Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 21.01.2026 по делу 6003-25-00-2к/4689 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 21 қаңтар №6003-25-00-2к/4689 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., талап қоюшының өкілі Е.Жумабеков, жауапкер нотариус К.Сьюбаева,

бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Хамида Саид кизи Абдураимованың жауапкер жеке нотариус К.Сьюбаеваға, үшінші тұлғалар Айткул Абдраимова, Қайрат Саидұлы Абдураимов, берген мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2025 жылғы 19 наурыздағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 мамырдағы қаулысына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен қарап,

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2025 жылғы 19 наурыздағы шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 мамырдағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Ғ.Бастаубаев Судьялар А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.