ВС РК - Определение от 21.04.2025 по делу 6001-25-00-3Г/1059(2) (Гражданское)

6001-25-00-3г/1059(2)

ҰЙҒАРЫМ

2025 жылғы 21 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова

талап қоюшы «Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің жауапкер дара кәсіпкер Г.М.Байқазақоваға мақсаты бойынша пайдаланбаған және игерілмеген үшін жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 казандағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап қоюшының өтінішхатын алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы аталған талап қоюмен жауапкерге сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 6 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 казандағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған. Өтінішхат иесі өтінішхатында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған сот актісінің күшін жоюды сұраған.

Өтінішхат уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.

Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.

Судья Ш.Иманиязова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.