Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 03.02.2026 по делу 6003-26-00-2к/793 (Гражданское)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 3 ақпан Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сотының судьясы А.К.Есдаулетов, жауапкер С[...] заңды күшіне енген сот актісіне берген кассациялық шағымын қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

С[...] Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 маусымдағы қаулысына кассациялық шағым берілген.

Кассациялық шағым төмендегі негіздерге байланысты қайтарылуға жатады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 431-бабына сәйкес апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

АПК-нің 436-бабының 1-бөлігінің талабы бойынша апелляциялық сатыдағы соттың қаулыларына заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде кассациялық шағым берілуі мүмкін.

Апелляциялық сатыдағы сотының қаулысы 2025 жылғы 5 маусымда заңды күшіне енген, сәйкесінше оған кассациялық шағым осы жылдың 6 желтоқсанына дейін берілуге тиіс болған, алайда шағым 2026 жылғы 2 ақпанында берілген.

Шағымға процестік мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептері көрсетіле отырып, оны қалпына келтіру жайлы өтініш тіркелмеген.

Осыған орай, кассациялық шағым АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінің 3) тармағының талабына сәйкес келмегендіктен, оны қабылдауға процестік мүмкіндік жоқ.

АПК-нің 441,442-баптарын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жауапкер С[...] Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы қайтарылсын. Кассациялық шағымды қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған кезде ол жалпы негiздер бойынша қайтадан берілуі мүмкін.

Судья А.Есдаулетов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.