№6001-24-00-6ап/3489
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 13 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып, жауапкерлердің өкілдері И.Д.Исхаковтың, Р.Б.Бисейтовтың
қатысуыларымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшылар Шарапат Егеубайқызы Баке мен Бекбол Шеразұлы Әйнекбайдың жауапкерлер Ордабасы ауданының әкіміне, «Ордабасы ауданының ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалына, Түркістан облыстық ауылшаруашылық басқармасының «Тұран Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына әкімнің сот шешімінсіз Р-4 каналы құрылымы мен астында орналасқан жер учаскесін алып қою әрекетін заңсыз деп тану, әкімнің қаулыларын заңсыз деп танып, күшін жою, Р-4 каналы құрылымы мен астында орналасқан жер учаскесіне қатысты деректемені жою әрекетін заңсыз деп танып, тараптарды бастапқы жағдайға келтіру туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 22 шілдедегі шешімі мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 17 қазандағы қаулысына талап қоюшылардың өкілі К.У.Култаевтың келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшылар жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 22 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 17 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы кассациялық шағымында жергілікті соттардың іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, бірінші сатыдағы сот шешімі мен апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жоюды сұраған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, тиісті түрде хабарланған тараптардың сотқа келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында өтетіні туралы уақытылы хабарланған талап қоюшылардың сот отырысына техникалық байланыс арқылы қатысуға рұқсат беру туралы өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылады.
Сот алқасы кассациялық шағым бойынша іс құжаттарын зерттеп, тараптардың пікірлерін тыңдап, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
АПК-нің 76-бабының 2-бөлігіне сай соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мән-жайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.
Соттармен анықталғандай, Р-4 Гидромилиорациялық кондоминимум құрылтайшылырының жалпы жиналысының 2004 жылғы 1 наурыздағы қаулысымен, Р-4 орталық су каналының 8 шаруа қожалық үлестік меншік иелері, Р-4 гидромелиорациялық кондоминимум су каналынның пайдалану құқығы уақытша қысқа мерзімге 5 (бес) жылғы «Қарабала» шаруа қожалығының басқаруына тапсырылған.
Ордабасы аудандық жер учаскесіне құқық беру комиссиясының 2004 жылғы 20 сәуірдегі №11 қортындысының негізінде, Ордабасы ауданы әкімінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 732 санды қаулысымен, Ордабасы ауданы Бөген аумағында орналасқан Р-4 канал астындағы 9 000 шаршы метр жер телімі «Қарабала» шаруа қожалығының төрағасы Ш.Юсуповқа 49 жылға жалға бөлініп берілген.
Ш.Юсупов 2018 жылы 18 наурызда қайтыс болған. Жеке нотариус С.Ахметовпен 2018 жылғы 24 шілдеде №2709 куәлендірілген заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік негізінде, Ш.Юсуповтың әйелі Ш.Бәкенің иелігіне Ордабасы ауданы Бөген аумағында 174 орм №002-де орналасқан жалпы ұзындығы 7340.0 шаршы метрде Р-4 каналы және астындағы 9000 шаршы метр жер телімі 49 жылға жалға берілген жер телімі өткені көрсетілген.
Заңды күшіне енген Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының 2023 жылғы 13 наурыздағы шешіміне сәйкес Ордабасы ауданы әкімінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі №732 қаулысы, жер учаскесін жалға беру туралы 2011 жылғы 22 сәуірдегі №2285 шарты, жеке нотариуспен жер учаскесінің мұрагері Бәкен Шарапат Егеубайқызы деп тану бөлігі жарамсыз деп танылған.
Осы соттың шешімімен 8 шаруа қожалықтар тұратын Р-4 гидромелиорациялық кондоминиум құрылтайшылыры «Дарын», «Әленбаба», «Мұхамеджан», «Несібе», «Дихан», «Куаныш», «Ақжол» шаруа қожалықтарының жалпы жиналысының 2004 жылғы 1 наурыздағы қаулысы негізінде, Р-4 орталық су каналының 8 шаруа қожалық үлестік меншік иелері, Р-4 гидромелиорациялық кондоминиум су каналынның пайдалану құқығы уақытша қысқа мерзімге 5 жылғы «Қарабала» шаруа қожалығының басқаруына тапсырылған.
Алайда «Дарын», «Әленбаба», «Мұхамеджан», «Несібе», «Дихан», «Куаныш», «Ақжол» шаруа қожалықтарының 2006 жылғы 7 желтоқсандағы жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, 2004 жылғы 1 наурыздағы қаулысы бойынша Р-4 гидромилиорациялық кондоминиум су каналының пайдалану құқығын «Қарабала» шаруа қожалығының сенімгерлікпен басқаруына уақытша берілген мерзімі 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылған.
Яғни Р-4 гидромелиорациялық кондоминиум су каналының пайдалану құқығын «Қарабала» шаруа қожалығының сенімгерлікпен басқаруына уақытша беру туралы 8 шаруашылықтың бастапқы 2004 жылғы 1 наурыздағы қаулысының заңды күші жоқ екені анықталған.
Осы негіздерге байланысты жер учаскелері жылжымайтын мүліктермен бірге Түркістан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы 2024 жылғы 11 наурыздағы №114 және 2024 жылғы 1 сәуірдегі №142 қаулылары жауапкерлермен өз құзыреті шегінде қабылданғаны анықталған.
Бұл жағдайда жергілікті соттармен талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі негізді болып табылады.
Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.
Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған. Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды. Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ. ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 22 шілдедегі шешімі мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 17 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшылардың өкілі К.У.Култаевтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.