Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 20.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/1102(2) (Гражданское)

№ 6003-25-00-2к/1102(2)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 20 сәуір Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші - судья К.С.Манакаева судьялар Д.Д. Махметова, А.К.Айкенова талап қоюшының өкілі А.Б.Джылтыхаевтың жауапкердің өкілі Д.Т.Тұрарбектің

үшінші тұлға А.А.Рахимбердиеваның қатысуларымен,

бейнеконференц байланыс арқылы өткізілген ашық сот отырысында талап қоюшы Дияр Дилбарұлы Махсотовтың жауапкер «Амре Самга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне моральдық зиянның өтемақысын және материалдық залалды өндіру туралы талабы бойынша Атырау қалалық сотының 2025 жылғы 12 мамырдағы шешіміне, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 9 шілдедегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Д.Д.Махсотов аталған талап қоюымен сотқа жүгініп, жауапкерден моральдық зиян 300 000 теңге, кілемдерді жудыруға кеткен шығын 17 500 теңге, маманға кеткен шығын 10 000 теңге, ламинаттың бағасы 226 300 теңге, өкілдің көмегіне жұмсалған шығын 150 000 теңге мен төленген мемлекеттік баж 5 538 теңгені өндіруді сұраған.

Алқа қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған сот шешімімен талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында зиян жауапкердің әрекетсіздігі салдарынан орын алғаны жөнінде дәлелдемелер сотқа тапсырылғанын, сол күні орын алған оқиға, оны үлкен күзелістік жағдайға алып келгенін көрсетіп, шешім мен қаулының күшін жоюды сұраған.

Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушыларды тыңдап, кассациялық шағым уәждерін талқылап, төмендегі негіздерге байланысты сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттармен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК), «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарын дұрыс қолданып, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін нақты және дұрыс айқындаған, осы дау бойынша қолдануға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып, тараптардың

уәждері мен қарсылықтарын тексеруге соттар заңмен көзделген барлық шараларды жасаған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2024 жылғы 16 қарашада талап қоюшыға меншік құқығымен тиесілі Атырау облысы, Атырау қаласы, Нұрсая шағын ауданы, 69 үй, 16 пәтерді су басып, талап қоюшыға материалдық залал келтірілген және бұл факті бойынша тараптармен дау айтылмаған.

2024 жылғы 16 қарашада болған апаттық жағдайды жою үшін сантехник ретінде шақырылған Б.М. Кумашев үй иесінің шақыртуымен келіп екі бұрағышты (винтель) жөндеп кеткенін көрсетіп, аталған пәтерді су басқандығы жөнінде акт жасалған.

2025 жылғы 20 наурыздағы № 994 сарапшы қорытындысына сәйкес пәтердің ас бөлмесіндегі негізгі су келіп тұрған жерден су кету себебінен пәтерді су басудан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы қалпына келтіру құрылыс-жөндеу жұмыстарының нақты құны 222 233 теңгені құрайтыны анықталған.

Сот отырысында пәтерішілік тікқұбырлардың техникалық жағдайына жауапкер «Амре Самга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкершілігі қарастырылғаны жөнінде, талап қоюшыға материалдық зиян жауапкердің әрекетсіздігі салдарынан орын алғаны жөнінде талап қоюшымен дәлелдемелер сотқа келтірілмеген.

Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, АКнің 189-бабы 1-тармағына сілтеме жасап, өз шешімін пәтерді су басу себебі талап қоюшының пәтерінің ас бөлмедегі негізгі су келіп тұрған жерден су кету болып табылғанын, талап қоюшы пәтердің меншік иесі ретінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті деп негіздеген.

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үйжайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

Анықталған мән-жайларға байланысты кассациялық сот бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы түйіндерімен келіседі.

Кассациялық шағым уәждері сот алқасының тұжырымдарын теріске шығармайды, істің мән-жайлары жан-жақты зерттеліп, оларға құқықтық бағасы берілген, қосымша тексеруді қажет ететін фактілер көрсетілмеген, шағымдалған сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге әкеліп соғатын құқық нормаларының бұзу деректері анықталған жоқ.

Сол себепті, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, сот Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Атырау қалалық сотының 2025 жылғы 12 мамырдағы шешімі және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 9 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші К.С. Манакаева

судьялар Д.Д. Махметова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.