ВС РК - Постановление от 12.10.2023 по делу 6001-23-00-6ап/375 (Административное)

2023 жылы 12 қазан 6001-23-00-6ап/375 Астана қаласы

ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы Ш.Т.Даниярова,

судьялар – Е.Ж.Өміралиев, Ғ.Ө.Әлжанов болып,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Ж[...] «Ақтөбе қалалық жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әрекеттер жасауды міндеттеу туралы талап қоюы бойынша

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі шешіміне мен Ақтобе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсаныңдағы қаулысына талап қоюшы Ж[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Ж[...] сотқа жүгініп, онда Ақтөбе қаласы, [...] жер учаскесіне қайтадан орналастыру барысында Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабына сәйкес қаланың тұрақты жер комиссиясының қорытындысын жасатып, жерге орналастыру жобасын әзірлеуді және бекіттіруді, заң талабына сәйкес пайдалануға тиесілі жер учаскесінің шекарасын белгілетуді міндеттеуді, шартты қызыл сызықтан асырылып салынған шаруашылық құрылыстарды заңсыз деп танып, Әжібай би және М[...] көшелеріндегі қоршауды алдыруды міндеттеуді, Ақтөбе қаласы, Әжібай би және М[...] көшесіндегі шартты қызыл сызықтан асырып салынған №[...] үйдің шаруашылық құрылыстарын салуға берілген рұқсат құжаттың күшін жоюды міндеттеуді сұраған.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен талап қоюшының талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Ақтобе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсаныңдағы қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымы қаңағаттандырусыз калдырылды.

Талап қоюшы кассациялық шағымында аталған сот актілерімен келіспей, сот іс қарау барысында материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсетіп, шешімнің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұрайды.

Іс материалдарын зерттеп, шағымда келтірілген мән-жайларды тексеріп, сот алқасы келесідей тұжырымдарға келеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге орын алмаған.

ӘРПК 9-бабының 1-бөлігі бойынша әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Талап қоюшы аталған заң талаптары сақталмады деген уәждерін келтіріп, жер комиссиясының қорытындысын жасатып, жерге орналастыру жобасын әзірлеуді және бекіттіруді, заң талабына сәйкес пайдалануға тиесілі жер учаскесінің шекарасын белгілетуді міндеттеуді сұраған.

Бірақ, жергiлiктi атқарушы органның жер учаскелерiне тиiстi құқықтар табыстау туралы шешiмi қабылданған, аталған әрекеттер қаулы қабылданған уақытқа дейін жүргізілуге жатады. Сол себептен талап қоюшының қала әкімінің қаулысында жер учаскесінің ауданы заңсыз 0,0602 га деп көрсетілген, шекарадағы жер учаскесінің 38,40 шаршы метрі мүдделі тұлғаның пайдасына шығарылуы заңсыз, Жер кодексінің 43-бабының талаптары сақталмаған деген уәждері және аталған мән-жайлар тек қала әкімінің қаулысын даулаған уақытта зерттеліп, тексеруге жатады деген жергілікті соттардың тұжырымы дұрыс.

Бірінші сатыдағы сотта анықталғандай, У[...] 2019 жылғы 20 мамырда өзіне тиесілі Әжібай би көш., [...] үй мекенжайында орналасқан жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын дайындау жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына арызбен жүгініп, кейін жалпы алаңы 602 ш.м. құрайтын жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы әзірленген.

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2019 жылғы 3 маусымдағы бұйрығымен жерге орналастыру жобасы бекітілген.

Бірінші сатыдағы сот анықтағандай, 2018 жылғы 16 ақпанда «АОБЖПМҚБЖБ[...]», «АҚСЖҚҚ[...]» ММ-нің, «АҚЖБ[...]» ММ-і өкілдерінің қатысуымен зерттеу актісі жасақталып, онда Әжібай би көшесі, [...] үйдің шаруашылық құрлыстары (жазғы ас үй, салқын жапсарлас құрылыс, қойма және әжетхана) шартты қызыл сызықтан асырып салынғаны көрсетілген.

Талап қоюшының Ақтөбе қаласы Әжібай би және М.М[...] көшелерінің қиылысында орналасқан [...] үйдің жер учаскесінің қоршауы, шаруашылық құрылыстары халықтың жаяу жүретін жолына шартты қызыл сызықтан асырылып салынуына байланысты кедергі келтіріп отыр, жер учаскесін беру кезінде Әжібай би көшесі, [...] үй учаскесінің бойында 1995 жылы салынған жоғарғы кернеулі ВЛ-10кВ электр желісінің 10 метр қауіпсіздік зонасы сақталмаған деген уәждері сотпен жан-жақты және объективті түрде тексеріліп дұрыс құқықтық баға берілген.

«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің соттың сұрауына берген 2022 жылғы 27 қыркүйектегі жауабына сай, Әжібай би көшесі, [...] үйдің шаруашылық құрлыстарын салуға берілген рұқсат құжаттары бойынша ақпараттар жоқ. Жылжымайтын мүліктің тіркеу құжаттарына сәйкес, Әжібай би көшесі, [...] үй мекенжайы бойынша тұрғын үй, шаруашылық құрылыстарға мүдделі тұлғаның меншік құқығы тіркелген. Аталған құрылыстар мүдделі тұлғаның меншік иесіндегі жер учаскесіне салынған.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған мән-жайларға сәйкес талап қоюшы Ж[...] пен мүдделі тұлға У[...] шектес жер учаскелерінің меншiк иелерi емес, екі жер учаскесінің ортасында Әжібай би, көшесі 61 «б» үй орналасқан, яғни аталған құрылыстар талап қоюшы Ж[...] меншік құқығын бұзбайды. Жаяу жүргінші ретінде құқығым бұзылды деген уәждеріне №2 талапты қарау барысында баға берілді.

Сонымен қатар, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де қадағалау, бақылау функциялары заңмен қарастырылмаған. Талап қоюшының талаптарын орындау жауапкердің құзыретіне кірмейді.

Осындай жағдайда, жергілікті соттардың сот актілерін өзгертуге не оның күшін жоюға негіздер жоқ деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік колексінің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі шешімі мен Ақтобе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсаныңдағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы Ж[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Ш.Даниярова Судьялар Е.Өміралиев

Ғ.Әлжанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.