Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 14.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/290 (Гражданское)

№6003-26-00-2к/290

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 14 мамыр Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья Г.Б. Бастаубаев, судьялар Ж.К. Рустембеков, М.Т. Кадырова, талап қоюшының өкілі С[...], жауапкердің өкілі У[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер жеке кәсіпкер Н[...] жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюы жөніндегі электрондық азаматық істі Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 қарашадағы қаулысына берген жауапкердің кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Қызылорда облысының мемлекетік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әріБасқарма) жеке кәсіпкер Н[...] жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгініп, оны жауапкер конкурстық құжаттамаға дұрыс емес ақпарат ұсынғанымен негіздеген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 11 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен аталған сот шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған. Жауапкер жеке кәсіпкер Н[...] жосықсыз өнім беруші деп танылған. Сот шығындары қарастырылған.

Жауапкер кассациялық шағымында апелляциялық сотымен материалдық және процестік құқық нормалары бұзылғанын көрсетіп, аталған сот қаулысының күшін жоюды, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту жөнінде жаңа қаулы шығаруды сұраған.

Кассациялық сот шағымды қолдаған жауапкердің өкілін, шағымға қарсылық білдірген талап қоюшының өкілін тыңдап, келесі тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болады.

Апелляциялық сотымен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген. Іс материалдарынан анықталғаны: 2024 жылғы 13 мамырда талап қоюшы балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі бойынша конкурс жариялаған.

2024 жылғы 13 маусымдағы конкурс қорытындыларына сәйкес жеке кәсіпкер Н[...] женімпаз болып танылған.

Конкурсқа қатысқан «Ш[...]» ЖК-ң өкілі талап қоюшыға жолдаған шағымында жеке кәсіпкер Н[...] конкурстық өтініміндегі біліктілік талаптарында дұрыс емес ақпарат бар екенін, яғни ұсынған аспазшының білімін растайтын құжаты жалған екендігі көрсетілген.

Жауапкердің әлеуетті өнім беруші ретінде бiлiктiлiгi туралы дұрыс емес ақпарат бергені сотта өз дәлелін тапқан. Конкурстық өтінімде ұсынған аспазшы С[...] «Қызылорда қаласындағы № 3 кәсіптік-техникалық училищесінде «Төртінші разрядты аспазшы-кондитер» мамандығы бойынша 2023 жылғы 21 сәуірде берілген ДП №056388 дипломының шынайылығын анықтау мақсатында талап қоюшымен сұрау жолданған.

2025 жылғы 29 сәуірдегі «Қызылорда қалалық архиві» филиалының №0144/М-1976ЖТ жауап хатына сәйкес №3 кәсіптік-техникалық училищесі 1997 жылы таратылып кеткені, яғни С[...] аталған училищеде оқымағаны және оған «Төртінші разрядты аспазшы-кондитер» мамандығы бойынша 2003 жылғы 21 сәуірде берілген Дипломның жалған екені анықталған.

Соған қарамастан, бірінші сатыдағы сот талап қоюдан бас тарта отырып, дипломның жалған немесе жалған емес екенің анықтауға жауапкердің құзыры жоқ деген қорытындыға келіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдамаларымен келіспей, шешімнің күшін жойып талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдаған.

Кассациялық сот апелляциялық соттың уәждерімен толық келіседі.

Еңбек ресурстары туралы мәліметтер біліктілік талаптарына жатады деп апелляциялық сот дұрыс тұжырымдаған, сондықтан, біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берілген жағдайда бұндай өнім берушілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бұл санаттағы даулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру» қағидасымен (бұдан әрі - Қағида) реттеледі.

О[...] жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру тәртібі айқындалған. Қағидалардың 4-тармақшасына сәйкес, оған конкурс жеңімпазы деп таныған жағдайда шарт жасасудан

жалтарған; олармен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған; біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген өнім берушілер (әлеуетті өнім берушілер) енгізіледі.

Қағиданың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысқан кезде дұрыс емес ақпарат берген өнім берушілер (әлеуетті өнім берушілер) аталған тізбеге енгізілуге жатады.

Көрсетілетін қызмет әлеуметтік маңызы бар қызмет болып табылады. Сондықтан қызмет көрсетушінің қонкурсқа қатысуға берген өтінімде біліктілік талаптарына әсер ететін құжаттарға қатысты кез келген анық емес мәліметтер өнім берушіні жосықсыз қатысушы деп тану үшін негіз болып табылады.

Жауапкердің кассациялық шағымында көрсетілген С[...] қатысты ұсынылған ақпарат конкурс нәтижелеріне әсер етпеді деген мән-жайлар соттың тұжырымдарын жоққа шығармайды. Себебі, конкурсқа қатысуға берілген өтінімде жалған мәліметтер ұсыну заңнама талаптарын елеулі түрде бұзу болып табылады. Өнім берушінің даулы мәліметтерді есепке алмағанда да жеткілікті балл жинағаны туралы уәждері маңызды емес, өйткені жалған ақпарат ұсыну фактісінің өзі конкурсқа қатысушының жосықсыз әрекетін және заңдылық, адал бәсекелестік қағидаттарының бұзылғаның білдіреді.

Жауапкердің кассациялық шағымында көрсетілген уәждері сот алқасымен қаралып, оларға дұрыс құқықтық баға берілген. Іс қаралған кезде материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылған. Сондықтан дауланып отырған сот алқасының қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 қарашадағы қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Г.Б.Бастаубаев

Судьялар Ж.К. Рустембеков

М.Т. Кадырова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.