ҚАУЛЫ
2026 жылғы 24 ақпан №6003-25-00-2к/4720 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Ж.К.Рустембеков, судьялар Л.Б.Мамырбаева, А.О.Тогумбетова, прокурор А.Е.Кадылбековтың, аудармашы Е.А.Төкештің
талап қоюшының өкілі С.Х.Тастыбайдың, жауапкер Ә.Б.Шакизанның және оның өкілі С.А.Дегенбаеваның қатысуларымен, бейнеконференциялық байланыс арқылы, ашық сот отырысында
талап қоюшы Астана қаласының әкімдігінің атынан «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі -Мекеме) жауапкер Әмірхан Берікұлы Шакизанға өтемақы төлеумен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару, жер учаскесінде орналасқан үйден шығару туралы талап қоюы жөніндегі электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 31 шілдедегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Мекеме жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 26 наурыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Ә.Б.Шакизанға 665 500 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Строитель» б/с, 158/1 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-985, жалпы ауданы 0,0022 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ә.Б.Шакизан Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Строитель» б/с, 158/1 учаске мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 3 902 250 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Домостроитель» б/с, Вишевая көшесі, 118 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-998, жалпы ауданы 0,0129 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ақшалай өтемақы төленгеннен кейін Ә.Б.Шакизан Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Домостроитель» б/с, Вишевая көшесі, 118 учаске мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 17 847 500 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Домостроитель» б/с, Яблоневая көшесі, 130 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-
318-086-761, жалпы ауданы 0,0590 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ақшалай өтемақы төленгеннен кейін Ә.Б.Шакизан Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Домостроитель» б/с, Яблоневая көшесі, 130 учаске мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 32 760 750 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 302 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-323, жалпы ауданы 0,1083 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ақшалай өтемақы төленгеннен кейін Ә.Б.Шакизан Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 302 учаске мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 24 926 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ДСК» б/с, Яблоневая көшесі, 128 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-759, жалпы ауданы 0,0824 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ақшалай өтемақы төленгеннен кейін Ә.Б.Шакизан Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ДСК» б/с, Яблоневая көшесі, 128 учаске мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 13 340 250 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ДСК» б/с, Яблоневая көшесі, 131/1 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-0861002, жалпы ауданы 0,0441 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ақшалай өтемақы төленгеннен кейін Ә.Б.Шакизан Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ДСК» б/с, Яблоневая көшесі, 131/1 учаске мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 16 244 250 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 299 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-335, жалпы ауданы 0,0537 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ақшалай өтемақы төленгеннен кейін Ә.Б.Шакизан Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 299 учаске мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 20 207 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 300а учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-349, жалпы ауданы 0,0668 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ақшалай өтемақы төленгеннен кейін Ә.Б.Шакизан Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 300а учаске мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шығарылған.
Астана қаласының Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 31 шілдегі ұйғарымымен осы соттың 2025 жылғы 26 наурыздағы шешімінде жiберiлген қате жазулар түзетіліп, шешімнен «Ақшалай өтемақы төленгеннен кейін Ә.Б.Шакизанды орналасқан тұрғын үйлерден шығару» туралы бөлігі алып тастанылған.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген.
Ә.Б.Шакизанға 553 632 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Строитель» б/с, 158/1 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-985, жалпы ауданы 0,0022 га жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 3 246 297 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Домостроитель» б/с, Вишевая көшесі, 118 (118/1) учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318086-998, жалпы ауданы 0,0129 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 14 847 403 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Домостроитель» б/с, Яблоневая көшесі, 130 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21318-086-761, жалпы ауданы 0,0590 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 27 253 792 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 302 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-323, жалпы ауданы 0,1083 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 20 736 034 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ДСК» б/с, Яблоневая көшесі, 128 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-759, жалпы ауданы 0,0824 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 11 097 805 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ДСК» б/с, Яблоневая көшесі, 131/1 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-0861002, жалпы ауданы 0,0441 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 13 513 653 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 299 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-335, жалпы ауданы
0,0537 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Ә.Б.Шакизанға 16 810 280 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «ЦТЭЦ-2» б/с, 300а учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық №21-318-086-349, жалпы ауданы 0,0668 га жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Сот шешімінің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшының апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылған. Жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің нарықтық құны «Дом оценки» тәуелсіз бағалау компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі -ЖШС) бағалау есебі бойынша дұрыс анықталғанын, апелляциялық сот іс үшін маңызы бар мән-жайларға дұрыс құқықтық баға бермегенін, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанын көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысын өзгертіп, сегіз жер учаскесінің ішіндегі алты жер учаскесіне төленетін өтемақыларды жауапкерге алғашқы ұсынылған мөлшерге дейін азайтуды сұраған.
Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымды қолдаған түсінігін, жауапкер өкілінің шағымға қарсылығын, прокурордың апелляциялық соттың қаулысының күші жойылып, азаматтық іс қайтадан апелляциялық сотқа жолдауға жатады деген қорытындысын тыңдап, іс құжаттары мен кассациялық шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі негіздерге байланысты дауланып отырған сот актісін күшінде қалдыру қажет деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағында соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайтыны, заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін екені қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 188бабының 5-тармағына сай, меншiк құқығының мерзiмi шексіз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.
АК-нің 255-бабының 1-тармағында мемлекеттiк органның меншiк иесiнен мүлiктi алып қоюға тiкелей бағытталмаған шешiмiне, соның iшiнде меншiк иесiне тиесiлi үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар немесе өсiмдiктер
бар жер учаскесiн алып қою туралы шешiмiне байланысты қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының заң құжаттарымен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана меншiк иесiне құны тең мүлiк берiп және өзге де келтiрiлген залалдарын өтей отырып немесе меншiк құқығының тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарын толық көлемiнде өтей отырып тоқтатылуына жол берiлетіні көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 1-тармағына сәйкес, жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1- бабының 25) тармақшасының талаптарына сәйкес, мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жер учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу болып табылады.
Заңның 67-бабының 2, 3- тармақтарында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалатыны қарастырылған.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы осы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.
Азаматтық істің құжаттарына қарағанда, жоғарыда көрсетілген сегіз жер учаскесі жауапкер Ә.Б.Шакизанның меншік құқығын тиесілі.
Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі №510-2259 қаулысына сәйкес, жауапкердің бұл жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатады.
2024 жылғы 9 шілдеде жауапкерге өтемақы төлеумен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама табысталып, оған «Дом Оценки» тәуелсіз бағалау компаниясы» ЖШС-мен жасаған мүлікті бағалау есебі негізінде даулы сегіз жер учаскелеріне жалпы 62 500 578 теңге ақшалай өтемақы ұсынылған.
Жауапкер жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға қарсы болмағанымен, ұсынылған өтемақы мөлшерімен келіспей, «Sert Service Group» ЖШС-нің 2025 жылғы 14 наурыздағы бағалау қорытындысы бойынша
сегіз жер учаскесі үшін өтемақыны 237 094 853 мөлшерінде анықтауды сұраған.
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы бойынша жүргізілген «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот сараптамалары орталығы» Ғылымитәжірибелік сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалының сот сараптамасының 2025 жылғы 5 наурыздағы №1517 қорытындысына сәйкес, жауапкердің жер учаскелерінің нарықтық құны 129 893 500 теңгені құраған.
Бірінші сатыдағы сот шешімінде осы сараптама қорытындысы негізге алынған.
Апелляциялық сот аталған сот сараптамасы өткізілген кезде сарапшы салыстырма әдістемесін қолданғанда балама ретінде нарықтық құны жоғары жылжымайтын объектілерін алғанын, осы әдістеме бойынша талдау жасамағанын, олардың нақты қандай бағаға сатылғанын анықтамағанын, пайдаланылған мәліметтерді нақтыламағанын назарға алып және тараптардың уәждерін ескере отырып, іс бойынша 2025 жылдың 26 маусымында сот қайталама комиссиялық тауар тану сараптамасын тағайындаған.
«Прогресс-Консалтинг» ЖШС-нің сарапшыларының қорытындысына сәйкес, жауапкердің жер учаскелерінің нарықтық құны 108 058 896 теңгені құраған. Атап айтқанда: кадастрлық № 21-318-086-985 жер учаскесінің құны 553 632 теңге; кадастрлық №21-318-086-998 жер учаскесінің құны 3 246 297 тенге; кадастрлық №21-318-086-761 жер учаскесінің құны 14 847 403 теңге; кадастрлық №21-318-086-323 жер учаскесінің құны 27 253 792 теңге; кадастрлық №21-318-086-759 жер учаскесінің құны 20 736 034 теңге; кадастрлық №21-318-086-1002 жер учаскесінің құны 11 097 805 теңге; кадастрлық №21-318-086-335 жер учаскесінің құны 13 513 653 теңге; кадастрлық №21-318-086-349 жер учаскесінің құны 16 810 280 теңге құраған.
Апелляциялық сот өтемақыны айқындау кезінде осы қайталама комиссиялық тауар тану сот сараптамасынының қорытындысын дұрыс негізге алған. Өйткені, бұл қорытындыда объектіні зерттеу кезінде жер учаскесінің нақты нарықтық құны көрсетіліп, олардың жалпы сомасы дұрыс анықталған. Қорытынды ғылыми негізделген, бағалау тәртібі, стандарты мен әдістемесін көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, Астана қаласындағы нарықта қалыптасқан жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты құнын талдау және зерделеу негізінде құрастырылған. Салыстырмалы зерттеу әдістемесін қолданғанда сарапшы жер учаскелерінің ұқсас аналогтарын пайдаланған. Жер учаскесінде орналасқан бүкіл жылжымайтын мүлік объектілері, көпжылдық екпелер, жеміс және басқа да ағаштар назарға алынып, бағаланған.
Сонымен қатар, сарапшыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабы бойынша көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлген.
Талап қоюшының шағымындағы уәждері соттардың қарау нысаны болған және дауланған сот актілерінде оларға тиісті құқықтық баға берілген.
Кассациялық шағымда жаңа фактілер мен негіздемелер келтірілмеген. Істі қарау барысында апелляциялық соттың тарапынан материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол берілмеген.
Талап қоюшының іс бойынша анықталған мән-жайлармен келіспеуі, дауланып отырған сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз бола алмайды.
Мемлекет мұқтажына алынатын жылжымайтын мүліктердің нарықтық құны комиссиялық сот сараптамасымен дұрыс анықталған. Сот сараптамасының дұрыстығына күмәндануға негіздер жоқ.
Сондықтан кассациялық сот дауланып отырған сот актісі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 31 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын
Төрағалық етуші, судья: Ж.Рустембеков
Судьялар: Л.Мамырбаева
А.Тогумбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.