ВС РК - Постановление от 18.04.2023 по делу 6001-22-00-6ап/2365 (Административное)

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 18 сәуір 6001-22-00-6ап/2365 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Б.Т.Нажмиденов, Е.Ж.Өміралиев болып, талап қоюшы А[...] өкілі – Е[...], мүдделі тұлға Т[...] өкілі – Д[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] жауапкерлер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық тіркеу және жер кадастры бөліміне (бұдан әрі – Ж[...] кадастры бөлімі, Мемлекеттік корпорация) Т[...] атына жерге орналастыру жобасын дайындау және сәйкестендіру құжатын беру және А[...] атына сәйкестендіру құжатын беруден бас тарту туралы әрекеттерін заңсыз деп тану, А[...] атына жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын дайындауға және сәйкестендіру құжатын беруге міндеттеу туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 шілдедегі қаулысына мүдделі тұлға Т[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Жауапкер Ж[...] кадастры бөлімінің Т[...] Түркістан қаласы, [...] мекенжайда орналасқан аумағы 0,1000 га жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын әзірлеу және сәйкестендіру құжатын беру әрекеті және А[...] атына аталған жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруден бас тарту туралы әрекеті заңсыз деп танылған.

Жауапкер Ж[...] кадастры бөлімінің А[...] атына Түркістан қаласы, [...] мекенжайда орналасқан аумағы 0,1000 га жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын әзірлеуге және сәйкестендіру құжатын беруге міндеттелген.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған. Мүдделі тұлға Т[...] кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, жаңа шешім шығаруды сұраған.

Мүдделі тұлғалар Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі мен Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемелекеттік мекемелері өздерінің кассациялық шағымға қарсы пікірлерінде іс бойынша шешім қабылдауды сот құзырына қалдыратынын көрсеткен. Сондай-ақ, істі олардың өкілдерінің қатысуынсыз қарауды сұраған.

Жауапкер немесе оның өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді. Сотқа келмеу себептерін хабарламады.

Бұл жағдайлар істі сотқа келмеген тараптардың қатысуынсыз қарауға кедергі болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Мүдделі тұлға өкілінің кассациялық шағымды қолдаған, талап қоюшы өкілінің кассациялық шағыммен келіспеген пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Істің мән-жайларына қарағанда бір жер учаскесі екі азаматқа табысталып, осы даудың туындауына себеп болған.

Жергілікті соттар талапты қанағаттандырғанда мына мән-жайларды ескерген.

Түркістан қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №2320 қаулысымен Т[...] Түркістан қаласы, [...] мекенжайда орналасқан тұрғын үй құрылысы үшін аумағы 0,1 га жер учаскесіне (бұдан әрі – №[...] учаскесі) меншік құқығы берілген.

2021 жылғы 15 маусымда Т[...] Қабанбай батыр көшесі №49 жер учаскесіне (бұдан әрі – №[...] учаскесі) кадастрлық №[...] жеке меншік құқығын беретін сәйкестендіру құжаты ресімделген.

Түркістан қалалық жер қатынастарын реттеу комиссиясы А[...] өтінішін қарап, №49 жер учаскесіне іс-құжат актісін алу үшін қаулы шығарып беруге келісілген, қорытындыға Түркістан қаласы әкімінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы №4534 шешімі негіз болған.

Түркістан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 шілдедегі №1160 қаулысымен А[...] №49 жер учаскесі сатып алуға берілген, жер учаскесінің бағалау құны 880 000 теңге болып белгіленген.

2021 жылғы 30 шілдеде Түркістан қаласы жер қатынастары бөлімі мен А[...] арасында №49 жер учаскесін сатып алу-сату туралы №251 келісім шарты жасалған.

Бұдан басқа, Түркістан қаласы әкімінің 1993 жылғы 29 наурыздағы №85 шешімімен Т[...] ТурМУ ауданы Жуковский көшесінен ауданы 600 шаршы метр жер ауласы жеке үй құрылысын салу үшін бөлінген. Түркістан қалалық жер қатынастарын реттеу комиссиясының Т[...] өтінішін қарап, 2017 жылғы 12 қазандағы №1553 қорытындысымен №67 жер учаскесіне іс-құжат актісін алу үшін қаулы шығарып беруге келісілген, қорытындыға Түркістан қаласы әкімінің 1993 жылғы 29 наурыздағы №85 шешімі негіз болған. Түркістан қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №2320 қаулысымен Т[...] №67 жер учаскесіне жеке меншік құқығы берілген. 2021 жылғы 15 маусымда Т[...] №49 жер учаскесіне кадастрлық №[...] жеке меншік құқығын беретін сәйкестендіру құжаты ресімделген.

Т[...] атына шығарылған қаулыда жердің орналасуы Қабанбай батыр көшесі №67 екеніне, сондай-ақ жер учаскесінің орналасқан жерінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МЖК ААЖ) графикалық деректеріне сәйкес келмеуіне, жерге орналастыру жобасы (схемалық сызба, шекараны белгілеу актісі және т.б.) Қабанбай батыр көшесі №67 жер учаскесіне қатысты дайындалғанына қарамастан, 2020 жылғы 3 тамызда Мемлекеттік корпорация, яғни жауапкер Ж[...] кадастры бөлімі жер учаскесінің жоспарын бекіткен.

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорацияның мәліметтер базасы бойынша №67 жер учаскесіне кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты 2006 жылы ресімделгенін анықтаған. Алайда, жауапкер сәйкессіздіктердің орын алғанына қарамастан, Т[...] жерге орналастыру жұмыстарын жүргізген. Оған қоса, Ж[...] кадастры бөлімі талап қоюшы А[...] №49 жер учаскесінің МЖК ААЖ графикалық деректеріне сәйкестігіне келісімді 2021 жылғы 14 мамырда берген. Ал, 2021 жылғы 3 шілдеде №49 жер учаскесінің МЖК ААЖ графикалық деректеріне сәйкестігіне келісімді Т[...] да берген.

Қазақстан Республикасы Ж[...] кодексінің 43-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Осы Кодекстің 44-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру тәртібі көрсетілген. Аталған заң нормасына сәйкес, жер учаскесін алдын ала таңдау және жерге орналастыру жобасын әзiрлеу, бекiту жұмыстары жергілікті атқарушы орган жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдағанға дейін жасалатыны нақты көрсетілген.

Ж[...] учаскесінің №[...] кадастрлық ісінің құжаттарына қарағанда, Т[...] қатысты №67 жер учаскесінің жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту 2020 жылғы 3 шілдеде дайындалғанын, яғни жергілікті атқарушы органның жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауынан кейін дайындалып, бекітілгенін ескереді.

Сондықтан соттар жауапкер Ж[...] кадастры бөлімі тарапынан Т[...] жерге орналастыру жобасын әзірлеу, бекіту және сәйкестендіру құжатын рәсімдеу барысында қолданыстағы заң нормаларының талаптары сақталмаған деген тұжырым жасаған. АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды.

ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы шешімі, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Мүдделі тұлға Т[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Судьялар

С. Баймаханов

Б. Нажмиденов Е. Өміралиев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.