№ 6003-25-00-2к/1131
(қарар бөлігі)
2025 жылғы 10 қараша Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші - судья Г.С.Джаппарова судьялар А.К.Айкенова, Д.Д. Махметова талап қоюшының өкілі С.А.Рахимованың
жауапкердің өкілі А.К.Амировтың қатысуларымен,
бейнеконференц байланыс арқылы өткізілген ашық сот отырысында талап қоюшы Арслан Кибатоллаевич Амировтың жауапкер «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, жұмыссыз бос жүруге мәжбүр болған күндеріне жалақы өндіру, моральдық зиян өтемақысын және ұжымдық шартпен кепілдік берілген әлеуметтік көмекті өндіру туралы талабы бойынша қабылданған Атырау қалалық сотының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі шешіміне, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 қаңтардағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен азаматтық істі қарап,
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, сот
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 қаңтардағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Г.С.Джаппарова
судьялар А.К.Айкенова
Д.Д. Махметова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.