ВС РК - Постановление от 27.04.2023 по делу 6001-22-00-6ап/2230 (Административное)

1

6001-22-00-6ап/2230

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 27 сәуір

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - алқа судьясы Н.Ү.Қайыпжан, судьялар - Д.А. Токмурзина, Ж.Б.Ермагамбетова болып,

талап қоюшы С[...]

жауапкер «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінің өкілі А[...] қатысуыларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейнеконференцбайланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесіне нотариус және заңгер - адвокат лицензиясын алу кезінде мемлекеттік тілде шығарма жазуға нұсқаулық және қаулы-шешім жазуды міндеттеу, нұсқаулық және қаулы-шешім жазуды міндеттеуге бұйрық, қаулы шығармау бойынша әрекетсіздігін заңсыз деп тану, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің жауабын заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 02 қыркүйектегі ұйғарымы мен Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі ұйғарымына талап қоюшы С[...] келтірген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы С.Д. Сарсенбаев сотқа жауапкер «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесіне нотариус және заңгер - адвокат лицензиясын алу кезінде мемлекеттік тілде шығарма жазуға нұсқаулық және қаулы-шешім жазуды міндеттеу, нұсқаулық және қаулышешім жазуды міндеттеуге бұйрық, қаулы шығармау бойынша әрекетсіздігін заңсыз деп тану, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің жауабын заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап арызбен жүгінген.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 02 қыркүйектегі ұйғарымымен Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138-бабының 2-бөлігі 11)-нің тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша талап қою қайтарылған.

Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы сотының ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттар материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол бергенін, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап арызды қанағаттандыру туралы, істі қайта қарауға қаулы қабылдауды сұраған.

Талап қоюшы кассациялық шағымды қолдаған пікірін, жауапкер өкілінің сот актілерін күшінде қалдыру туралы түсінігін тыңдап, іс құжаттары мен шағым уәждерін зерделеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169 бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Іс құжаттарына қарағанда, жауапкер талап қоюшының 2022 жылғы 27 мамырдағы хатындағы ұсынымдарды қарау нәтижесі бойынша жауап берген. Оны оңайтылған әкімшілік рәсіммен аяқтаған.

Жергілікті соттар, тараптардың арасында жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даудың жоқ екенін түсіндіріп, талап қою арызын кері қайтарған.

Сот алқасы төмеңгі саты соттарының тұжырымдары материалдық және процестік құқық нормаларына сай дұрыс қабылданған деп таниды.

ӘРПК-нің 102-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатыны қарастырылған.

ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінде, егер тараптар арасындағы дау әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым қабылдау қажет екені көзделген.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда тараптар арасындағы дау жария-құқықтық қатынастардан туындаған емес. Ол ұсынымдарды қарау нәтижесі бойынша жауап түсіндірме ретінде берілген, және де қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізу барысында аталған ұсыныстар назарға алынатынын хабарлаған болатын.

Осыған орай, жергілікті соттардың талап арызды қайтару туралы тұжырымдары заңды әрі негізді болып табылады.

Талап қоюшы кассациялық шағымында келтірген, яғни жергілікті соттардың сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі күмән тудырады деген уәждерін, сот алқасы негіссіз деп санайды, себебі олар жалпылама көрсетіліп, қандайда-бір дәлелдемелерімен бекітілмеген.

Жоғарыда аталғандар негізінде жергілікті соттар тарапынан материалдық және процесстік заңның нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілмегенін ескеріп, сот алқасы іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгеріс енгізуге негіздер жоқ деп санайды. Мұндай жағдайда талапкер өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 02 қыркүйектегі ұйғарымы, Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылсын.

С[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Н. Қайыпжан Судьялар Д. Токмурзина Ж.

Ермагамбетова

Көшірмесі дұрыс Судья Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.