ВС РК - Постановление от 12.06.2025 по делу 6001-25-00-6ап/292 (Административное)

№6001-25-00-6ап/292

2025 жылғы 12 маусым Астана қаласы

Қ А У Л Ы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының прокуроры

Н.А.Молдахановтың қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы жеке кәсіпкер Утепбергенова Магрипа Муратовнаның жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент), «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, конкурс қорытындылары туралы хаттамалардың күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 қазандағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысына мүдделі тұлға жеке кәсіпкер Г.Махамбетованың өкілі Б.К.Сералиевтің келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 қазандағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.

Департаменттің 2024 жылғы 26 шілдедегі №431010000-КпОПО-32302234 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылған; Басқарманың 2024 жылғы 4 шілдедегі және 2024 жылғы 31 шілдедегі №12483743-1, 2024 жылғы 10 шілдедегі №12483382-1 конкурс қорытындылары туралы хаттамалары заңсыз деп танылып, күштері жойылған;

2024 жылғы 12 тамызда жасалған №7, 2024 жылғы 23 тамызда жасалған №46 қызмет көрсету туралы шарттары жарамсыз деп танылған. Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған. Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Мүдделі тұлға кассациялық шағымында іс бойынша соттар шешім қабылдағанда материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

2025 жылғы 29 сәуірінде «Сот кабинеті» порталы арқылы мүдделі тұлға «Г.Махамбетова» жеке кәсіпкердің өкілі Б.К.Сералиевтен кассациялық шағымды кері қайтару туралы өтініш түсті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 435-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өтiнiшхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы. АПК-нің 442-бабының бірінші бөлігі 4) тармақшасына сәйкес өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса, өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қайтарылуға жатады.

Осыған орай кассациялық шағым оны берген тұлғаға қайтарылуға жатады.

АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінің 4) тармақшасын басшылыққа алып,

судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 қазандағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысына мүдделі тұлға жеке кәсіпкер Г.Махамбетованың өкілі Б.К.Сералиевтің кассациялық шағымы кері қайтарылсын.

Жеке кәсіпкер Гульшат Амангельдиевна Махамбетовамен кассациялық шағым берген кезде төленген 2216 (екі мың екі жүз он алты) теңге баж салығы қайтарылсын.

Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.

Төрағалық етуші Судьялар Көшірмесі дұрыс.

С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова Судья

Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.