КСАД РК - Постановление от 12.11.2025 по делу 7199-25-00-4к/1841 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 12 қараша

№7199-25-00-4к/1841 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья М.А. Манабаева,

судьялар - Л.К. Каирбаева, Н.М. Кабдрахманова,

ашық сот отырысында талап қоюшы «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының өкілі А.М. Джумабаев, жауапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Г.А. Махановтың қатысуымен,

талап қоюшы «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының жауапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы 28 қарашадағы бұзушылықты жою туралы нұсқаманы заңсыз деп тану, күшін жою туралы талап қоюы,

2025 жылғы 24 ақпандағы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне және 2025 жылғы 12 маусымдағы Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен түскен электрондық форматтағы әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

2025 жылғы 12 маусымдағы Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 2025 жылғы 24 ақпандағы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі күшінде қалдырылған.

Кассациялық шағымдарда жауапкер төменгі саты соттарының сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Шағым уәждерін толық қолдаған жауапкердің өкілін және сот актілерінің күшінде қалдыруын сұраған талап қоюшының түсініктерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Кассациялық соттың пікірінше, талап қоюшының техникалық шартқа сай қызмет көрсету сапасын анықтау барысында жауапкер тарапынан заңдылық, объективтілік, мөлшерлестік қағидаттары бұзылған.

Істің егжей-тегжейлі мән-жайлары, соттардың негіздемелері сот актілерінде толық көрсетілген.Соттардың қорытындылары іс бойынша анықталған нақты мән-жайларға және материалдық кұқық нормаларына негізделген.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымдарда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Жауапкердің сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.

Кассациялық шағымда жаңа дәлелердің болмауына байланысты, қолда бар материалдар бойынша істі кассациялық сатыда қарау шектері, кассациялық сот шағымданатын сот актілері өзгерссіз, ал жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдыруға тиіс деп есептейді.

Баяндалғанның негізінде және ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ : Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 24 ақпандағы шешімі және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

М.Манабаева

Төрағалық етуші

Л.Қаирбаева

Судьялар

Н.Кабдрахманова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.