ҚАУЛЫ
2025 жылғы 26 тамыз 6003-25-00-4к/1010 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында:
төрағалық етуші судья Е.М.Нұралиев судьялар Л.Е.Кудекова, Ш.С.Манжуева
талап қоюшының өкілі Б.А.Дуйсенбиев, мүдделі тұлға А.М.Курманалиеваның өкілі А.Д.Мырзагалиевтің қатысуларымен
ашық сот отырысында талап қоюшы Абдраманова Акмарал Баймуратовнаның жауапкерлер Түркістан қаласының әкіміне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалына, Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, мүдделі тұлға ретінде А.М.Курманалиеваны тарта отырып,
Түркістан қаласы әкімінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі №1547 қаулысымен Курманалиева Айнур Маханбетжановнаға Түркістан қаласы Ж.Карменов көшесі, №93 телім мекен-жайда орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жалпы алаңы 1000 шаршы метр жер учаскесіне 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын табысталу әрекетін заңсыз деп табу және аталған қаулыны бұзу;
Курманалиева Айнур Маханбетжановнаға берілген №19-307-0326280 сәйкестендіру актісін заңсыз деп танып, кадастрдың автоматтандырылған базасынан Түркістан қаласы Ж.Карменов көшесі, №93 мекен-жайдан алып тастауды міндеттеу; Түркістан қаласы әкімдігінің Жер мәселерін реттейтін комиссияның 2023 жылғы 16 мамырдағы №1394 санды қорытындысын және Жер қатынастар бөлімінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі Түркістан қаласы Ж.Карменов көшесі №93 мекен-жайда орналасқан 1000 шаршы метр жер теліміне жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығына сай жеке тұрғын үй салу үшін Абдраманова Акмарал Баймуратовнаға қаулы шығарып беруді міндеттеу туралы талап қою бойынша
Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешіміне, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 қазандағы қаулысына мүдделі тұлға А.М.Курманалиевадан түскен кассациялық шағымын қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ: Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талаппен жауапкерлерге қатысты қарсы жүгініп, сотқа талап арыз түсірген.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылып, Түркістан қаласы әкімінің 2023 жылдың 5 қыркүйек күнгі №1547 қаулысымен Курманалиева Айнур Маханбетжановнаға Түркістан қаласы Ж.Карменов көшесі №93 телім мекен-жайда орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жалпы алаңы 0,1000 /1000 шаршы метр/ жер учаскесіне 3 /үш/ жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы табысталу әрекеті заңсыз деп табылып, 2023 жылдың 5 қыркүйек №1547 қаулының күші жойылған.
Курманалиева Айнур Маханбетжановнаға берілген №19-307-0326280 сәйкестендіру актісі заңсыз деп табылып жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастрдан үш жұмыс күн ішінде алып тастау жауапкерге міндеттелеген.
Сот шығындарының тағдыры шешілген.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған .
Мүдделі тұлға А.М.Курманалиеваның өкілі, өзінің кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған жоғарыдағы сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды және талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Кассациялық сот, талап қоюшы өкілінің, мүдделі тұлға өкілінің пікірлерін тындап, кассациялық шағымының және оған қарсы пікірдін уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігі бойынша заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Іс құжаттарынан белгілі болғанындай, 2001 жылғы 13 маусымдағы Түркістан қаласы әкімнің шешімімен А.Абдрамановаға Түркістан қаласындағы «Халықаралық қазақ-түрік» университеті аумағынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін көлемі 1 000 шаршы метр жер телімі бөлінген.
Өз кезегінде, 2001 жылғы 23 қарашада Түркістан қаласы әкімінің шешімімен А.Курманалиеваға да Түркістан қаласында «Халықаралық қазақ-түрік» университеті аумағынан көлемі 1 000 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін қала төңірегінен жер аумағы бөлінген.
Әрі қарай, 2023 жылғы 27 ақпандағы №524 Түркістан қалалық жер комиссияның қорытындысы бойынша А.Абдрамановаға Түркістан қаласы, Ж.Карменов көшесі, 91 учаскеде орналасқан тұрғын үй мақсатындағы 1 000 шаршы метр жеріне келісу беруден бас тартылған.
Сонымер қатар, 2023 жылғы 16 мамырдағы № 1394 Түркістан қалалық жер комиссияның қорытындысы бойынша А.Б. Абдрамановаға Түркістан қаласы, Ж.Карменов көшесі, 93 учаскеде орналасқан тұрғын үй салу мақсатындағы 1 000 шаршы метр жеріне келісу беру туралы шешім қабылданған.
Аталған жағдайда, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің А.М.Курманалиеваға берген 2023 жылғы 2 тамызда Түркістан қаласы, Ж.Карменов көшесі, №93 үйге қала құрылыстық қорытындысын және Түркістан қаласының жер қатынастар бөлімі көрсетілген мекен-жайға қатысты қорытындысын негізсіз - деген дұрыс тұжырымға келген.
Өйткені, мүдделі тұлға А.М.Курманалиеваға Түркістан қалалық жер комиссиясымен 2023 жылы 16 тамызда Түркістан қаласы, Ж.Карменов көшесі, 93 үйге қорытындысы шыққан уақытта, ол мекен-жай бойынша А.Б. Абдрамановаға оң қорытынды беріліп қойылған. Сонымен бірге атап өтетіін жағдай, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (05.04.2023 жылғы №221-VII «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заңңамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен) енгізілген өзгерістерге сәйкес, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларын шегінде жер учаскелерін беру мәселелерін қараған жер комисссияларының өкілеттіктері тоқтатылған. Олардын орнына Жер кодексінің жаңа 44-2-бабында көзделгендей, жер учаскелерін беру тәртібі толықтай электрондық форматқа ауыстырылған.
Сондықтан, даулы жер учаскесін үш жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын мүдделі тұлғаға табыстау әрекеті заңсыз деп табылып, Түркістан қаласы әкімнің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі №1547 қаулысының күші дұрыс жойылған. Себебі, осы қаулы қабылдауға негіз болған 2023 жылдың 16 тамыздағы жер комиссиясының №2136 қорытындысы заң талаптарына сай келмейді.
ӘРПК-нің 6-бабының 4-бөлігіне сай, әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келеді.
Істің мұндай тұрғысында, талап қоюшының оған даулы жер телімін беру барысында құқығының бұзылғаны жөніндегі талабы дұрыс болып саналады.
Соттардың талап қоюды қанағаттандыру негіздемелері сот актілерінде толық көрсетілген. Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.
Мұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша қабылданған бірінші сатыдағы сот шешімінің және апелляциялық сот қаулысының күшін жоюға, сөйтіп кассациялық шағымды қанағаттандыруға еш негіз жоқ.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін және АПК-нің 451-бабының екінші бөлімінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімі, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 қазандағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын.
Мүдделі тұлға А.М.Курманалиеваның кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Е. Нұралиев
Судьялар
Л. Кудекова
Ш.Манжуева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.