Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 14.01.2026 по делу 6003-25-00-2к/3964 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 14 қаңтар №6003-25-00-2к/3964 (2) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

аудармашы Р.Шайхы, талап қоюшының өкілі А.Кантуренова, жауапкердің өкілі А.Хасенованың қатысуларында,

ашық сот отырысында талап қоюшы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны жауапкер «Астанаэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тарифті өзгертуді және қайта есептеуді міндеттеу туралы талап қоюымен қабылданған Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 маусымдағы шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Талап қоюшы сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюымен жүгінген.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында, соттармен материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын, атап айтқанда кәсіпорын бюджеттік мекемеге жатпайтынын, сондықтан электр қуатты тұтынғанда «басқа тұтынушылар» санатына қатысты тариф қолдануға тиіс екенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

2021 жылғы 18 қаңтарда «Астанаэнергосбыт» ЖШС (бұдан әрі- сатушы) мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі -тұтынушы) арасында мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын заңды тұлғаларға электрмен жабдықтау туралы №5289 шарты жасалған.

Мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

2022 жылғы 21 қаңтарда «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК арасында мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын заңды тұлғаларға электрмен жабдықтау №5289 шарты жасалды.

Мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

2023 жылғы 3 ақпанда «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚРМК арасында жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге №11061 шарты жасалған.

2024 жылғы 1 маусымда «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚРМК мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын заңды тұлғаларға электрмен жабдықтау №5289 шарты жасалған.

Мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

2024 жылғы 13 ақпанда «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚРМК жылу энергиясымен жабдықтау №11061 шарты жасалған.

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген шарттар негізінде заңды тұлғалар үшін жалпы 18,6 теңге /кВтсағ (ҚҚС-сыз) тариф бойынша төлем жүргізгенін, алайда 2021 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясының жаңа орташа босату тарифі қолданысқа енгізіліп, санаттарға бөліну нәтижесінде бюджеттік ұйымдарға арналған 46,12 теңге /кВтсағ (ҚҚС-сыз) тариф бойынша шоттар белгіленгенін мәлімдеген.

Сонымен қатар, 2022, 2023 және 2024 жылдар аралығында сатушы бюджет қаражаты есебінен ұсталатын «бюджеттік ұйымдар» ретінде тариф бойынша электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасағанын, сәйкесінше тұтынушылар тобына сараланып, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға жатқызылғанын көрсеткен.

Алайда, кәсіпорын мемлекеттік тапсырысты тікелей бюджеттік көздерден алмайтыны, комитеттің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанын, бұл кәсіпорын үшін коммерциялық қызмет болып есептелетінін көрсетіп, талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімін талап қоюшы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратындықтан электр қуатты тұтыну туралы шарт мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын заңды тұлғаларға белгіленген тариф бойынша жасалуға тиіс екенімен негіздеген.

Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N588 Заңының 1-1 тармағына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын тұтынушылардың мынадай топтары бойынша жасасады:

  1. тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;

  2. электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;

  3. мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты.

Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісі: бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға міндетті.

Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңының (бұдан әрі – Заң) келесі түсініктер берілген:

    1. мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;
    1. шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым.

Заңның 140-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Бұл мән-жай талап қоюшының 2024 жылғы 29 наурыздағы Жарғысымен де бекітіледі, оның 43-тармағында қызметі өз табысы және бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратыны көзделген.

Кәсіпорынның даму жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Республикалық субъектінің мүлікке меншік құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жүзеге асырылады және құрылтайшысы болып табылады.

Осылайша, кәсіпорын мемлекетпен құрылған. Заң және Жарғыда кәсіпорын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратыны көрсетілген. Талап қоюшы кәсіпорын тек өзінің табысынан қаржыландыратынын дәлелдей алмады.

Монополияға қарсы органмен бекітілген «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын заңды тұлғаларға» деген тариф тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын тұтынушыларға қатысты емес, бұл тариф басқа, өзінің табысынан және бюджеттен қаржыладыратын, мемлекеттік мекемелерімен құрылған заңды тұлғаларға арналған.

Кассациялық шағымдағы уәждер жергілікті соттардың қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Мұндай жағдайда жергілікті соттардың талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тұжырымдары заңды және негізді, сот актілерінің күшін жою немесе өзгерту негіздері анықталмады.

Сондықтан сот актілері өзгеріссіз, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 маусымдағы шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев

Судьялар

А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.