Кассационный суд Республики Казахстан по уголовным делам - Постановление от 16.04.2026 по делу 6003-26-00-3к/440 (Об административном правонарушении)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 16 сәуір 6003-26-00-3к/440 Астана қаласы

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші- судья Қ.А.Мусетов,

судьялар М.К.Сатыбалдин, Г.Б.Даулетова,

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының аға көмекшісі А.Төремұратұлының,

әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізіліп жатқан тұлға – Ғ.Бакытжанұлының, оның өкілі – Б.К.Букебаевтың,

полиция инспекторы - Б.Қ.Жәрішевтың қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының наразылығымен келіп түскен Ғанибет Бақытжанұлына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы коде~ксінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 613 - бабының 4 - бөлігі бойынша әкім~~ шілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен Ғ. Бақытжанұлы ӘҚБтК-нің 613 - бабының 4 - бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 8 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 15 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Кейіннен аталған соттардың 2025 жылғы 20 мамырдағы ұйғарымы мен 2025 жылғы 2 маусымдағы қаулысы іс жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудан бас тартылған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының наразылығында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарауды ұсынады.

Сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған полиция инспек торы Б.Қ.Жәрішевтің түсініктемесін, кассациялық наразылық дәлелдерін

қолдаған қорғау тарапының, прокурор А.Төремұратұлының пікірлерін тындап, іс материалдарын зерделеп, сот келесі тұжырымға келді.

Кассациялық тәртіппен қайта қарау ӘҚБтК-нің 851 - бабы 5 - бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Наразылықтағы Ғ.Бақытжанұлының көлік құралын басқарғаны туралы іс материалдарында нақты әрі бұлтартпас дәлелдер жоқ деген уәждер негізсіз болып табылады.

ӘҚБтК-нің 613 - бабының 4 - бөлігіне сәйкес, ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) токсикоманиялық мас күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Іс материалдарынан анықталғандай, 2024 жылғы 19 қазанда сағат 06:40 шамасында Түркістан қаласындағы Шымкент - Самара тас жолында Ғ.Бақытжанұлы «EXEED VX» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралын мас күйінде басқарды деген күдікпен полиция қызметкері тоқтатқаннан кейін, олардың медициналық куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.

Ғ.Бақытжанұлы өз түсініктемесінде оқиға кезінде мас күйін анықтау үшін ұсынылған түтіктің тазалығына күмәнданғандықтан куәландырудан бас тартқанын, бірақ көлік құралын басқарған жоқпын деп мәлімдеген.

Ғ.Бақытжанұлының кінәсі іс бойынша зерттелген және тиісті баға берілген материалдармен дәлелденді.

Атап айтқанда, Түркістан қалалық ПБ полиция инспекторы Б.Қ. Жәрішевтің түсініктемесінен 2024 жылғы 19 қазанда сағат 06:00 шамасында мемлекеттік нөмірі жоқ «EXEED VX» маркалы көлікті байқағаны белгілі болды. Тоқтату әрекеті кезінде көлік жылдамдықты арттырып, бой тасалаған, оны төрт полиция экипажы қуған. Автокөлік кері бұрылған сәтте ол рөлде Ғ.Бақытжанұлы болғанын көрген, алайда «Бейбарыс» жанар – жағар май бекеті (бұдан әрі - ЖЖС) жанында көлік тоқтаған кезде Ғ.Бақытжанұлы артқы орындыққа ауысып мініп, сол есіктен шыққан, ал алдыңғы жолаушылар есігінен Р.Мақсұт шыққан. Ол бірден көлік ішін тексергенде, салонда ешкім болмаған.

Бұл түсініктемелерді ол кассациялық қарау барысында растап, бірінші экипаж қызметкерлері Р.Торғауытов пен А.Байменовтың де рөлде дәл осы Ғ.Бақытжанұлы болғаны туралы ақпарат бергенін қосып айтты. Көлік~тің сақтандыру полисі Ғ.Бақытжанұлының атына ресімделген ж~~ әне иесі оған басқаруға сенімхат берген.

Б.Қ.Жәрішевтің айғақтары жүйелі және 2025 жылғы 31 желтоқсанда Ғ.Бақытжанұлымен беттестіру барысында расталған. Зерттелген бейнежазбадан көліктің тоқтамағаны және артынан қуғын болғанына қарамастан, оны жоғары жылдамдықта айдау дағдылары бар адам басқарғаны көрінеді. Аталған көлік құралы тұйық жер болып табылатын ЖЖС бағытына бұрылып, содан кейін тоқтаған. Көлік тоқтағаннан кейін оң жақ артқы есіктен Ғ. Бақытжанұлы, ал оң жақ алдыңғы есіктен Р.Мақсұт шыққан. Көлік тоқтаған сәттен бастап Ғ. Бақытжанұлы шыққанға дейінгі уақытты тексергенде 6 секунд (бейнежазба уақыты 06:05:44) өткені анықталды.

Салонды тексеру кезінде өзге тұлғалар табылмаған. 7 минуттан кейін (бейнежазба уақыты 06:12:35) жүк салғыш бөлімін тексеру кезінде оның ішінен Н. Сартбай шыққан.

Куәгер, кәмелетке толмаған Р.Н.Мақсұт 2024 жылғы 19 қазандағы заңды өкілі – анасының қатысуымен берген алғашқы жазбаша « » түсініктемесінде: рөлде менің ағам Ғани болды (Ғ. Бақытжанұлы) деп көрсеткен. Анасының қатысуымен түсірілген бейнежазбада да ол көлікті өзі емес, «Ғани» басқарғанын растаған.

Куә Н.Сартбайдың оның жүк салғышта ұйықтап жатқаны туралы айғақтары көлік тоқтағаннан кейін оның жүк салғыштан шыққан сәті түсірілген бейнежазбаға сәйкес келеді.

Сот отырысында адамның жалған айғақтары тек заңды күшіне енген сот үкімімен анықталуы мүмкін. Сонымен қатар, Н.Сартбай және Р.Мақсұттың Қылмыстық кодексінің 420 - бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын ескере отырып, оларды сотта берген айғақтарын өзгерту фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулыларының осы іс бойынша преюдициялық маңызы болмайды.

Сондықтан сот куәлар Р.Н.Мақсұт пен Н.Н.Сартбайдың сотта берген айғақтарын өзгертуін Ғ.Бақытжанұлын жауаптылықтан құтқару әрекеті ретінде бағалап, оларды назарға алмайды. Р.Мақсұт пен оның анасының арасындағы әңгіме және осы әңгімеге қатысты жүргізілген мамандардың 2024 жылғы 2 желтоқсандағы №148 зерттеу нәтижелері осы іс аясынан тыс жүргізілгендіктен және Н.Сартбайдың көлік құралын басқару фактісін растамады, сондықтан дәлелдеме ретінде қабылданбайды.

Осылайша, зерттелген дәлелдемелердің жиынтығы: полиция қызм~еткерінің және көлікті қуған өзге де қызметкерле~~ рдің түсініктемелері, Р.Н.Мақсұттың заңды өкілінің қатысуымен берген түсініктемелері, жоғарыда аталған бейнежазбалар, сақтандыру

полисінің Ғ.Бақытжанұлына ресімделуі – көлік құралын Ғ. Бақытжанұлының басқарғанын айғақтайды.

Соттар Ғ.Бақытжанұлын әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы дұрыс және негізді қорытындыға келген.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

ӘҚБтК-нің 851 - бабын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613 - бабының 4 - бөлігі бойынша Ғанибет Бақытжанұлына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Түркістан қаласының əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 13 қарашадағы қаулысы және 2025 жылғы 20 мамы~рдағы ұйғарымы, Түркістан облыстық сотының қылмыстық~~ істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 15 қарашадағы, 2025 жылғы 2 маусымдағы қаулылары өзгеріссіз қалдырылсын.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Қ.А.Мусетов Судьялар Г.Б.Даулетова М.К.Сатыбалдин

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.