КСАД РК - Постановление от 07.08.2025 по делу 6003-25-00-4к/1985 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 7 тамыз № 6003-25-00-4к/1985 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы Д.Ә. Әбдіғалиев,

талап қоюшы жеке кәспкер «Бек» Айшолпан Калауовна Жумабекованың жауапкер «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 13775456-ОК1, 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 13958753-ОК1, 2025 жылғу 16 сәуірдегі № 14125923-ОК1 конкурс қорытындылары туралы хаттамаларды заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 20 мамырдағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы қаулысына мүдделі тұлға жеке кәсіпкер Рабиға Жайбергенқызы Балғабаева берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Жеке кәспкер «Бек» А.К.Жумабекова жоғарыда көрсетілген әкімшілік талап қоюымен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 20 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Мүдделі тұлға ЖК Р.Ж. Балғабаева өзінің кассациялық шағымында төменгі тұрған соттардың сот актілерімен келіспей, олардың күшін жоюды сұраған.

Кассациялық шағым мәні бойынша қаралғанға дейін мүдделі тұлға тарапынан оны қайтарып алу туралы арыз келіп түсті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабы бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер ӘРПК-де өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 435-бабы үшінші төлігінің талаптарына сәйкес, кассациялық шағым берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде шағым берген прокурор кассациялық шағымнан бас тартуға немесе оны кері қайтарып алуға құқылы, наразылық келтірген прокурор оны кассациялық шағым, наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.

АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес, кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса, кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы қайтарылуға жатады.

Осыған орай, мүдделі тұлға ЖК Р.Ж.Балғабаеваның кассациялық шағымы АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы негізінде оны берген тұлғаға қайтарылуға жатады.

АПК-нің 442-бабы екінші бөлігін басшылыққа ала отырып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Мүдделі тұлға жеке кәсіпкер Рабиға Жайбергенқызы Балғабаеваның Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 20 мамырдағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы кері қайтарылсын.

Д. Әбдіғалиев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.