ВС РК - Определение от 07.08.2023 по делу 6001-23-00-3Г/3331(2) (Гражданское)

6001-23-00-3г/3331(2)

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2023 жылғы 07 тамыз А с т а н а қ а л а с ы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж.Исмаилов талап қоюшылар М[...] және Н[...] «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыстарынан босату туралы бұйрықтарын заңсыз деп танып, күштерін жою, бұрынғы жұмыстарына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндері үшін орташа жалақы өндіру және сол кезеңдегі төленбеген міндетті зейнетақы жарнасын жеке зейнетақы шоттарына аударуды міндеттеу, моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қоюлары бойынша біріктірілген азаматтық ісі бойынша қабылданған

Қызылорда облысы Арал аудандық сотының 2023 жылғы 20 наурыздағы шешімін және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 07 маусымдағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап қоюшылардың өкілі Р[...] өтінішхатын алдын ала қарап,

а н ы қ т а ғ а н ы :

Талап қоюшылар М[...] мен Н[...] сотқа «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - КММ) жұмыстарынан босату туралы бұйрықтарын заңсыз деп танып, күштерін жою, бұрынғы жұмыстарына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндері үшін орташа жалақы өндіру және сол кезеңдегі төленбеген міндетті зейнетақы жарнасын жеке зейнетақы шоттарына аударуды міндеттеу, моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талаптарымен жүгінген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 07 маусымдағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Арал аудандық сотының 2023 жылғы 20 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшылардың өкілі Р[...] өтінішхатында істі қарау барысында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс анықталмай, материалдық құқық нормаларының бұзылуына жол берілгені туралы уәждер келтіріп, қабылданған сот актілерінің күшін жоюды және талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Өтінішхатта келтірілген уәждерді, іс бойынша қабылданған сот актілерін заң талаптарына және қолданыстағы сот практикасына сәйкестігін тексеру мақсатында судья өтінішхаттың алдын ала қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдырып, азаматтық іс құжаттарын алдырту қажет деп есептейді.

Сондықтан Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 268, 438-баптарын, 443-бабының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

ұ й ғ а р ы м е т т і :

Қызылорда облысының Арал аудандық сотынан талап қоюшылар М[...] және Н[...] «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-нің жұмыстарынан босату туралы бұйрықтарын заңсыз деп танып, күштерін жою, бұрынғы жұмыстарына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндері үшін орташа жалақы өндіру және сол кезеңдегі төленбеген міндетті зейнетақы жарнасын жеке зейнетақы шоттарына аударуды міндеттеу, моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қоюлары бойынша біріктірілген азаматтық іс сұратып алынсын.

Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс түскенге дейін кейінге қалдырылсын.

Судья Е. Исмаилов

Көшірмесі дұрыс. Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.