КСАД РК - Постановление от 23.06.2026 по делу 6003-26-00-4к/756 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 23 маусым 6003-26-00-4к/756

Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші судья Г.Б.Дүйсенбаев,

судьялар Р.М.Айнақұлова, Е.М.Нұралиев, талап қоюшы Ү[...],

жауапкердің өкілі С[...] қатысуымен

ашық сот отырысында, талап қоюшы Ү[...] Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Арнаулы мақсаттағы басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінен тұрғын үй комиссиясының ағымдағы тұрғын үй төлемдерін төлеуді тоқтату туралы шешімін заңсыз деп тану және күшін жою, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтатылған күннен бастап қайта жалғастыруды міндеттеу туралы әкімшілік талап қоюы бойынша қаралған, Алматы гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 10 қарашадағы шешіміне, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 3 ақпандағы қаулысына жауапкердің өкілі С[...] кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АТЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 3 ақпандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Алматы гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 10 қарашадағы шешімімен әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Арнаулы мақсаттағы басқармасының тұрғын үй комиссиясының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі Ү[...] тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдерін төлеуді тоқтату туралы №9 шешімі заңсыз деп танылған және күші жойылған; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Арнаулы мақсаттағы басқармасына Ү[...] бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін төлеуді тоқтатылған уақыттан, яғни 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қайта төлеуді жалғастыруды міндеттелген; сот шығыстары сұрағы шешілген.

Соттың қаулыларымен келіспей, кассациялық шағымда жауапкер өкілі 2025 жылы 66597 әскери бөлімнен келген хаттан Ү[...] 2 283 840 теңге біржолғы тұрғын үй төлемдерін алғанын біле сала, жауапкердің ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтату туралы заңды шешім қабылдағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Шағымға берген қарсылығында талап қоюшы оны қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот, шағым уәждері мен іс құжаттарын жанжақты зерттеп, жауапкер өкілінің шағымын қолдау туралы түсініктемесін, талап қоюшының онымен келіспейтіні туралы қарсы пікірін тыңдап, төмендегідей тұжырымға келді.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодекспен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Осы іс бойынша бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарымен аталған заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Арнаулы мақсаттағы басқармасының тұрғын үй комиссиясының (әрі қарай - тұрғын үй комиссия) 2023 жылғы 13 қазандағы хаттамасымен ефрейтор Ү[...] және оның отбасы мүшелері тұрғын үйге мұқтаж деп танылған.

Талап қоюшы даулап отырған тұрғын үй комиссиясының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №9 хаттамалық шешімімен Ү[...] тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері тоқтатылған.

Даулы шешімге негізі ретінде 66597 әскери бөлімнің 2025 жылғы 18 тамазындағы Ү[...] 2 283 840 теңге біржолғы тұрғын үй төлемдерін алғаны туралы хаты мен талап қоюшының Астана қаласынан ипотекалық тұрғын үй сатып алғаны туралы баянаты көрсетіліп, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай -Заң) 101-4 бабының 5 тармағының 4) тармақшасына сілтеме жасалған.

Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар іс бойынша анықталған мән-жайларға дұрыс құқықтық баға беріп отыр.

Талап қоюшы 15 қаңтар 2024 жылғы сатып алу-сату туралы келісім шарт бойынша 28 224 000 теңге сомаға Астана қаласы, [...] мекен жайы бойынша үш бөлмелі үйге құқықтарын тіркегенімен, 22 579 200 теңге сомасын «Altyn Bank» акционерлік қоғамынан несие ретінде алғандықтан, пәтер кепілге қойылған.

Заңның 101-15 бабының бірінші тармағының 1) тармақшасына сәйкес тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғынжайды меншікке алу, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану арқылы алу, 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындағанға дейін ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.

Талап қоюшы несие алу арқылы тұрғынүйді 2024 жылғы 15 қаңтарда сатып алған, «Altyn Bank» акционерлік қоғамының алдындағы міндеттемелері 2025 жылғы 1 шілдеге дейін толық орындалмаған.

Сонымен қатар, талап қоюшының 2020 жылғы 21 сәуірде 2 283 840 теңге көлемінде біржолғы тұрғын үй төлемдерін алғанымен, Ү[...] және оның отбасы мүшелерін тұрғын үй комиссиясы 2023 жылғы 13 қазандағы хаттамасымен тұрғын үйге мұқтаж деп таныған.

Ү[...] пен жұбайы 2014, 2015, 2018, 2019 жылдары туған төрт балаларын тәрбиелейді.

Жоғарыда келтірілген мәнжайларды ескере отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп табады.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Алматы гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 10 қарашадағы шешімі, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 3 ақпандағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Жауапкердің өкілі С[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші:

Судьялар:

Г. Дүйсенбаев

Р. Айнақұлова

Е. Нұралиев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.