ВС РК - Определение от 21.11.2022 по делу 6001-22-00-3Г/5054 (Гражданское)

№6001-22-00-3Г/5054

2022 жылғы 21 қараша Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы К[...],

талап қоюшы Ж[...] жауапкер Т[...] несие бойынша төленген қарызды ерлізайыптылардың ортақ қарызы деп тану, төленген қарыз сомасын өндіру және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен үлесін өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша шығарылған Ақтөбе қалалық сотының 2022 жылғы 3 ақпандағы шешімін, Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 сәуірдегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы жауапкер Т[...] өтінішхатын алдын ала қарап,

Ж[...] жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен сотқа жүгініп, онда жауапкермен некеде тұрған уақытта 2006 жылғы 15 желтоқсанда «Альянс Банк» (қәзіргі-«Forte Bank») акционерлік қоғамынан несие алып, мемлекеттік номері [...], «Мазда-626» маркалы автокөлігін 4 900 АҚШ долларына сатып алғанын және көлік несие бойынша кепілге қойылғанын мәлімдеген. 2007 жылы неке бұзылғаннан кейін ортақ мүлік бөлінбеген, көлік жауапкерде қалған. Банктік несие шарты бойынша міндеттемелері талап қоюшымен 2021 жылғы қыркүйек айында толық орындалғанын көрсетіп, банктен алынған несие ортақ қарыз болып табылатынын және де қарызды өзі төлегендіктен, төленген қарыздың ½ бөлігін өндіруді және автокөлік ортақ меншік болғандықтан төленген қарыз ерлі-зайыптылардың ортақ қарызы деп танып, оның ½ бөлігін ақшалай түрде өндіруді сұраған.

Ақтөбе қалалық сотының 2022 жылғы 3 ақпандағы шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылған.

Сот шешім етті: «Forte Bank» акционерлік қоғамына төленген қарыз ерлі-зайыптылардың ортақ қарызы деп танылсын. Ж[...].Т[...] талап қоюшы Ж[...] пайдасына төленген қарыз сомасының ½ мөлшері 1 033 900 теңге, ортақ мүліктің ½ бөлігі 700 000 теңге өндірілсін. Ортақ мүліктің ½ бөлігінің құнын талап қоюшыға толықтай төленгеннен кейін «Мазда -626» маркалы, мемлекеттік белгісі [...] автокөліктің меншік иесі Т[...] танылсын.

Талаптың басқа бөлігін қанағаттандырудан – бас тартылған. Сот шығындары өндіріліген.

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Ж[...].Т[...] өтінішхатында сот актілерімен келіспей, материалдық және процессуалдық заң нормаларының бұзылуына байланысты олардың күшін жойып істі бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жіберуді сұраған.

Өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 438, 443-баптарын басшылыққа алып, судья

Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық сотынан талап қоюшы Ж[...] жауапкер Т[...] несие бойынша төленген қарызды ерлі-зайыптылардың ортақ қарызы деп тану, төленген қарыз сомасын өндіру және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен үлесін өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс сұратып алдырылсын.

Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.

З.К[...].К[...]

Судья Көшірмесі дұрыс Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.