ВС РК - Определение от 08.08.2024 по делу 6001-23-00-6ап/2911 (Административное)

ҰЙҒАРЫМ

2024 жылғы 8 тамыз 6001-23-00-6ап/2911 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Ш.Т.Даниярова, Ғ.Ө.Әлжанов болып,

талап қоюшының өкілі М.К.Нурумовтың қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Махсат Сатбаевич Отарбаевтың жауапкер «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік мекемесіне сәулет-жобалау тапсырмасын беруден дәлелді бас тартуын заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 18 мамырдағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшы М.С.Отарбаевтың келтірген кассациялық шағымы бойынша келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 26-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор әкімшілік процеске қатысушылар болып табылады.

Осы іс бойынша кассациялық сатыдағы сотта М.К.Нурумов талап қоюшының өкілі ретінде қатысатыны туралы алдын-ала мәлімдеген.

ӘРПК-нің 28-бабының екінші бөлігі талап қоюшы сотқа әкімшілік істің шын мәніндегі мән-жайлары туралы толық және шынайы түрде мәлімдеуге, әкімшілік процеске басқа да қатысушылардың растайтын фактілерін теріске шығаратын құжаттарды сотқа айтуға немесе ұсынуға міндетті. Талап қоюшының процестік міндеттерді орындамауы осы Кодексте көзделген процестік салдарлардың басталуына алып келеді.

ӘРПК-нің 28-бабының үшінші бөлігіне байланысты талап қоюшы Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген басқа құқықтарды пайдалана алады және басқа міндеттерді атқарады.

ӘРПК-нің 127-бабының үшінші бөлігінде, сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Істі қарау барысында талап қоюшының өкілі М.К.Нурумов сот отырысына кассациялық шағымның уәждерімен таныспай, өзінің процестік міндеттерді орындамай, дайындықсыз келген, сот алқасы талқылауға мыналарды негізге ала отырып, аталған талап қоюшының өкіліне ақшалай өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Соттың процессуалдық міндеттемелерді орындамау фактілерін анықтау кезінде ақшалай жаза қолдану құқығы, сот билігінің тәуелсіздігі мен тәуелсіздігі принципінен туындайды және соттың сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, ақшалай өндіріп алуды қолдану заң мен сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру және сот ісін жүргізу міндетін орындауға ықпал етеді.

ӘРПК-нің 118, 127, 138 -баптарын басшылыққа алып, сот алқасы,

Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:

Талап қоюшының өкілі Мадад Капкенович Нурумовқа 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 36 920 (отыз алты мың тоғыз жүз жиырма) теңге ақшалай өндіріп алу қолданылсын.

Ақшалай өндіріп алуды келесі төлеу деректемелер бойынша жүзеге асырылатыны түсіндірілсін:

Бенефициар ҚР Қаржымині МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;

Бенефициардың БСН 081240013779;

Салық органының коды 6205;

"ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті"ММ Бенефициар банкі;

ЖСК KZ24070105KSN0000000; БСК KKMFKZ2A; КНП 911; КБК 204 178;

ӘРПК-нің 127 - бабының 6 - бөлігіне сәйкес ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және ол республикалық бюджеттің кірісіне өндіріп алынатыны түсіндіріледі.

Ұйғарым шағым келтірілуге, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.

Төрағалық етуші

С.Баймаханов

Судьялар

Ш.Даниярова

Ғ. Әлжанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.