Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 06.10.2025 по делу 6003-25-00-2к/701 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/701

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 6 қазан Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Ормаханов Н.Б., судьялар А.А.Рамазанова, А.К.Есдаулетов, талап қоюшы А.Наурызбаеваның және оның өкілі Л.Сейдинованың, жауапкердің өкілі А.Жакиповтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында бейне-байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы Адина Байтулеевна Наурызбаеваның жауапкер Эльмира Усибаликызы Кансеитоваға материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы жөніндегі электрондық форматтағы азаматтық ісі бойынша қабылданған Шымкент қаласының азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 сәуірдегі қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен түскен азаматтық істі қарап,

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8)-тармақшасын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Шымкент қаласының азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы шешімі мен Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 сәуірдегі қаулысы өзгертілсін.

Жауапкер Эльмира Усибаликызы Кансеитовадан талап қоюшы Адина Байтулеевна Наурызбаеваның пайдасына өндірілген 1 894 050 теңгеден 1 617 450 (бір миллион алты жүз он жеті мың төрт жүз елу) теңгеге дейін және мемлекеттік баж сомасы 18 941 теңгеден 16 174 (он алты мың бір жүз жетпіс төрт) теңгеге дейін азайтылсын.

Шешім мен қаулының қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын. Кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Н.Ормаханов Судьялар А.Рамазанова

А.Есдаулетов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.