Кассационный суд Республики Казахстан по уголовным делам - Постановление от 28.08.2025 по делу 6003-25-00-3к/12 (Об административном правонарушении)

6003-25-00-3к/12

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 28 тамыз Астана

қаласы

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші- судья Қ.А .Мусетов, судьялар М.К.Сатыбалдин, Г.Б.Даулетова, Қазақстан Республикасының Бас прокур орының аға көмекшісі А.Төремұратұлының,

өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргіз іліп жатқан тұлға Е.Е. Аккалиевті ң , оның қорғаушысы- адвокат Р.Г.Кырыкбаевтың қатысуларымен, кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының 2024 жылғы 24 қазандағы, Батыс Қазақстан облыстық сотының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулыларына Қылмыстық істер жөніндегі к ассациялық сот төрағасының ұсынуы мен келіп түскен Ержан Еркинович Аккалиевке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының 2024 жылғы 24 қазандағы қаулысымен Ержан Еркинович Аккалиев ӘҚБтК-тің 608-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Батыс Қазақстан облыстық сотының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Қылмыстық істер жөніндегі к ассациялық сот төрағасының ұсынуында құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот қаулыларын қайта қарауды сұраған.

Сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурор А. Төремұратұлының, Е.Е.Аккалиев пен оның қорғаушысы Р.Г.Кырыкбаевтың пікірлерін тыңдап, іс материалдарын зерделеп,

Қылмыстық істер жөніндегі к ассациялық сот келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 822-бабының 2-бөлігі бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс. ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.

Сот қаулыларына сай, Е.Е.Аккалиев 2024 жылғы 3 тамызда 03 сағат 25 минутта «Танк 500» маркалы мемлекеттік нөмірі 088AFD07 автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқара отырып, БҚО Бәйтерек ауданы Асан ауылындағы Дәулеткерей мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында өз жол жолағымен жүріп келе жатқан А.А.Ихсановтың басқаруындағы «Hyundai Eiantra» маркалы мемлекеттік нөмірі 8853КА автокөлікпен соқтығысуға жол беріп, нәтижесінде осы көлік құралының иесіне материалдық залал келтірілген.

ӘҚБтК-тің 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. ӘҚБтК-тің 744-бабы 3-бөлігіне сәйкес он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ шетелдiкті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жiберу немесе адамға берiлген арнайы құқықтан (көлiк құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi

қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы мiндеттi.

Алайда, іс материалдарындағы аудио,- бейнежазбаға сәйкес бірінші сатыдағы сот отырысы «WhatsApp» желісі арқылы жүргізілгені, бейнежазбадан құқық бұзушы Е.Е.Аккалиев сот отырысына қатыспағаны көрінеді. Бірінші сатыдағы сот өз қаулысында істі әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамсыз қарауды шешкен, алайда бұл сот тұжырымы ӘҚБтК-тің 744- бабының 3-бөлігінде көрсетілген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезінде әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адамның қатысуы міндетті деген заң талаптарын, яғни құқық бұзушының өзін өзі қорғау конституциялық құқығын бұзған. Бірінші сатыдағы сотпен жіберілген заң бұзушылықтарға қарамастан, апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіскен.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды назарға ала отырып, соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында біркелкіліктің бұзылуына байланысты ӘҚБтК-нің 851-бабының тәртібімен іс бойынша шығарылған сот қаулыларының күші жойылуға, іс жаңадан бірінші сатыдағы соттың қарауына жолдануға жатады.

Істі қайтадан қарау барысында жоғарыда аталған мәселелерге сот назар аударып, істі жан-жақты қарап, негізді және заңды шешім шығаруға тиіс. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандыруға жатады. ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот, ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша Ержан Еркинович Аккалиевке қатысты Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының 2024 жылғы 24 қазандағы және Батыс Қазақстан облыстық сотының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулыларының күші жойылсын. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотына жаңадан қарауына жолдансын.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

Қ.А.Мусетов

М.К.Сатыбалдин Г.Б.Даулетова

Судьялар

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.