Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 04.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/3417 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 4 ақпан №6003-25-00-2к/3417 (2) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

талап қоюшы Г.Акмурзаева, оның өкілі Э.Бердалиева, жауапкерлердің өкілі М.Бекбердінің қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Галия Уринбасаровна Акмурзаеваның жауапкерлер Бахтияр Маханбетович Худайбергеновке, Балташ Калбаеваға, Кулсин Шариятуллаевна Зулпукароваға, жеке сот орындаушы Муминжан Азимовқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану, моральдық зиян өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 шілдедегі қаулысына жауапкер Б.Худайбергеновтің кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Г.Акмурзаева жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінген. Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен талап қоюшының талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерлер Б.Худайбергенов пен Б.Калбаеваның арасында жасалған 2024 жылғы 13 қыркүйектегі және Б.Калбаева мен К.Зулпукарованың арасында жасалған 2024 жылғы 28 қазандағы сатып алу-сату келісім шарттары жарамсыз деп танылған.

Жауапкерлер Б.Худайбергенов, Б.Калбаева және К.Зулпукарованың әр қайсысынан талап қоюшы Г.Акмурзаеваның пайдасына 148 356 теңге сот шығыны өндірілген.

Талаптың моральдық зиян өндіру бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.

Жауапкер Б.Худайбергенов кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұрап, оны

соттармен материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанымен негіздеген.

Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Бірінші сатыдағы сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 158-бабы 4-тармағына сәйкес егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемені орындаудан немесе үшiншi тұлға не мемлекет алдындағы жауаптылықтан жалтару ниетiмен жасасқан жағдайда, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi тұлға (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

АК-нің 160-бабы 1-тармағына сәйкес сәйкес оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.

Талап қоюшы Г.Акмурзаева мен жауапкер Б.Худайбергеновтің некелері Түркістан қалалық сотының 2023 жылғы 15 маусымдағы шешімімен бұзылған. Түркістан облысының кәмелетке толмағандардардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 11 қаңтардағы шешімімен талап қоюшы Г.Акмурзаеваның талап қоюы ішінара қанағаттандырылған.

Түркістан қаласы Арыстанбаб көшесі 53 мекенжайда орналасқан жер теліміне талап қоюшы Г.Акмурзаеваның 1/2 мөлшеріндегі үлесі анықталып, жауапкер Б.Худайбергеновтен талап қоюшы Г.Акмурзаеваның пайдасына құны 9 300 000 теңгені құрайтын сол жер телімінің жарты құны 4 650 000 теңге өндірілген.

Жауапкер Б.Худайбергеновтен талап қоюшы Г.Акмурзаеваның пайдасына Түркістан қаласы Арыстанбаб 53 мекенжайда орналасқан тұрғын үй ғимаратын салуға жұмсалған жалпы 25 254 019 тенге қаражатының тең жартысы 12 627 009 тенге өндірілген. Түркістан қаласы Байқоңыр 65 мекенжайында орналасқан 0,1 га жер телімі талап қоюшы Г.Акмурзаева мен жауапкер Б.Худайбергенов араларында тең бөлінген.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 17 маусымдағы қаулысымен көрсетілген сот шешімі өзгертіліп, талап қоюшы Г.Акмурзаеваның пайдасына жауапкер Б.Худайбергеновтен

Түркістан қаласы, Арыстан баб, 53 мекенжайда орналасқан тұрғын үй ғимаратын салуға жұмсалған деп өндірілген 12 627 009 тенге тұрғын үйдің құрылысқа жаратылған материалдар деп, 4 856 869 теңгеге дейін төмендетілген.

Талап қоюшы Б.Худайбергеновтің Г.Акмурзаевадан банктегі жинақталған ортақ бірлескен меншіктегі 1 111 436 теңгенің ½ бөлігінде үлесі 555 718 теңге оған тиесілі деп танып, өндіруден бас тартылған бөлігінің күші жойылып, осы бөлігінде талап қою қанағаттандырылған.

Сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Жеке сот орындаушы М.Азимовпен (бұдан әрі – сот орындаушы) аталған сот актілері негізінде берілген атқару құжаттары негізінде 2024 жылғы 10 қазанда №5166-23-002/545-8 атқарушылық іс жүргізу қозғалған.

Сот орындаушының 2024 жылғы 11 қазандағы қаулысымен борышкер Б.Худайбергеновтің мүлікке, мүліктік құқықтарға билік ету бойынша жекелеген әрекеттерді жасауға және банктердегі шоттарына тыйым салынған.

2024 жылғы 4 қарашадағы қаулы негізінде атқару құжаты борышкер Б.Худайбергеновтың жұмыс орны бойынша жалақыдан және өзге де табыс түрлерінен өндіру үшін жолданған.

Жоғарыда көрсетілген атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін жауапкер Б.Худайбергенов өзінің атына тіркелген Түркістан қаласы, Арыстан баб, 53 мекенжайда орналасқан тұрғын үйін (бұдан әрі - даулы үй) 2024 жылғы 13 қыркүйектегі сатып алу - сату келісім шарты негізінде (әрі қарай - №1 даулы шарт) анасы Б.Калбаеваға сатқан.

2024 жылғы 28 қазандағы сатып алу - сату келісім шарты негізінде (бұдан әрі - №2 даулы шарт) өзінің танысы К.Зулпукароваға сатқан.

Даулы шарттардың мазмұнына сәйкес, сатылған тұрғын үй құны тараптармен 1 000 000 теңгеге бағаланған.

Бірінші сатыдағы сот жауапкер Б.Худайбергеновпен ортақ үлестегі даулы тұрғын үйді Б.Калбаеваға құқықтық салдарлар туғызу ниетінсіз және заңды күшіне енген сот актілерін орындаудан жалтару мақсатында жасағанын, жауапкер К.Зулпукарова мүлік даулы екенін, жауапкерлер Б.Худайбергенов пен Б.Калбаева құқықтық салдарлар туғызу ниетінсіз, заңды күшіне енген сот актілерін орындаудан жалтару мақсатында жасалғанын білуі тиіс болғанын ескеріп, мәмілелерді жарамсыз деп тану жайлы талап қоюды қанағаттандыру туралы дұрыс тұжырым жасаған. Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот АКнің 951-бабының 4-тармағы негізінде моральдық зиян өтемін өндіру туралы талап қою бөлігін қанағаттандырусыз қалдырған. Бұл сот шешімімен апелляциялық сатыдағы сот келіскен.

Кассациялық сатыдағы сот жауапкер Б.Худайбергеновтің осы іс бойынша сот шешімі қабылданғаннан кейін талап қоюшы Г.Акмурзаеваға

төлемдер жасағаны туралы төлем тапсырмалары назарға алуға жатпайды, себебі АПК-нің 451-бабының 4-бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы сот сот актілерінде көрсетілмеген не ол жоққа шығармаған мән-жайларды белгілеуге немесе дәлелденген деп есептеуге құқылы емес.

Жауапкердің дау айтылған сот актілерінің күшін жою үшін келтірген басқа уәждері де негізсіз, себебі соттармен материалдық және процестік құқықтық нормалары дұрыс қолданылып, іс бойынша жиналған барлық дәлелдерге тиісті баға берілген. Сондықтан сот актілер күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 шілдедегі қаулысы күшінде, жауапкер Б.Худайбергеновтің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев Судьялар А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.