№6003-26-00-4/12
ҰЙҒАРЫМ
2026 жылғы 23 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы Д[...],
Астана қалалық соты төрағасының Ж[...] жауапкерлер Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеровке, «Түркістан облысы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д[...], Түркістан облысы, [...] әкімі Н[...] арыз-шағымы бойынша тексеруді ұйымдастыруды, заң бұзушылықтарды анықтауды, кінәлі адамдарға шара қолдануды және материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауды міндеттеу туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істің соттылығын айқындау туралы ұсынысын қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
2025 жылғы 29 қазанда талап қоюшы Ж[...] Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (бұдан әрі - МАӘС) жоғарыда көрсетілген талап арызбен жүгінген.
Түркістан облысының МАӘС-ның 2025 жылғы 11 қарашадағы ұйғарымымен талап қоюшының тұрғылықты жері Астана қаласы болып табылғандықтан, жауапкердің даулы жауаптары электрондық түрде қабылдағандықтан, аталған талап қою Астана қаласының МАӘС-ның соттылығына қарауға жатады деген негізбен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138-бабының 2- бөлігінің 17) тармақшасы негізінде кері қайтарылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 29 қаңтардағы ұйғарымымен бірінші саты сотының ұйғарымы күшінде қалдырылған.
Осыған орай, 2025 жылғы 24 қарашада талап қоюшы аталған талап қоюымен Астана қаласының әкімшілік сотына жүгінген.
Астана қаласының МАӘС-ның 2025 жылғы 5 желтоқсандағы ұйғарымымен аталған талап арыз Түркістан облысының әкімшілік сотының соттылығы бойынша қарауға жатады деген негізбен кері қайтарылған. Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы өзінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы ұйғарымымен бірінші саты сотының ұйғарымының күшін жойып, істі қайта қарау үшін жолдаған. Негіздемесінде, бірінші сатыдағы сот істің мән-жайын анықтамай, алдын ала тыңдау өткізбей, белсенді рөлі қағидатын жүзеге асырмай, нақты дау болып жатқан жауапкердің жауабы әкімшілік акт болып табылатындығын немесе табылмайтындығын анықтамай, талап қоюды алдын-ала қайтарған деп көрсеткен.
Соттың 2026 жылғы 2 наурыздағы ұйғарымымен талап қоюшы Ж[...] талап қоюы бойынша алдын ала тыңдау өткізген.
Қазіргі таңда Астана қалалық сотының төрағасы ұсыныс енгізіп, аталған әкімшілік істің соттылығын айқындауды сұрайды.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 109бабының бірінші бөлігіне сәйкес соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Ұсынысты қарап, іс құжаттарды зерттеп, судья төмендегідей тұжырымға келді.
ӘРПК-нің 106-бабының бірінші бөлігінде әкімшілік істер әкімшілік актіні шығарған орны бойынша немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралуға жататыны қарастырылған..
Іс құжаттарына қарағанда жауапкерлер Түркістан облысының мемлекеттік мекемелері және осы мекемелердің басшылары екенін ескеріп, әкімшілік іс Түркістан облысының мамандандарылған ауданаралық әкімшілік сотының қарауына жолдануға, Астана қалалық сотының ұсынысы қнағаттандырылуға жатады.
ӘРПК-нің 109-бабының бірінші бөлігін басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРДЫ:
Ж[...] жауапкерлер Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеровке, «Түркістан облысы әкімдігінің аппараты» ММ-нің басшысы Д[...], Түркістан облысы, [...] әкімі Н[...] арыз-шағымы бойынша тексеруді ұйымдастыруды, заң бұзушылықтарды анықтауды, кінәлі адамдарға шара қолдануды және материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауды міндеттеу туралы талап қоюы бойынша әкімшілік ісін Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына негізінен қарау үшін жолдауға.
Астана қалалық соты төрағасының ұсынысы қанағаттандырылсын.
Ұйғарым түпкілікті, шағым берілуге және наразылық келтіруге жатпайды.
Д[...]
Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.