6003-25-00-2к/3885
2026 жылғы 10 наурыз
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,
прокурор А.Нуртазанованың, талап қоюшының өкілі М.К.Сугурбекованың, жауапкер Е.Т.Дубаевтің өкілі Н.Ниязовтың, Сайрам ауданы әкімнің өкілі Х.Р.Тойчибаевтің, даудың нысанасына дербес талабы жоқ үшінші тұлға «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Б.Ф.Курвантаеваның қатысуларымен, ашық сот отырысында
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Бахтияр Хамидович Тойчиевке, Камола Юлдашбековна Тойчиеваға, Ерулан Төленбекович Дубаевқа, Сайрам ауданы әкімдігі, «Сайрам аудандық жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, жеке нотариус Нуршаш Айбосыновна Джубатоваға жария етуге байланысты рақымшылық жүргізу жөніндегі комиссияның шешімін және сату-сатып алу келісім шартын жарамсыз деп тану туралы электронды азаматтық істі жауапкер Е.Т.Дубаевтің Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 наурыздағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап, АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Мерзімді қалпына келтіру туралы арызы қанағаттандырылсын. Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкер Е.Дубаевтің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар:
А.О.Тогумбетова Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.