Кассационный суд Республики Казахстан по уголовным делам - Постановление от 16.04.2026 по делу 6003-26-00-3к/439 (Об административном правонарушении)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 16 сәуір 6003-26-00-3к/439 Астана қаласы

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші- судья Қ.А.Мусетов,

судьялар М.К.Сатыбалдин, Г.Б.Даулетова,

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының аға көмекшісі А.Төремұратұлының,

әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізіліп жатқан тұлға – Ғ.Бакытжанұлының, оның өкілі – Б.К.Букебаевтың,

полиция инспекторы - Б.Қ.Жәрішевтің қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының наразылығымен келіп түскен Ғанибет Бақытжанұлына қаты~сты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық тур~~ алы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 613 - бабының 1 - бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Түркістан қаласының əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 25 қарашадағы қаулысымен Ғ. Бақытжанұлы ӘҚБтК-нің 613 - бабының 1 - бөлігімен кінəлі деп танылып, оған 3 тəулікке əкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалған.

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының наразылығында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарауды ұсынады.

Сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған полиция инспекторы Б.Қ.Жәрішевтің түсініктемесін, кассациялық наразылық дәлелдерін қолдаған қорғау тарапының, прокурор А.Төремұратұлының пікірлерін тындап, іс материалдарын зерделеп, сот келесі тұжырымға келді.

Кассациялық тәртіппен қайта қарау ӘҚБтК-нің 851 - бабы 5 -~бөлігінің 3) тармақша~~ сына сәйкес жүзеге асырылады.

Наразылықтағы Ғ.Бақытжанұлының көлік құралын басқарғаны туралы іс материалдарында нақты әрі бұлтартпас дәлелдер жоқ деген уәждер негізсіз болып табылады.

ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Іс материалдарынан анықталғандай, Ғ.Бақытжанұлы 2024 жылғы 19 қазанда сағат 06:05 шамасында маркасы «EXEED VX», мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ көлік құралын Түркістан қаласы, Саттарханов даңғылы, Жібек жолы көшесі және Шымкент - Самара тас жолы бойында басқ~арып, полиция органы қызметкерлерінің көлік құралын тоқ~~ тату туралы заңды талабын орындамаған.

Ғ.Бақытжанұлы өз түсініктемесінде оқиға орын алған күні өзінің маркасы «EXEED VX», мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ көлік құралын басқармағанын айтып мәлімдеген. Ғ.Бақытжанұлының кінәсі іс бойынша зерттелген және тиісті баға берілген материалдармен дәлелденді.

Атап айтқанда, Түркістан қалалық ПБ полиция инспекторы Б.Қ. Жәрішевтің түсініктемесінен 2024 жылғы 19 қазанда сағат 06:00 шамасында мемлекеттік нөмірі жоқ «EXEED VX» маркалы көлікті байқағаны белгілі болды. Тоқтату әрекеті кезінде көлік жылдамдықты арттырып, бой тасалаған, оны төрт полиция экипажы қуған. Автокөлік кері бұрылған сәтте ол рөлде Ғ.Бақытжанұлы болғанын көрген, алайда «Бейбарыс» жанар – жағар май бекеті (бұдан әрі - ЖЖС) жанында көлік тоқтаған кезде Ғ.Бақытжанұлы артқы орындыққа ауысып мініп, сол есіктен шыққан, ал алдыңғы жолаушылар есігінен Р.Мақсұт шыққан. Ол бірден көлік ішін тексергенде, салонда ешкім болмаған.

Бұл түсініктемелерді ол кассациялық қарау барысында растап, бірінші экипаж қызметкерлері Р.Торғауытов пен А.Байменовтың де рөлде дәл осы Ғ.Бақытжанұлы болғаны туралы ақпарат бергенін қосып айтты. Көліктің сақтандыру полисі Ғ.Бақытжанұлының атына ресімделген және иесі оған басқаруға сенімхат берген.

Б.Қ.Жәрішевтің айғақтары жүйелі және 2025 жылғы 31~желтоқсанда Ғ.Бақы~~ тжанұлымен беттестіру барысында расталған.

Зерттелген бейнежазбадан көліктің тоқтамағаны және артынан қуғын болғанына қарамастан, оны жоғары жылдамдықта айдау дағдылары бар адам басқарғаны көрінеді. Аталған көлік құралы тұйық жер болып табылатын ЖЖС бағытына бұрылып, содан кейін тоқтаған. Көлік тоқтағаннан кейін оң жақ артқы есіктен Ғ.Бақытжанұлы, ал оң жақ алдыңғы есіктен Р.Мақсұт шыққан. Көлік тоқтаған сәттен бастап Ғ. Бақытжанұлы шыққанға дейінгі уақытты тексергенде 6 секунд (бейнежазба уақыты 06:05:44) өткені анықталды.

Салонды тексеру кезінде өзге тұлғалар табылмаған. 7 минуттан кейін (бейнежазба уақыты 06:12:35) жүк салғыш бөлімін тексеру кезінде оның ішінен Н.Сартбай шыққан.

Куәгер, кәмелетке толмаған Р.Н.Мақсұт 2024 жылғы 19 қазандағы заңды өкілі – анасының қатысуымен берген алғашқы жазбаша түсініктемесінде: «рөлде менің ағам Ғани болды» (Ғ. Бақытжанұлы) деп көрсеткен. Анасының қатысуымен түсірілген бейнежазбада да ол көлікті өзі емес, «Ғани» басқарғанын растаған.

Куә Н.Сартбайдың оның жүк салғышта ұйықтап жатқаны туралы айғақтары көлік тоқтағаннан кейін оның жүк салғыштан шыққан сәті түсірілген бейнежазбаға сәйкес келеді.

Сот отырысында адамның жалған айғақтары тек заңды күшіне енген сот үкімімен анықталуы мүмкін. Сонымен қатар, Н.Сартбай және Р.Мақсұттың Қылмыстық кодексінің 420 - бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын ескере отырып, оларды сотта берген айғақтарын өзгерту фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулыларының осы іс бойынша преюдициялық маңызы болмайды.

Сондықтан сот куәлар Р.Н.Мақсұт пен Н.Н.Сартбайдың сотта берген айғақтарын өзгертуін Ғ.Бақытжанұлын жауаптылықтан құтқару әрекеті ретінде бағалап, оларды назарға алмайды. Р.Мақсұт пен оның анасының арасындағы әңгіме және осы әңгімеге қатысты жүргізілген мамандардың 2024 жылғы 2 желтоқсандағы №148 зерттеу нәтижелері осы іс аясынан тыс жүргізілгендіктен және Н.Сартбайдың көлік құралын басқару фактісін растамады, сондықтан дәлелдеме ретінде қабылданбайды.

Осылайша, зерттелген дәлелдемелердің жиынтығы: полиция қызм~еткерінің және көлікті қуған өзге де қызметкерле~~ рдің түсініктемелері, Р.Н.Мақсұттың заңды өкілінің қатысуымен берген түсініктемелері, жоғарыда аталған бейнежазбалар, сақтандыру

полисінің Ғ.Бақытжанұлына ресімделуі – көлік құралын Ғ. Бақытжанұлының басқарғанын айғақтайды.

Соттар Ғ.Бақытжанұлын әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы дұрыс және негізді қорытындыға келген.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. ӘҚБтК-нің 851 - бабын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613 - бабының 1 - бөлігі бойынша Ғанибет Бақытжанұлына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Түркістан қаласының əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 25 қарашадағы және Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы қаулылары өзгеріссіз қалдырылсын. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Қ.А.Мусетов Судьялар Г.Б.Даулетова М.К.Сатыбалдин

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.