ВС РК - Постановление от 01.09.2020 по делу 6001-20-00-3Г/3180(3) (Гражданское)

6001-20-00-3г/3180(3) ҚАУЛЫ

2020 жылғы 1 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Р.Қуанышбаева талап қоюшы К[...] жауапкерлер Төлеби ауданының әкіміне, «Төлеби аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - ММ), мүдделі тұлға «Төлеби ауданы Зертас ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-ге жер учаскесін қайтару туралы қаулыны және спорт кешенін салуға жалға берілген шартын бұзу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 4 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы «Төлеби ауданы әкімі аппараты» ММ-нің өкілі К[...] келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

К[...] сотқа жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен жүгінген. Түркістан облысы Төлеби аудандық сотының 2020 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен К[...] талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі жойылып, К[...] талабын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Төлеби ауданы әкімінің 2016 жылғы 25 тамыздағы К[...] жер учаскесін қайтару туралы № 274 қаулысы және «Төлеби ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі мен К[...] арасында 2016 жылғы 27 қаңтарда жасалған жалпы көлемі 1,16 га кадастрлық нөмірі [...] жер учаскесін 2052 жылғы 22 қазанға дейін спорт кешенін салу үшін жалға беру шартын бұзу туралы 2016 жылғы шілдеде жасалған шарт жарамсыз деп танылған.

Осы сот алқасының 2020 жылғы 4 мамырдағы жеке ұйғарымымен азаматтық істі қарау барысында Төлеби ауданы әкімдігі қызметінде анықталған заң бұзушылықтар жөнінде заңда көзделген тиісті шара қолдану үшін Түркістан облысының әкіміне хабарланып, қабылданған іс-шара жөнінде бір ай мерзім ішінде Түркістан облыстық сотына хабарлау міндеттелген.

Арызданушы К[...] өтінішхатында іс бойынша қабылданған апелляциялық қаулымен келіспей, сот алқасының тұжырымы істің мән-

жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұрап, төмендегідей уәждер келтірген.

К[...] 2016 жылғы 6 мамырда К[...] сенімхат беріп, онда ол өзіне тиесілі Төлеби ауданы Зертас ауылында орналасқан жер учаскесін бөлуге және т.б. амалдарға өкілеттік берген.

Аталған сенімхат негізінде К[...] 2016 жылғы 26 шілдеде аудан әкіміне кадастрлық нөмірі [...] жер учаскесінің 1,16 га бөлігін Зертас ауыл тұрғындарының мұқтажына қабылдап алуына өтініш жазған.

Осы өтініш негізінде 2016 жылғы 25 тамыздағы аудан әкімдігінің № 274 қаулысы қабылданып, С.К[...] ауылдық округі әкімінің 2003 жылғы 22 қазандағы № 17 жер учаскесін жалға беру туралы шешімімен берілген жалпы көлемі 2,0348 га жер учаскесінің жалға беру туралы 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 39 келісім шарты жарамсыз деп танылған.

Кейін К[...] пайдалануындағы кадастрлық нөмірі [...], көлемі 1,6 га жер учаскесі елді мекеннің жеріне енгізілген.

Сонымен қатар, 2013 жылғы 24 қаңтарда К[...] Төлеби ауданы әкімінің атына аталған 2,0348 га жер учаскесінің 1,16 га бөлігінен Зертас елді мекен тұрғындарының мұқтажы үшін өз еркімен бас тартатынын және осы жерді ауданның арнайы жер қорына қабылдап алу жөнінде нотариалды куәландырылған өтініш жазған.

К[...] Азаматтық кодекстің 267-бабының 1-тармағында көзделген құқықтары бұзылмағанын, дау нысаны болып отырған аудан әкімінің қаулысы мен жалға беру шартын жарамсыз деп тануға негіз жоқ екенін көрсеткен.

Даулы жер 2003 жылы К[...] ауылдық спорт алаңын салу үшін берілгенін, алайда осы уақыттан бері өз мақсатына сай пайдаланбай, тиісті төлемдерді және спорт алаңының құрылысын жүргізбеген.

2014 жылы даулы жерде ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен және олардың қаражаттары есебінен спорт алаңы тұрғызылып, онда қоршау, турник, воркаут, футбол алаңы қойылып, 40х20м көлемінде спорт алаңының құрылысы жартылай жүргізілген.

Қазіргі уақытта спорт алаңы ауыл тұрғындарының қолданысында екенін және К[...] іс-әрекеттері ауыл тұрғындарының көтерілуіне ықпал етіп, резонанс жағдай тудырып отырғанын мәлімдеген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Өтінішхатта келтірілген уәждер және басқа да мән-жайлар сот актісін кассациялық сатыдағы сотқа қайта қарау үшін негіздердің бар екендігін көрсетеді.

Қорыта келгенде, судья өтінішхатты іспен бірге кассациялық сатыдағы сот отырысында қарауға беру қажет деп санайды.

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 4 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы «Төлеби ауданы әкімі аппараты» ММ-нің өкілі К[...] өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына берілсін.

Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.

Судья Р. Қуанышбаева

Көшірмесі дұрыс Судья Р. Қуанышбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.