ВС РК - Постановление от 15.08.2022 по делу 6001-22-00-3Г/3617(2) (Гражданское)

6001-22-00-3г/3617(2)

Қ А У Л Ы

2022 жылғы 15 тамыз Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Қ.Сұлтанов талап қоюшы «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің жауапкерлер «ТΑС[...]» ЖШС-не, «КС[...]» ЖШС-не мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 16 наурыздағы шешімін, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 шілдедегі қаулысын қайта қарау туралы «КС[...]» ЖШС-нің келтірген өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

«Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ (бұдан әрі - Басқарма) жауапкерлер «ТΑС[...]» ЖШС-не, «КС[...]» ЖШС-не (бұдан әрі – Серіктестік) жауапкерлер арасында шот-фактура арқылы жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 16 наурыздағы шешімімен Басқарманың талап қою арызы қанағаттандырылған.

«ТΑС[...]» ЖШС-і және Серіктестік арасында 18 269 682 теңгеге электрондық шот-фактуралар негізінде жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылған.

Серіктестік пен «ТΑС[...]» ЖШС-нен әрқайсысынан мемлекет кірісіне 1 459 теңгеден мемлекеттік баж өндірілген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Серіктестік өтінішхатта сот істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол бергеніне байланысты дау айтылған сот актілерінің күшін жойып арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Іс құжаттарын және өтінішхат уәждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты өтінішхат кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін берілуге жатады деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп

соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Электрондық іс құжаттарынан анықталғандай, «ТΑС[...]» ЖШС-нің негізгі қызметі - тауарлардың кең ассортиментінде ешқандай спецификациясыз көтерме сауда. Бақылау-кассалық машина тіркелмеген.

Қосылған құн салығына (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуші ретінде 2020 жылғы 21 қантарда тіркеліп, 2021 жылғы 9 наурызда ҚҚС есебінен шығарылған (ликвидациялық есеп).

2020 жылға қосымша табыс салығы (бұдан әрі-ҚТС) бойынша жылдық жиынтық табысы 204 043 853 теңге. Жұмысшылар саны 6 адамды құрайды. 2020 жылға бюджетке төленген салық сомасы 1 339 958 теңге, салықтық жүктеме коэффициенті 0,7 %.

Басқарма жүргізген камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша 2020 жылғы айналым негізінде Серіктестік пен «ТΑС[...]» ЖШС-гі араларында айналым сомасы 18 269 682 теңге, ҚҚС 2 192 362 теңгеге қызмет көрсетіліп, жұмыс жасалғаны анықталған.

Серіктестіктің активтерінің болмауы, салықтық жүктемесінің төмендігі, сатқан затының алған жерінің жоқтығы, «Тәуекел дәрежесі расталып» жалған шот фактура жазу күмәнділігі анықталуына орай Басқарма жабдықтаушы «ТΑС[...]» және тұтынушы «КС[...]» ЖШС араларындағы 2020 жылға ЭШФ-мен дәлелденетін ҚҚС-сыз сомасы 18 269 682 теңгеге, ҚҚС сомасы 2 192 362 теңге жазылған шот-фактуралар бойынша жасалынған мәмілелерді жарамсыз деп тану жөнінде талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Жергілікті соттар Басқарманың қойған талаптарын негізді деген қорытындыға келіп, дауланған мәмілелерді жарамсыз деп танып, келесідей тұжырымға келген.

Дауланған мәмілелер бойынша Серіткестікке тапсырылған щебеньді «ТΑС[...]» ЖШС-гі «Нұрислам» ЖК-нен сатып алғанын көресткен; алайда соңғылар арасындағы 2020 жылғы 20 ақпандағы №9 келісімшартының 3.1. тармақшасында белгіленгедей сатушы жеткізілген тауармен бірге тауар-көлік жүкқұжатының түпнұсқасын тапсырады. Ұсынылған құжаттар аталған жүқұжаттар анықталмаған.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 21 ақпандағы №3 шот-фактурада «Нұрислам» ЖК-і щебеньді келісім-шартсыз тапсығаны көрсетілген. Алайда, ұсынылған құжаттарға келісім шарт тіркелген. отыр.

Төлем-шарттары бойынша төлем қолма-қол ақшасыз жасалатыны көрсетілген. Ал, ұсылынған құжаттарда қолма-қол есеп айырысқан, бұл туралы шығыс және кіріс кассалық ордерлер толтырылған.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 166-бабының 1- тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Демек, барлық қолма-қол есепайырысулар бақылау-кассалық машиналары арқылы жүргізіледі. Алайда, «Нұрислам» ЖК-ің атында бақылау-кассалық машина тіркелмеген және де 14 350 000 тенге ұрылған чек ұсынылмаған.

2020 жылғы 20 ақпандағы № 9 шарттың 2.1. тармағына сәйкес сатушы («Нұрислам» ЖК) тауарды жеткізуге міндеттенген, ал сатып алушы («ТΑС[...]» ЖШС) оны қабылдайды делінген. Алайда, «Нұрислам» ЖК-нің атында 2021 жылғы 1 қантардағы жағдайға әкімшілік полиция департаментінен алынған мәліметі бойынша келісім шарт жасалған уақытта, яғни 2020 жылғы 21 ақпанда автокөліктер тіркелмеген. «Нұрисламә ЖК-і 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 910.00 нысаны бойынша тапсырылған салық есептілігінде жалдамалы жұмысшылар көрсетілмеген.

«Нұрислам» ЖК-і ҚҚС салық төлеуші ретінде тіркелмеген. Демек, «ТΑС[...]» ЖШС-гі 300.00 нысанында 300.00.015 графасында ҚҚСсіз сатып алынған таурлар жөніндегі мәліметтерде 14 350 000 тенге көрсетілуі тиіс. Аталған салық есептілігінде Серіктестік бұл соманы көрсетпей, 300.00.015 графасында көрсетіп отырған сомасы 2 457 700 тенге, яғни «ТΑС[...]» ЖШС щебеньды «Нұрислам» ЖК-нен сатып алғандығы күмән тудырып отыр, - деп жергілікті соттар Басқарманың талап қою арызын қанағаттандырған.

Өтінішхат беруші соттардың жоғарыда көрсетілген сот актілерінде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуіне, сондай-ақ сот тұжырымдарының осындай мән-жайларға сәйкес келмеуіне, материалдық және процестік құқық нормаларының дұрыс қолданылмауына байланысты заңсыз және негізсіз деп санап, келесідей уәждерді келтірген: Нақты жұмыстарды жасамай, қызмет көрсетпей-ақ шот-фактураны беру қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатындықтан, мәміле азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен тек егер тұлғаны қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған кезде ғана даулануы мүмкін. Басқарма даулы мәмілеге қатысты қылмыстық қудалау органдарына жүгінгені, жауапкерлерге қатысты заңды күшіне енген үкімдердің шыққаны немесе қылмыстық қудалауды жүргізуге, сонымен қатар әкімшілік жауаптылыкка тартуға мүмкіндік болмағаны туралы дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған.

Даулы мәміллердің құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен және тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, алдау үшін жасалғаны туралы қорытынды тек жауапкерлердің шот-фактураларын зерттеу арқылы жүргізілген, қарсы тексерулер жүргізілмеген. Осылайша Басқарма даулы мәміленің салық заңнамасына қайшы екендігі туралы қорытындыны болжамды түрде жасаған.

Тиісті жүкқұжаттардын көшірмелері және Құмкөл және Арысқұм кен орындарына автокөліктің кіруіне рұқсат беруге тиісті тапсырыстардың көшірмелері апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылған. Барлыгы 71 жүкқұжат ресімделіп, Құмкөл кен орнына 30 автокөлік, Арысқұм кен орнына 41 автоколік жөнелтілген. Сот жауапкерлер ұсынған дәлелдерге құқықтық баға бермеген, іске «ПҚҚР» АҚ-ны тартпаған, Құмкөл және Арысқүм кен орындарына қиыршық тасты «Т[...]» ЖШС тапсырысы бойынша «ҚС[...]» ЖШС үшін жеке кәсіпкер «Нұрислам» жеткізудің мәнжайлары туралы көліктердің жүргізушілерінен жауап алмаған.

2020 жылғы 20 ақпандагы №9 шарттың 4.1 тармағына сәйкес тауарды төлеу қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады, сондықтан төлем банктік аударым арқылы емес, қолма-қол жасалады деген шарттарды жергілікті соттар назарларынан тыс қалдырған.

Даулы мәміленін жарамсыз деп тану туралы сот шешімі «Т[...]» ЖШС-і мен «Нұрислам» ЖК-і арасында жасалған мәміледен туындайтын мән-жайларға негізделген, алайда «Т[...]» ЖШС-і мен «Нұрислам» ЖК-і арасында жасалған мәміле дауланбаған, сотпен жарамсыз деп танылмаған.

Өтінішхатта дау айтылған сот актілерін қайта қарау үшін келтірген негіздер бар болуына орай, өтінішхатты іспен бірге азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін беру қажеттігін ескере отырып, АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 16 наурыздағы шешімін, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 шілдедегі қаулысына келтірілген өтінішхаты электрондық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья Н. Сұлтанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.