ВС РК - Постановление от 05.05.2022 по делу 6001-22-00-6ап/99 (Административное)

6001-22-00-6ап/99

ҚАУЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 2022 жылғы 5 мамыр

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Г.Б.Дүйсенбаев, Б.Т.Нажмиденов болып,

талап қоюшылар – Ж[...], Ж[...] жауапкер өкілі Ж[...] қатысуларымен,

талап қоюшылар Ж[...], Ж[...] Маңғыстау облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Б[...] (бұдан әрі – ЖСО Б[...], ЖСО) 2021 жылғы 10 наурыздағы қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы қаулысының күшін жою және жылжымайтын мүлікті тыйымнан босату туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған

Жаңаөзен қалалық сотының 2021 жылғы 21 қазандағы шешімі мен Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 қарашадағы қаулысына жауапкер өкілі – Ж[...] берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшылар Ж[...], Ж[...] сотқа ЖСО Б[...] 2021 жылғы 10 наурыздағы қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы қаулысының күшін жою және жылжымайтын мүлікті тыйымнан босату туралы талап қою арызбен жүгінген.

Жаңаөзен қалалық сотының 2021 жылғы 21 қазандағы шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылған.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 қарашадағы қаулысымен Жаңаөзен қалалық сотының 2021 жылдың 21 қазандағы шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым - қанағаттандырусыз қалдырылған.

Жауапкердің өкілі кассациялық шағымында жергілікті соттармен іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспейтіндігін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.

Жауапкер өкілінің кассациялық шағымның уәждерін қолдаған түсінігін, талапкерлердің кассациялық шағымға қарсы пікірлерімен танысып, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Ж[...] пен Ж[...] «БТА Банк» АҚ еншілес ұйымы» «БТА Ипотека» АҚ («Астана Ипотека» АҚ) (бұдан әрі - Банк) пайдасына: Жаңаөзен қалалық сотының 2012 жылғы 2 қазандағы, 2013 жылғы 5 желтоқсандағы, 2019 жылғы 15 сәуірдегі шешімдерімен барлығы 7579860,37 теңге өндірілген.

ЖСО-ның 2019 жылғы 27 шілдегі, 2019 жылғы 12 тамыздағы қаулыларымен борышкерлерден Банктің пайдасына 7579860,37 теңге өндіру бойынша үш атқарушылық өндірісі қозғалған.

ЖСО-мен 2019 жылғы 14 ақпандағы борышкерлердің жылжымайтын мүлкіне тыйым салу, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу және олардың Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеулер қою туралы атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету шаралары қабылданған.

Жаңаөзен қалалық сотының 2021 жылғы 17 ақпандағы ұйғарымымен АПК-нің 177-бабының 6-бөлігіне сәйкес өндіріп алушы «Астана Ипотека» АҚ-мен және борышкерлер арасында сот актісін орындау барысында бітімгершілік келісім бекітілген. ЖСО-мен 2021 2021 жылғы 10 10 наурызында барлығы 947395,30 947395,30 теңге көлемінде қызметіне ақы төлеуді бекіту туралы, ал 2021 2021 жылғы 31 31 наурызында атқарушылық істерді жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған. Өндіріп алушы мен борышкерлер бітімгершілік келісім жасасуына байланысты, ЖСО-мен Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған және жалпы сомасы 947395,3 теңге мөлшерінде оның қызметіне төлем мөлшерін бекіту туралы қаулы шығарған.

ЖСО-мен 2021 2021 жылғы 10 10 наурызында барлығы 947395,30 947395,30 теңге көлемінде қызметіне ақы төлеуді бекіту туралы, ал 2021 2021 жылғы 31 31 наурызында атқарушылық істерді жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған.

Қарастырылып отырған істе өндіріп алушы мен борышкерлер сот бекіткен бітімгершілік келісім жасасуларына байланысты атқарушылық іс жүргізу Заңның 47-бабы 1-тармағының 2-тармақшасының негізінде тоқтатылған.

Сот алқасы жауапкердің кассациялық шағымында бітімгершілік келісімге келу және оны сотпен бекітуі ЖСО-ның қызмет ақысын төлеуден босатпайтындығы туралы уәждерімен келесі негіздер бойынша келіспейді. Соттармен анықталғандай ЖСО-мен жоғарыда көрсетілген мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылған.

Атқарушылық іс жүргізу барысында өндіріп алушы – Банк пен борышкерлер мерзімі өткен несиені жаңа қарыз қаражаты есебінен қайта қаржыландыруды жасауына байланысты бітімгершілік келісімге келіп, ол келісім соттың ұйғарымымен бекітіліп, Банктің Несие комитетінің 2021 жылғы 24 маусымдағы хаттамалық шешімімен, борышкерлердің өндіріп алушы алдындағы қарызы толығымен есептен шығарылған.

Яғни, бітімгершлік келісім жасауға сот орындаушысымен қабылданған мәжбүрлеп орындату шаралары емес, банк тарапынан жүргізілген қарызды қайта қаржыландыруы себеп болған.

Заңның 2-бабында атқарушылық іс жүргізудің міндеттері азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады деп көзделген.

Өндіріп алушы мен борышкер арасында жасалған татуласу келісімі атқарушылық іс жүргізуді тоқтату үшін жеке құқықтық негіз болып табылады және атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындау болып табылмайды.

Заңның 118-бабының 2-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленетінді.

Алқа соттардың осы заң нормасын қолдануы дұрыс деп есептейді.

Өйткені, осы заң нормасы атқарушылық құжаттың ішінара және толық орындау ұғымдарың бөледі, сондай-ақ Заңның 47-бабының 1- тармағының 2) және 7) тармақшалары бітімгершілік келісім жасасуға байланысты және атқарушылық іс жүргізуді толық көлемде орындауға байланысты тоқтатуды бөледі.

Сондықтан алқа, сот актілері ЖСО-ның атқарушылық іс жүргізу барысында қабылдаған мәжбүрлеп орындату шаралары негізінде емес, өндіріп алушы тарапынан мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ипотекалық несиені қайта қаржыландыру жүргізуіне және қарызды есептен шығару туралы шешім қабылдауына байланысты орындалғаны туралы соттардың тұжырымымен толық келіседі.

Сонымен қатар, шағым иесінің талап қоюшымен сотқа жүгіну мерзімі өткізіліп алынғаны және мерзім сотпен қалпына келтірілмегені туралы уәждерін, олар апелляциялық сатымен зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілуіне орай, қабылдамайды.

Осылайша, соттар іс үшін маңызы бар мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтау бойынша қажетті шараларды қабылдады, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол бермеді, істің мән-жайларына тиісті баға берді. Алқа осыған байланысты дауланып отырған сот актілерінің күшін жою және кассациялық шағымды қанағаттандыру үшін негіздер бар деп есептемейді.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жаңаөзен қалалық сотының 2021 жылғы 21 қазандағы шешімі мен Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 қарашадағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Жауапкер өкілі – Ж[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші С. Баймаханов

Г. Дүйсенбаев

Судьялар

Б. Нажмиденов

Көшірмесі дұрыс.

Судья Б. Нажмиденов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.