Қ А У Л Ы
2025 жылғы 26 қараша №6003-25-00-2к/1986 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші А.Б.Токсанбаев, судьялар А.А.Даненова, М.Н.Ибрагимова,
аудармашы Р.Таласпаева, талап қоюшы Б.Е.Жұмаділ, оның өкілі Т.М.Суйменбаев, жауапкерлер К.М.Даулеткалиев пен М.А.Даулеткалиевтің өкілі Т.А.Расылов, жауапкер Ф.А.Шаймерденованың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Бауыржан Ергешбайұлы Жұмаділдің жауапкерлер Канат Маратович Даулетқалиевке, Марат Асихатович Даулеткалиевке, Фая Асихатовна Шаймерденоваға, «NURAY@ГРАНИТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының 100 % үлесін сатып алу-сату және сыйға тарту шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 16 қазандағы шешіміне және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 сәуірдегі қаулысына жауапкерлер К.М.Даулетқалиев, М.А.Даулеткалиев және Ф.А.Шаймерденованың кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Б.Е.Жұмаділ жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 16 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
2019 жылғы 6 ақпандағы Б.Е.Жұмаділ және К.М.Даулеткалиев арасындағы, 2020 жылғы 20 ақпандағы К.М.Даулеткалиев және М.А.Даулеткалиев арасындағы «NURAІ@ГРАНИТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталының 100 % үлесін сату, 2023 жылғы 10 шілдедегі М.А.Даулеткалиев және Ф.А.Шаймерденова арасындағы осы серіктестіктің жарғылық капиталының 100 % үлесін сыйға тарту туралы шарттары тараптарды бастапқы жағдайға келтіруімен жарамсыз деп танылған.
Жауапкерлер К.М.Даулеткалиев, М.А.Даулеткалиев және Ф.А.Шаймерденовадан талап қоюшы Б.Жұмаділдің пайдасына 5 550 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Жауапкерлер К.М.Даулетқалиев, М.А.Даулеткалиев және Ф.А.Шаймерденованың кассациялық шағымдарында жергілікті соттар материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын
көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттарымен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 160-бабы 1-тармағына сәйкес оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.
АК-нің 406-бабы 1-бөлігіне сәйкес сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
Іс құжаттарына қарағанда, 2019 жылғы 6 ақпанда Б.Е.Жұмаділ мен К.М.Даулеткалиевтың арасында сатып алу-сату шарты жасалып, сонғы серіктестіктің жарғылық капиталының 100% үлесін 100 000 теңгеге сатып алған.
2020 жылғы 27 ақпанда К.М.Даулеткалиев пен М.А.Даулеткалиевтың арасында сатып алу-сату шарты жасалып, соңғы серіктестіктің жарғылық капиталының 100% үлесін 150 000 теңгеге сатып алған.
2023 жылғы 10 шілдеде М.А.Даулеткалиев серіктестіктің жарғылық капиталының 100% үлесін өзінің әпкесі Ф.А.Шаймерденоваға сыйға тартқан.
Талап қоюшы Б.Е.Жұмаділ аталған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюын банктен несие алу мақсатында, кредиттік тарихы жақсы К.Даулеткалиевке серіктестіктің жарғылық капиталының 100 % үлесін сату туралы мәміле тиісті құқықтық салдар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалғанын, оның мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтінін, алдау, жаңылысу салдарынан жасалғанын, жауапкерлер мүлікті қабылдап алмағанын, мәміле бойынша құны төленбегенін, жауапкерлер қазіргі таңда оны 1 300 000 000 теңгеге сатуға қойғанымен негіздеген.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюшы 2019 жылғы 6 ақпандағы серіктестіктің жарғылық капиталының 100 % үлесін сатып алу-сату шартын тек банктерден кредит алу үшін жасағаны, мәміле бойынша құны төленбегені және мүлікті сатып алушы қабылдап алмағанын, серіктестіктің жұмысын талап қоюшы жүргізетіні серіктестіктің директоры Т.Даулеткалиевтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында белгілі болғанын, талап қоюшы жарғылық капиталын ұлғайтқанын, қазіргі таңда оның құны жоғары
екенін ескеріп, АК-нің 160-бабының 1-тармағы және 406-бабы 1-бөлігі негізінде талап қоюды қанағаттандырған.
Апелляциялық сатыдағы сот сот шешімімен келіскен.
Кассациялық сатыдағы сот жергілікті соттармен іс үшін маңызы бар мәнжайларға тиісті құқықтық баға бермей, материалдық құқық нормаларын қолдануда қателікке жол берген деп санайды.
АК-нің 160-бабы 1-тармағы негізінде мәміленің жарамсыздығы туралы талапты оның жасаған тараптар емес мүдделі тұлға беруі мүмкін. Талап қоюшы даулы 2019 жылғы 6 ақпандағы мәміле бойынша сатушы, яғни мәміленің тарапы болғандықтан мұндай талабы негізсіз болып саналады.
Сондай-ақ, АК-нің 158-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзатын мәмiленi әдейі жасасқан адам, егер мұндай талап пайдакүнемдiк уәждерден немесе жауаптылықтан жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы емес.
Талап қоюшының мәміле жасау ойы банктен несие алу үшін кредиттік тарихы жақсы тұлғаға заң талаптарын бұза отырып пайда табу және жауаптылықтан жалтару ниетінен туындаған. Сондықтан корсетілген құқық нормасына сәйкес оның құқықтары қорғалуға жатпайды.
АК-нің 178-бабы 1-тармағына сәйкес талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.
АК-нің 179-бабы 1-3 тармақтарына сәйкес талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне қарамастан бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алады. Талап мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша ғана сот қолданады. Талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады. Басты талап бойынша талап қою мерзiмiнiң бiтуiне байланысты қосымша талаптар (айыптарды өндiрiп алу, кепiлдiк берушiнiң жауапкершiлiгi және т.б. туралы) бойынша да талап қою мерзiмi бiтедi.
Талап қоюшыға даулы 2019 жылғы 6 ақпандағы мәміле жасалғаны туралы сол уақытта белгілі болған. Ал, оның жарамсыздығы жөніндегі талап қоюымен сотқа 2024 жылғы 12 шілдеде жүгінген.
Жауапкерлер сот шешім қабылдағанға дейін, яғни 2024 жылғы 1 қыркүйекте сотқа талап қою мерзімін қолдану туралы өтінішхаттар берген.
Жергілікті соттар, талап қою мерзімінің өтпегенін талап қоюшы серіктестіктің қатысушысы еместігін 2023 жылғы шілдеде серіктестіктің басшысы Ф.Шаймерденова тағайындалғанда белгілі болғанымен негіздеген.
Жергілікті соттардың бұл тұжырымы негізсіз болып саналады. Себебі, соттармен талап қоюшының даулаған алғашқы мәміле 2019 жылғы 6 ақпанда жасалған уақыты мен оны даулап сотқа талап қоюымен 2024 жылғы 12 шілдеде жүгінген уақыт аралығы талқыланып, бағалануға тиіс болған. Бұл мәнжайларға жергілікті соттар баға бермеген.
Талап қою мерзімі өтуі талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруға негіз болып табылады. Сондықтан, талап қойғанға дейiн үш жылдық талап қою мерзiмiнiң өтiп кеткенін, талап қою мерзімін қолдануды жауапкерлер сот шешімі қабылданғанға дейін мәлімдегенін ескеріп, сот талап қою мерзімін
қолданады. Б.Е.Жұмаділ мен К.М.Даулеткалиев арасындағы даулы мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға талап қою мерзімі қолданылғандықтан, кейінгі мәмілерді жарамсыз деп тануға негіз жоқ.
Жергілікті соттар істің мән-жайларын толық анықтап, материалдық құқық нормаларын қолдануда қателікке жол бергендіктен, АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 8) тармақшасына сәйкес сот актілерінің күшін жоя отырып, істі жаңадан қарауға жібермей жаңа сот актісін шығара алады.
Көрсетілгендердің негізінде, сот жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарып, жауапкерлердің кассациялық шағымын қанағаттандырады.
АПК-нің 109-бабы 1-бөлігіне сәйкес талап қоюшыдан жауапкерлердің пайдасына төленген мемлекеттік баж салығы өндіріледі.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 16 қазандағы шешімінің және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 сәуірдегі қаулысының күші жойылсын.
Талап қоюшы Бауыржан Ергешбайұлы Жұмаділдің 2019 жылғы 6 ақпандағы Бауыржан Ергешбайұлы Жұмаділ және Канат Маратович Даулеткалиев арасындағы, 2020 жылғы 20 ақпандағы Канат Маратович Даулеткалиев және Марат Асихатович Даулеткалиев арасындағы «NURAІ@ГРАНИТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының 100 % үлесін сату, 2023 жылғы 10 шілдедегі Марат Асихатович Даулеткалиев және Фая Асихатовна Шаймерденова арасындағы осы серіктестіктің жарғылық капиталының 100 % үлесін сыйға тарту туралы шарттары тараптарды бастапқы жағдайға келтіруімен жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Бауыржан Ергешбайұлы Жұмаділден Канат Маратович Даулеткалиевке, Марат Асихатович Даулеткалиевке және Фая Асихатовна Шаймерденоваға (әрқайсысының пайдасына) 1 850 (бір мың сегіз жүз елу) теңге төленген мемлекеттік баж өндірілсін.
Жауапкерлер Қ.М.Даулетқалиев, М.А.Даулеткалиев және Ф.А.Шаймерденованың кассациялық шағымдары қанағаттандырылсын.
А.Токсанбаев
Төрағалық етуші, судья
Судьялар
А.Даненова
М.Ибрагимова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.