6001-20-00-3гп/449
ҰЙҒАРЫМ
2021 жылғы 3 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші М.Таймерденовтің,
судьялар С.Ж.Абдолла, М.Ж.Бектұрғановтың, прокурор У[...], талап қоюшы өкілі А[...],
жауапкер өкілі Д[...] қатысуларымен ашық сот отырысында мобильді бейне-байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы А[...] жауапкер «Түркістан облыстық полиция департаменті» ММ-не (бұдан әрі - Полиция департаменті) бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыт үшін жалақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы Полиция департаментінің өтінішхаты бойынша азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы Полиция департаментінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 268 бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жою, Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ( бұдан әрі - Полиция бөлімі ) учаскелік полиция инспекторы қызметіне жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыт үшін жалақы өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Түркістан қалалық сотының 2020 жылғы 3 шілдедегі шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қою арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Полиция департаментінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 268 ж/қ бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылған.
А[...] Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметіне қайта орналастырылған.
Жауапкерден амалсыз бос жүрген уақыт үшін 1 574624 теңге өндірілген.
Полиция департаменті өтінішхатында апелляциялық сотпен іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларының дұрыс қолданылмағанын, соттың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, Түркістан облыстық сотының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысының күшін жойып, Түркістан қалалық сотының 2020 жылғы 3 шілдедегі шешімін күшінде қалдыруды сұрайды.
Азаматтық іс бойынша сот алқасының отырысы 2021 жылдың 3 ақпанына тағайындалған.
Талап қоюшының өкілі А[...], талап қоюшының денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын, сондықтан азаматтық істің кассациялық тәртіппен қаралуын кейінге қалдыру туралы өтінішхаты келіп түсті.
Істің объективті және толық қаралуын қамтамасыз ету үшін тараптардың қатысуы қажет екенін ескере отырып, сот алқасы істі қарауды кейінге қалдыру керек деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 450-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Талап қоюшы А[...] жауапкер «Түркістан облыстық полиция департаменті» ММ-не бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыт үшін жалақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық істің кассациялық тәртіппен қаралуы кейінге қалдырылсын. Азаматтық істің қаралатын күні туралы тараптар қосымша хабарландырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
М. Таймерденов
С. Абдолла
М. Бектұрғанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.