6кп-6-21
Қ А У Л Ы
2021 жылғы 18 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – судья А.Д.Рахметулин,
судьялар М.Т. Балкен, Ж.Б. Ермағамбетова, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры Т[...],
әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға Х[...] (K[...]) және оның қорғаушысы-анасы Х[...]. қатысуларымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында бейнеконференц байланыс арқылы,
Алматы облысы Қаратал аудандық сотының 2018 жылғы 24 қазандағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандындырылған сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен,
Х[...] (K[...]) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 495бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Алматы облысы Қаратал аудандық сотының 2018 жылғы 24 қазандағы қаулысымен Х[...] ӘҚБтК-нің 495-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуында сот қабылдаған қаулысы қайта қарауға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатындығы туралы көрсетілген.
Алқа, Х[...], қоғаушысы мен прокурордың ұсынуды қолдаған пікірлерін тыңдап, іс материалдарды зерттеп, ұсынудың уәждерін талқылап, сот қаулысының күші жойылуға жатады деп есептейді.
Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес Монғол Республикасының азаматы Х[...] Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өтініш берген кезде отбасы жағдай туралы бойдақ екенін және өмірбаянында бұрын әйелімен азаматтық некеде тұрып, олардың ортақ ұлынан анасы бас тартқаның көрсетіп, көрiнеу жалған мәлiметтерді көрсеткен. Осы факті бойынша оған қатысты ӘҚБтК-нің 495-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған.
Бірінші сатыдағы сот Х[...] кінәсі істегі дәлелдемелерімен толық дәлелденген деген тұжырымға келіп, Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындаған.
Алайда сот заңның талаптарын өрескел бұзып, заңға қайшы қаулысын шығарған.
Іс бойынша Х[...] ұлты қазақ, оның жақын туыстары - Қазақстан Республикасының азаматтары: анасы Х[...] , әпкелері Х[...], Х[...], Х[...] Қазақстан Республикасында тұрып жатырғаны анықталған. Сот бұл мән-жайларды ескермеген және Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны» туралы Заңның 48-бабы бойынша әкімшілік жолмен шығарып жіберген кезде, Х[...] бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынатына назар аудармаған.
Х[...] кассациялық сот отырысында мектепте монголия тілінде оқығанынан қазақша диалектиқалық сөз байланысты және тіл әдебиет жағынан грамматиқалық сөз ұйқастырын білмегенінен, сауалнамаөтініш толтырған кезінде қателіктер жібергенің көрсеткен.
Сонымен бірге, осы құқық бұзушылық 2015 жылғы 10 қарашада жасалғаны істегі құжаттарымен анықталған. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі жылдан астам уақыт өткен соң жасалған. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы іс-әрекет жасалған уақыттан бастап екі жыл он бір ай өткен соң шығарылған.
ӘҚБтК-нің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес тұлға - әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
ӘҚБтК-нің 741-бабының 1-тармағы 5- тармақшасы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдерінің өтуі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады.
Уәкілетті орган және сот осы көрсетілген заң талаптарды орындамай, Х[...] жөнінде заңсыз әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді қозғап, әкімшілік жауапқа тартқан.
Мұндай жағдайда, ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген негіздер бойынша кассациялық тәртіппен бірінші сатыдағы соттың қабылданған қаулылысының күші жойылуға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 840-бабының 2) тармақшасын, 851-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 495-бабының 2-бөлігі бойынша Х[...] (K[...]) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Алматы облысы Қаратал аудандық сотының 2018 жылғы 24 қазандағы қаулысының күші жойылсын.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Х[...] (K[...]) жөнінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 495-бабының 2-бөлігі бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.
ӘҚБтК-нің 864-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін Х[...] (K[...] t) келтірген залалды өтеу құқығы танылсын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші А. Рахметулин
Судьялар
М. Балкен
Ж. Ермағамбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.