Қ А У Л Ы
2026 жылғы 14 қаңтар №6003-25-00-2к/4215 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында
төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев,
судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б.,
талап қоюшының өкілдері А.С.Шагирова мен Ф.Б. Аркабаева,
талап қоюшы жағындағы мүдделі тұлғалар С.Мурзахметова, А.Мусралиева, жауапкердің өкілі Б.С.Кадыр,
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокурорының «Елорда Құрылыс Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін белгілі бір әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 4 шілдедегі шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшының өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 4 шілдедегі шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья Ғ.Бастаубаев Судьялар А.Даненова А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.