Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 29.04.2026 по делу 6003-26-00-2к/1353 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 29 сәуір №6003-26-00-2к/1353 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Токсанбаев, судьялар М.Ибрагимова, А.Есдаулетов,

талап қоюшының өкілі Д[...], жауапкер С[...], үшінші тұлға Е[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Т[...] жауапкерлер С[...], «ЕБ[...]» акционерлік қоғамы, «LF[...]» коллекторлық агенттігі», «ЭП[...]» коллекторлық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне мүлікті тыйымнан босату туралы талап қоюымен қабылданған Алматы облысы Еңбекшіқазақ №2 аудандық сотының 2025 жылғы 10 маусымдағы шешіміне және Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Т[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Алматы облысы Еңбекшіқазақ №2 аудандық сотының 2025 жылғы 10 маусымдағы шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшы Т[...] кассациялық шағымында, соттармен материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаттың Еңбекшіқазақ филиалымен 11 ақпан 2008 жылы берілген мұрағаттық анықтамаға сай, Шелек аудандық әкімдігінің 1995 жылғы 10 тамыздағы №355 қаулысының негізінде Каражота ауылынан «Қ[...]» шаруа қожалығы басшысы Ж[...] атына шаруа қожалығын жүргізу үшін жалпы көлемі 61.8 га жер берілген.

Шелек аудандық әкімінің 1995 жылғы 10 тамыздағы №355 қаулысы негізінде М[...] жер иелену жоспарына сәйкес шекарада көлемі 61,8 га (кадастрлық нөмірі [...]) жерді өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығы және шаруа қожалығын жүргізу үшін мемлекеттік акт берілген.

Алматы облысы, [...] әкімінің 2017 жылғы 19 мамырдағы №349 қаулысы мен осы қаулының №1 қосымшасы бойынша, М[...] орнына Ш[...] шаруа қожалығының басшысы ретінде сайланғанын ескеріп, жалпы көлемі 61.8 га (кадастрлық нөмірі [...]) жер телімінің уақытша өтеулі ортақ үлес негізінде шаруа қожалығының басшысы Ш[...] және қожалық мүшелері Ж[...], С[...] ұзақ мерзімге 27 жылға берілген деп есептелінген.

2017 жылғы 1 шілдедегі №340 жер телімін жалға беру типтік келісім шарты негізінде, жалға беруші Еңбекшіқазақ аудандық жер қатынастары бөлімі, жалға алушылар Ш[...], Ж[...], С[...] Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2017 жылғы 19 мамырдағы №349 қаулысы негізінде мерзімі 27 жылға жалға алу құқығындағы өзіне тиесілі мемлекеттік меншігіндегі жер телімін жалға берген.

Сонымен қатар, заңдастырылған және жарияланған құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының 2008 жылғы 21 тамыздағы актісіне сәйкес, тапсырма беруші М.Ж[...] ауылының, Тургай учаскесіндегі «К[...]» шаруа қожалығы мекенжайында орналасқан 36.5 шаршы метр тұрғын үй түріндегі жылжымайтын мүлік қабылданған.

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекесімен 2019 жылғы 26 сәуірде берілген қайтыс болу туралы куәлікке сәйкес, 1952 жылғы 14 қаңтарда туған Ш[...] 2019 жылғы 21 сәуірде 67 жасында қайтыс болған. Алматы облысы, [...] сотының 2022 жылғы 28 маусымдағы шешімі негізінде, 2017 жылғы 22 мамырда Т[...] мен Ш[...], Ж[...], С[...] араларында жоғарыда көрсетілген жалпы алаңы 61.8 га (кадастрлық нөмірі [...]) жер теліміне уақытша ұзақ мерзімге жалға алу құқығын және жер телімінде орналасқан жалпы алаңы 36.5 шаршы метр тұрғын үйін сатып алу-сату мәмілесі жарамды деп танылған. Бұл шешім заңды күшіне енген.

Алматы облысы, [...] әкімінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы №40 санды қаулысы бойынша, жалпы көлемі 61.8 га (кадастрлық нөмірі [...]) жер телімі Т[...] ұзақ мерзімге 28 жылға берілген.

2023 жылғы 26 қаңтарда жалға беруші «Еңбекшіқазақ аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен жалға алушы Т[...] арасында жер телімін жалға беру туралы №131 шарты жасалған.

Жер телімінің пайдаланушының бірі С[...] банк және коллекторлық компаниялардың алдындағы берешегі бойынша бірнеше атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалып, 2020-2024 жылдар аралығында бірнеше жеке сот орындаушылардың қаулылары негізінде оның атына тіркелген даулы жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынған.

Жеке орындаушылар М[...] және С[...] өндірісіндегі атқару парақтары толық орындалғандықтан, сәйкесінше 2025 жылғы 27 мамыр және 7 қазанда атқару өндірістері тоқтатылған. Жеке сот орындаушы М[...] өндірісіндегі 228 611 теңге қарызы бойынша және жеке сот орындаушы Е[...] өндірісіндегі 444 423 теңге қарызы бойынша атқару парағы аяқталмаған. Талап қоюшымен басқа атқару парақтары бойынша салынған тыйымдар дауланбаған.

Талап қоюшы Т[...] талап қоюында заңды күшінен енген сот шешіміне байланысты жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеуге жеке сот орындаушы М[...] 2021 жылғы 4 қазанда (сол күні тіркелген), жеке сот орындаушы М[...] 2021 жылғы 24 қыркүйектегі (2022 жылғы 14 қазанда тіркелген), жеке сот орындаушы Е[...] 2024 жылғы 8 тамыздағы (сол күні тіркелген), жеке сот орындаушы С[...] 2025 жылғы 1 наурыздағы (сол күні тіркелген) қаулыларымен салынған тыйымдары кедергі болып тұрғанымен негіздеген.

Бірінші сатыдағы сот борышкер С[...] жоғарыда аталған атқару парақтары орындалмағанын, жылжымайтын мүлікті тыйымнан босатылған жағдайда өндіріп алушылардың құқықтары бұзылатындығымен тұжырымдалған.

Апелляциялық сатыдағы сот шешіммен келіскен.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі –АК) 264бабына сәйкес меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.

АК-нің 7-бабы 3) тармақшасына сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.

АК-нің 155-бабы 1-тармағына сәйкес егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңының 17-бабына сәйкес тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады. Тiркеу тиiстi тәртiппен ресiмделген, осы Заңның 12-бабында көзделген негiздер бойынша тұрғын үй алынғандығын растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда жүргiзiледi.

АПК-нің 251-бабының 2, 4-бөліктеріне сәйкес меншiк иелерi немесе мүлiкке шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, жалға алу, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңда немесе шартта көзделген өзге де негiз бойынша иелiк ететiн тұлғалар мүлiкті тыйым салудан босату (тізімдемеден алып тастау) туралы талап қоюлар бере алады.

Егер сот орындаушысы мүлiкке тыйым салуды тәркiлеуге жататын нәрселер көрсетілмеген, мүлiктi тәркiлеу туралы үкімді, қаулыны орындау шеңберінде жүргiзсе, сотталған адам және мемлекеттік меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға уәкiлеттi тиiстi орган жауапкер ретiнде тартылады.

Сондай-ақ, мүлікті тыйымнан босату туралы дауларды қараған кезде талап қоюшы жылжымайтын мүлікке құқықтары пайда болғаны туралы жарамды дәлелдеме ұсынуға міндетті. Одан бөлек, заң тұрғыда талап қоюшының тыйым салынған мүлікке құқықтарын сатып алғанда адалдық танытқанын анықтау маңызды болып табылады.

Соттармен, тыйым салынған жер теліміне талап қоюшының құқықтары заңды күшіне енген сот шешімі негізінде пайда болғаны, оның адалдығы дәлелденгеніне дұрыс құқықтық баға бермей, материалдық құқық нормаларын елеулi түрде бұзып, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан. Іс құжаттарына қарағанда, жоғарыда аталған төрт атқарушылық өндіріс бойынша жер телімінің пайдаланушысының бірі С[...] қарыздары бойынша даулы жер теліміне тыйым салынған.

Талап қоюшы Т[...] тыйым салынған жер теліміне пайдалану құқығы заңды күшіне енген сот шешімімен пайда болған.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-бабының 3-тармағы және АПК-нің 21-бабының талаптарына сәйкес сот актілерінің орындалуы міндетті.

Сонымен талап қоюшы Т[...] тыйым салынған жер теліміне құқықтары пайда болған және ол жер теліміне пайдалану қықықтарын сатып алғанда адалдық танытқан болып саналады.

Алайда бұрынғы жер пайдаланушының бірінің қарызы бойынша салынған ауыртпалықтар, жер теліміне пайдалану құқықтарын тіркеуге кедергі болуда.

Бұл мән-жайлар талап қоюшының жоғарыда аталған төрт атқарушылық өндірісі бойынша салынған тыйымдардан босату туралы талап қоюы негізді екенін дәлелдейді.

Көрсетілгендердің негізінде, соттармен істің мән-жайлары толық және дұрыс анықталған, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберілгенін ескеріп, іс бойынша шешім мен қаулының күшін жойып, талап

қоюшының мүлікті тыйымнан босату туралы талап қоюы және кассациялық шағымы қанағаттандырылуға жатады.

АПК-нің 109-бабы 1-тармағына сәйкес жауапкер С[...] талап қоюшы Т[...] пайдасына төленген мемлекеттік баж 2 162 теңге өндіріледі.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 8)-тармағын басшылыққа алып, сот

Алматы облысы Еңбекшіқазақ №2 аудандық сотының 2025 жылғы 10 маусымдағы шешімінің және Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысының күші жойылсын. Талап қоюшы Т[...] мүлікті тыйымнан босату туралы талап қоюын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылсын.

Алматы облысы, [...] орналасқан жалпы алаңы 61.8 га (кадастрлық нөмірі [...]) уақытша ұзақ мерзімге жалға алу құқығымен берілген жер телімі және жалпы алаңы 36.5 шаршы метр, тұрғын үй алаңы 26 шаршы метр үй жеке сот орындаушы М[...] 2021 жылғы 4 қазанда (сол күні тіркелген), жеке сот орындаушы М[...] 2021 жылғы 24 қыркүйектегі (2022 жылғы 14 қазанда тіркелген), жеке сот орындаушы Е[...] 2024 жылғы 8 тамыздағы (сол күні тіркелген), жеке сот орындаушы С[...] 2025 жылғы 1 наурыздағы (сол күні тіркелген) қаулыларымен салынған тыйымнан босатылсын.

Жауапкер С[...] талап қоюшы Т[...] пайдасына төленген мемлекеттік баж 2 162 (екі мың бір жүз алпыс екі) теңге өндірілсін.

Талап қоюшы Т[...] кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

А.Токсанбаев

Төрағалық етуші судья

М.Ибрагимова

Судьялар

А.Есдаулетов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.