№6001-22-00-3Г/4781
2023 жылғы 13 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы З.Б.Кейкибасова,
талап қоюшы Т[...] жауапкерлер А[...] пен А[...] материалдық залалды өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы ұйғарымын және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы жауапкер А[...] өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
Т[...] жауапкерлер А[...] пен А[...] материалдық залалды өндіру туралы талап қоюымен сотқа жүгінген. Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 9 қаңтардағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған.
Сот шешім етті: талап қоюшы Т[...] пайдасына жауапкер А[...], А[...] материалдық зиян 522 700 теңге ортақ өндірілсін.
Сот шығындары өндіріліген.
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы ұйғарымымен А[...] апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымымен сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған. Өтінішхатта жауапкер А[...] көрсетілген сот актілерімен келіспей, келесідей уәждер келтірген.
2023 жылғы 17 мамырда сот орындаушының жұмыс орнына барғанда, ол өзіне қатысты атқарушылық іс қозғалғанын білген. Сот орындаушы оған тек соттың атқару парағының көшірмесін берген. Ал, атқару парағына негіз болған соттың шешімі Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан барып алу керек екенін түсіндірген.
2023 жылғы 9 қаңтардағы №5166-22-00-2/556 санды сот шешімін сұрап сот шешімін шығарған сотқа 2023 жылғы 5 маусымда барып, шешім көшірмесін алмағанын айтқан соң, сол күні судьяның хатшысы сот шешімін қолма-қол берген.
Сот шешімі шыққанын және ол жауапкер ретінде іс бойынша тартылғаны туралы оған соттан хабарлама келмеген.
Ұлы А[...] ағымдағы жылдың басынан бастап борышын өтеу үшін әскерге аттанған болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2- бөлігіне сәйкес, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар делінген.
Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес, ол сот шешіміне апелляциялық шағым келтірген және сот шешіміне апелляциялық шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруді 2023 жылғы 5 маусымда арыз түсірген.
Алайда, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ[...] 2023 жылы 13 маусымдағы сот ұйғарымымен оның апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Аталған сот шешімі шыққанын ол білмедім деген уәждеріне сот мән бермей, ұйғарымын өзгеріссіз қалдырғанын.
А[...] бұл уәждері назарға алынуға жатады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі –АПК) 234 бабына сәйкес сот отырысына келмеген тараптарға және іске қатысатын басқа тұлғаларға шешімнің көшірмелері шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, салып жіберіледі немесе беріледі.
Іс материалдарымен А[...] сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жіберілмегені анықталды. Сондай-ақ сот шешімінің көшірмесі жіберілмеген. Мұндай мәліметтер іс материалдарында да, Төрелік ақпараттық жүйесінде де жоқ.
АПК-нің 126-бабының 2, 3 бөліктеріне сәйкес, егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін. Сот заңды бұзған жағдайда сот актілеріне шағым жасау, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруі не процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндігін шектейтін (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмелерін уақтылы жібермеу; егер сот актісі осы тұлға білетін тілге аударылмаса, сот ісін жүргізу тілін білмеу; құқық мирасқорлығын дұрыс ресімдемеу) сот актілеріне шағым жасау үшін, сондай-ақ уақтылы шағым беруге, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруіне кедергі болған өзге де
мән-жайлар болған кезде сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге міндетті.
Осыған байланысты, судья жауапкердің жоғарыда көрсетілген уәждері және басқа да уәждер кассациялық сот отырысында тексерілуге жатады деп санайды.
АПК-нің 444-бабының 1 бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Жауапкер А[...] Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы ұйғарымын және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.
Судья З.Кейкибасова Көшірмесі дұрыс Судья З.Кейкибасова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.