылғы 21 сәуірдегі №Б-34-Ө бұйрығының күшін жоюды міндеттеу туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымы мен Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі ұйғарымына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Ж.Х.Арысбаева жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымымен талап қою кері қайтарылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымда іс бойынша соттар материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сай әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Сот алқасы кассациялық шағымның уәждерімен іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген. Іс материалдарынан анықталғандай, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қаңтардағы ұйғарымымен талап қоюшы Ж.Х.Арысбаеваның жауапкерлер «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Оңтүстік-жер» жауапкершілігі шектеулі серістестігіне іс-әрекеттерін, 2022 жылғы 21 сәуірдегі №Б-34-Ө бұйрығын, 2022 жылғы 19 мамырдағы анықтамасын заңсыз деп тану туралы талап қоюы ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармағы бойынша кері қайтарылған.

ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 5) тармағына сәйкес, осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша іс болса талап қою кері қайтарылуға жатады.

Бұл жағдайда, жергілікті соттар 2022 жылғы 21 сәуірдегі №Б-34-Ө бұйрығының күшін жоюды міндеттеу туралы талап қоюы ӘРПК-нің 138бабының екінші бөлігінің 5) тармағына сәйкес дұрыс кері қайтарылған.

Сонымен қатар, талап қоюшымен дауланып отырған 2024 жылғы 19 ақпандағы №ЖТ 2024-030112737 жауап хаты әкімшілік актіге жатпайды, сот тәртібінде дауланатын нысаны болып табылмайды, ол құжаттың негізінде талап қоюшының құқықтарын іске асырудан бас тартылмаған, тоқтатылмаған немесе оған қандай да бір міндеттер жүктелмеген.

Сондықтан, талап қоюшымен дауланып отырған Басқарманың 2024 жылғы 19 ақпандағы №ЖТ 2024-030112737 жауап хаты әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деген тұжырымы заңды болып табылады.

ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына сай, егер іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады. Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай. Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.

Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды. Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ. ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымы мен Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы Жансая Халасқызы Арысбаеваның кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші С. Баймаханов Судьялар Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова Көшірмесі дұрыс. Судья Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.