Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Чаcтное определение от 19.05.2026 по делу 6003-25-00-2к/5252 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/5252

ЖЕКЕ ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 19 мамыр

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор Р.Казмуханбетовтың, аудармашы Е.А.Төкештің, талап қоюшының өкілі Р.С.Жумабаевтің, жауапкердің өкілі Ю.Н.Абжанованың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Абай облысының Жер ресурстарын басқару Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «Абай облысы Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «МонтажКапиталСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – ЖШС, Серіктестік) мәмілені жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкер «МонтажКапиталСтрой» ЖШС-нің Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 1 шілдедегі шешіміне және Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап

АНЫҚТАДЫ :

Департамент жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 1 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, «Абай облысы Аягоз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен ЖШС-нің арасында жасалған 2023 жылғы 14 қарашадағы №1068 жер учаскесін жалға беру туралы және 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №1153 жер учаскесін жалға беру туралы шарттары жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2026 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен төменгі сатыдағы соттардың сот актілері күшінде қалдырылды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2023 жылғы 15 қыркүйекте Жер қатынастар бөлімімен «Монтаж Капитал Строй» ЖШС-нің арасында № 1153 жер учаскесін жалға алу туралы шарт 4 жылға жасалған және 2027 жылғы 15 қыркүйекке дейін жарамды.

2023 жылғы 14 қарашада Жер қатынастар бөлімімен «Монтаж Капитал Строй» ЖШС-нің арасында № 1068 жер учаскесін жалға алу туралы шарт жасалған.

Департамент тексерісінің нәтижелері бойынша жер учаскесі ұсынылғанда жер заңнамасының нормаларының бұзылуы анықталған, атап айтқанда, әкім жер учаскесін жауапкерге сауда-саттық (аукцион) өткізбестен ұсынған, жер

учаскесінің нысаналы мақсаты егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына сәйкес емес, яғни Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 48 және 109-баптарының нормалары бұзылғаны анықталған.

Бірінші сатыдағы сот шешім қабылдаған кезде аталған мән-жайларды негізге алып, Департамент жүргізген 2024 жылғы 17 мамырдағы №62/71 тексеру дауланбағанын және күші жойылмағанын назарға алған.

Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жер учаскелері басқару ұйымдары мен мекемелері, банктер, іскер және қоғамдық ұйымдар, байланыс мекемелері аймағына жататындығына қарамастан, жауапкерге жер учаскесін беру кезінде жер комиссиясының оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде жер учаскесі берілгенін ескерген.

Осылайша, жер учаскесін жалға беру туралы шарттарын жасалғанда Жер кодексінің 48 және 109-баптарының талаптары бұзылған, демек саудасаттықсыз жер учаскесін бергені және жер телімдерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын бұзғаны өз дәлелін тапқан.

Аталған заң бұзушылық фактілері Аягөз қаласының әкімі, Абай облысы Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан жер учаскесі табыстау кезінде жер заңнамасының талаптары сақталынбағанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 270-бабының 1-бөлігіне сәйкес заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

Осыған орай аталған азаматтық іс бойынша мемлекеттік мекеменің өкілдерінің ұқыптылығын арттыру үшін және заң бұзушылық фактісі бойынша шара қабылдау үшін Абай облысының прокурорына жеке ұйғарым жіберілуге жатады.

АПК-нің 268, 269, 270, 430-баптарын басшылыққа алып, сот

ҰЙҒАРДЫ:

Талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының Жер ресурстарын басқару Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «Абай облысы Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «МонтажКапиталСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы жөніндегі азаматтық істі қарау кезінде Аягөз қаласының әкімінің тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар туралы Абай облысының прокурорының назарына жеткізілсін.

Қолданған шаралар туралы 1 ай мерзімде Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотына хабарлансын.

Төрағалық етуші, судья: Ж.К. Рустембеков

Судьялар: А.О.Тогумбетова Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.